Азаматтарды жалпыға бiрдей әскери оқыту бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 650 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 сәуірдегі № 260 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.04.2016 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 196 бұйрығын қараңыз.


      «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Азаматтарды жалпыға бiрдей әскери оқыту бағдарламасы бекітілсін.
      2. «Азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқыту бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 мамырдағы № 381 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 17, 161-құжат).
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 21 мамырдағы
№ 650 қаулысымен  
бекітілген     

Азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқыту бағдарламасы

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының азаматтарын жалпыға бірдей әскери оқыту бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 1 және 14-баптарына сәйкес әзірленді.
      2. Азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқытудың мақсаты халықты азаматтық қорғаныс іс-шараларына тарту және соғыс жағдайы енгізілген кезеңде Қарулы Күштерді жасақтау үшін қажетті контингент даярлау болып табылады.
      3. Азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқыту жөніндегі іс-шараларды бақылауды жергілікті әскери басқару органдары арқылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жүзеге асырады.
      4. Қазақстан Республикасында азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқытуға мыналар тартылады:
      1) он алты жастан бастап қоса алғанда алпыс жасқа дейінгі ерлер;
      2) сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) және офицерлер құрамдарының балалары жоқ немесе балалары он жастан асқан, он сегіз жастан бастап қоса алғанда қырық бес жасқа дейінгі әйелдер.
      5. Азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқытуға 25 оқу сағаты бөлінеді.
      6. Азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқыту бойынша сабақтар өткізуге арналған оқыту пункттері азаматтардың жұмыс, оқу орны және тұрғылықты жері бойынша құрылады.

2. Азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқыту бағдарламасы

Р/с №

Тақырыптың атауы

Уақыты

Өткізу нысаны

1

2

3

4

1. Кіріспе

1.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі. Соғыс жағдайы енгізілген кезеңдегі әлемдегі әскери-саяси ахуал

1 сағат

Дәріс

2. Азаматтық қорғаныс

2.

Қазіргі заманғы зақымдау құралдары. Төтенше жағдайларда халықты қорғау жөніндегі негізгі іс-шаралар. Жеке және ұжымдық қорғау құралдары

1 сағат

Дәріс

3.

Инфекциялық аурулардың негізгі топтарының және бактериологиялық (биологиялық) зақымдау ошақтарының сипаттамасы. Карантин және обсервация туралы түсінік

1 сағат

Дәріс

4.

Жаралану, жарақаттану кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету. Таңудың, қан кетуді тоқтатудың құралдары мен тәсілдері

2 сағат

Практикалық сабақ

5.

Жеке қорғау құралдары. Олардың жіктелуі

2 сағат

Практикалық сабақ

3. Тактикалық даярлық

6.

Жауынгерлік іс-қимылдарды ұйымдастыру негіздері. Ұрыста оқ ату. Оқ ату жүйесі

1 сағат

Дәріс

7.

Сарбаздың ұрыстағы іс-қимылдары. Сарбаз шабуылда

1 сағат

Дәріс

8.

Сарбаз қорғаныста. Бөлімше қорғаныста

1 сағат

Дәріс

4. Оқ ату даярлығы

9.

Атыс қаруының материалдық бөлігі (АК, ПМ, РПГ). Автоматты (оқшашарды) бөлшектеу және жинау

2 сағат

Практикалық сабақ

10.

Жарықшақты қол гранаталарының материалдық бөлігі

1 сағат

Практикалық сабақ

11.

Атыстың негіздері мен қағидалары

1 сағат

Дәріс

12.

Жылжымайтын нысаналар бойынша орнынан оқ ату

4 сағат

Практикалық сабақ

5. Инженерлік даярлық

13.

Бекіністі инженерлік жабдықтау және бүркемелеу

1 сағат

Дәріс

14.

Автоматтан, оқшашардан және гранататқыштан атуға арналған жеке және екі адамдық окоптарды жабдықтау

2 сағат

Практикалық сабақ

6. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары

15.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары туралы түсінік. Әскери ұжымның өмірі мен қызметіндегі жалпыәскери жарғылардың мәні. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері

1 сағат

Дәріс

16.

Әскери атақтар, айырым белгілері. Ротаның тәуліктік нарядының тағайындалуы, құрамы және қару-жарағы. Тәуліктік нарядтың міндеттері

1 сағат

Дәріс

7. Әскери топография

17.

Жергілікті жерлерде картасыз бағдар алу және азимут бойынша жылжу

2 сағат

Практикалық сабақ


Барлығы:

25 сағат


Об утверждении Программы всеобщего военного обучения граждан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2012 года № 650. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 апреля 2016 года № 260

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 30.04.2016 № 260 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ Министра обороны РК от 15.04.2015 г. № 196.


      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 февраля 2012 года «О воинской службе и статусе военнослужащих» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемую Программу всеобщего военного обучения граждан.
      2. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 11 мая 2006 года № 381 «Об утверждении Программы всеобщего военного обучения граждан» (САПП Республики Казахстан, 2006 г., № 17, ст. 161).
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждена        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 21 мая 2012 года № 650

Программа
      всеобщего военного обучения граждан

1. Общие положения

      1. Программа всеобщего военного обучения граждан Республики Казахстан (далее - Программа) разработана в соответствии со статьями 1 и 14 Закона Республики Казахстан от 16 февраля 2012 года «О воинской службе и статусе военнослужащих».
      2. Целью всеобщего военного обучения граждан являются привлечение населения к мероприятиям гражданской обороны и подготовка необходимого контингента для комплектования Вооруженных Сил в период введения военного положения.
      3. Контроль за мероприятиями по всеобщему военному обучению граждан осуществляется Министерством обороны Республики Казахстан через местные органы военного управления.
      4. К всеобщему военному обучению граждан в Республике Казахстан привлекаются:
      1) мужчины – в возрасте от шестнадцати до шестидесяти лет включительно;
      2) женщины, составов солдат (матросов), сержантов (старшин) и офицеров, не имеющие детей или имеющие детей старше десяти лет, – в возрасте от восемнадцати до сорока пяти лет включительно.
      5. Всеобщему военному обучению граждан отводится 25 учебных часов.
      6. Учебные пункты для проведения занятий по всеобщему военному обучению граждан создаются по месту работы, учебы и жительства граждан.

2. Программа всеобщего военного обучения граждан 

№ п/п

Наименование тематики

Время

Форма проведения

1

2

3

4

1. Вводная

1.

Государственное устройство
Республики Казахстан. Роль
Вооруженных Сил Республики
Казахстан в обеспечении
национальной безопасности.
Военