Атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 мамырдағы № 609 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 628 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 628 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуірдегі Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2012 жылғы 14 мамырдағы
№ 609 қаулысымен   
бекітілген     

Атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін
персоналға қойылатын біліктілік талаптары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптары "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуірдегі Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасында атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын анықтайды.

2. Біліктілік талаптар

      2. Атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персонал үш негізгі санатқа бөлінеді: мамандар, техниктер және жұмысшылар.
      3. Мамандар санаты жоғары буын басшылары; аға басшылар (бөлімдер мен секторлардың бастықтары); кіші буын басшылары (аға операторлар, техникалық қызмет көрсету және техникалық қолдау топтарының бастықтары (және олардың орынбасарлары) сияқты басшы лауазымдардағы персоналдан; атом энергиясын пайдалану объектілерін пайдаланумен байланысты қызметпен айналысатын инженерлік және (немесе) ғылыми персоналдан тұрады.
      4. Техниктер санаты бақылау-өлшеу құралдарының техниктерінен, радиациялық бақылау техниктерінен, химиялық зертхана техниктерінен, техник-механиктерден, техник-электриктерден және электрондық аппаратура техниктерінен, сондай-ақ атом энергиясын пайдалану объектілерін пайдаланумен байланысты қызметпен тікелей айналысатын өзге де мамандандырылған персоналдан тұрады.
      5. Жұмысшылар санаты дәнекерлеушілерден, слесарьлардан, механиктерден, электриктерден, шахтерлерден, механизмдердің операторларынан және басқа атом энергиясын пайдалану объектіде жұмыс істейтін басқа да білікті жұмысшылар персоналдан тұрады.

2.1. Мамандарға қойылатын біліктілік талаптары

      6. Атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін мамандар мынадай біліктілік талаптарына сәйкес және:
      1) инженерлік немесе тиісті пәндер саласында (физика, ядролық ғылым және техника) тиісті дипломмен расталған жоғары техникалық білімі;
      2) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес атом энергиясын пайдалану объектілерінде құжат түрінде расталған кемінде бес жыл жұмыс стажы;
      3) тиісті лауазымның қызметтік міндеттеріне сәйкес дайындығын және біліктілігін растайтын сертификаттар мен куәліктер;
      4) жұмыс рұқсатына медициналық қарсы көрсетілімдердің жоқтығын растайтын құжаттар (№ 086/У нысаны бойынша медициналық анықтама) болуы тиіс.

2.2. Техниктерге қойылатын біліктілік талаптары

      7. Атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін техниктер мынадай қажетті біліктілік талаптарына сәйкес және:
      1) тиісті дипломмен расталған инженерлік пәндер бойынша жоғары немесе орта арнайы білімі;
      2) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес функционалдық және лауазымдық міндеттерге сәйкес құжат түрінде расталған кемінде екі жыл жұмыс стажы;
      3) техникалық даярлығын және жұмыс істейтін қызмет саласы үшін базалық болып табылатын (физика, химия, математика, термодинамика және т.б.) ғылым мен техника бөлімдерінің білімін растайтын сертификаттар, куәліктер;
      4) ауызша, жазбаша және техникалық ақпаратпен алмастыру дағдылары, сондай-ақ ядролық техника саласындағы және өз қызметі жүзеге асырылатын нақты қондырғының құрылғысы бойынша пайдаланушы ұйым өткізетін емтиханның нәтижелерімен расталған радиациялық қорғау және бақылау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы қорғау жөніндегі білімі;
      5) жұмыс рұқсатына медициналық қарсы көрсетілімдердің жоқтығын растайтын құжаттар (№ 086/У нысаны бойынша медициналық анықтама);
      6) пайдаланушы ұйым өткізетін емтиханның нәтижелерімен расталған функционалдық міндеттерге сәйкес міндеттерді немесе жұмыстарды орындау үшін алғашқы кәсіби даярлығы болуы тиіс.

2.3. Жұмысшыларға қойылатын біліктілік талаптары

      8. Атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін жұмысшылар мынадай біліктілік талаптарына сәйкес және:
      1) тиісті дипломмен расталған жалпы техникалық пәндер бойынша, физика саласындағы пәндер бойынша жоғары немесе орта арнайы білімі;
      2) мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс стажы;
      3) жұмыс рұқсатына медициналық қарсы көрсетілімдердің жоқтығын растайтын құжаттар (№ 086/У нысаны бойынша медициналық анықтама);
      4) пайдаланушы ұйым өткізетін емтиханның нәтижелерімен расталған функционалдық міндеттерге сәйкес міндеттерді немесе жұмыстарды орындау үшін алғашқы кәсіби даярлығы болуы тиіс.

Об утверждении квалификационных требований к персоналу, занятому на объектах использования атомной энергии

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 мая 2012 года № 609. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 10 августа 2015 года № 628

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 10.08.2015 № 628 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ Министра энергетики РК от 12.02.2015 г. № 81.
 

       ПРЕСС-РЕЛИЗ

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие см. п. 2

      В соответствии со статьей 5 Закона Республики Казахстан от 23 апреля 1998 года «О радиационной безопасности населения» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые квалификационные требования к персоналу, занятому на объектах использования атомной энергии.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены          
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 14 мая 2012 года № 609

Квалификационные требования
к персоналу, занятому на объектах использования атомной энергии

1. Общее положение

      1. Настоящие квалификационные требования к персоналу, занятому на объектах использования атомной энергии, разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 апреля 1998 года «О радиационной безопасности населения» и определяют квалификационные требования к персоналу, занятому на объектах использования атомной энергии в Республике Казахстан.

2. Квалификационные требования

      2. Персонал, занятый на объектах использования атомной энергии, подразделяется на три основные категории: специалисты, техники и рабочие.
      3. Категория специалистов включает персонал, занимающий руководящие должности, такие как руководители высшего звена; старшие руководители (начальники отделов и секторов); руководители младшего звена (старшие операторы, начальники (и их заместители) групп технического обслуживания и технической поддержки); инженерный и (или) научный персонал, занятый в деятельности, связанной с эксплуатацией объектов использования атомной энергии.
      4. Категория техников включает техников контрольно-измерительной аппаратуры, техников радиационного контроля, техников химической лаборатории, техников-механиков, техников-электриков и техников электронной аппаратуры, а также иной специализированный персонал, непосредственно занятый в деятельности, связанной с эксплуатацией объектов использования атомной энергии.
      5. Категория рабочих включает сварщиков, слесарей, механиков, электриков, шахтеров, операторов механизмов и другой квалифицированный рабочий персонал, занятый на объектах использования атомной энергии.

2.1. Квалификационные требования к специалистам

      6. Специалисты, занятые на объектах использования атомной энергии, должны соответствовать следующим квалификационным требованиям и иметь:
      1) высшее техническое образование в области инженерных или соответствующих дисциплин (физики, ядерной науки и техники), подтверждаемое соответствующим дипломом;
      2) стаж работы не менее пяти лет на объектах использования атомной энергии, подтверждаемый документально, в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан;
      3) сертификаты, свидетельства, удостоверения, подтверждающие квалификацию и прохождение соответствующей функциональным обязанностям должности подготовки;
      4) документы, подтверждающие отсутствие медицинских противопоказаний к допуску на работу (справка по форме № 086/У).

2.2. Квалификационные требования к техникам

      7. Техники, занятые на объектах использования атомной энергии, должны соответствовать следующим квалификационным требованиям и иметь:
      1) высшее или среднеспециальное образование по инженерным дисциплинам, подтвержденное соответствующим дипломом;
      2) не менее двух лет стажа в соответствии с выполняемыми функциональными и должностными обязанностями, подтвержденного документально, в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан;
      3) сертификаты, удостоверения, свидетельства, подтверждающие техническую подготовку и знание разделов науки и техники, являющихся базовыми для той сферы деятельности, в которой они заняты (физика, химия, математика, термодинамика и т.д.);
      4) навыки устного, письменного и технического обмена информацией, а также знания в области ядерной техники и по устройству конкретной установки, на которой осуществляется их деятельность, по радиационной защите и контролю, технике безопасности и противопожарной защите, подтвержденные результатами экзамена, проводимого эксплуатирующей организацией;
      5) документы, подтверждающие отсутствие медицинских противопоказаний к допуску на работу (справка по форме № 086/У);
      6) первичную профессиональную подготовку для выполнения задач или работ в соответствии с функциональными обязанностями, подтвержденную результатами экзамена, проводимого эксплуатирующей организацией.

2.3. Квалификационные требования к рабочим

      8. Рабочие, занятые на объектах использования атомной энергии должны соответствовать следующим квалификационным требованиям и иметь:
      1) высшее или среднеспециальное образование по общетехническим дисциплинам, дисциплинам в области физики, подтвержденное соответствующим дипломом;
      2) стаж работы по специальности не менее двух лет;
      3) документы, подтверждающие отсутствие медицинских противопоказаний к допуску на работу (справка по форме № 086/У);
      4) первичную профессиональную подготовку для выполнения задач или работ в соответствии с функциональными обязанностями, подтвержденную результатами экзамена, проводимого эксплуатирующей организацией.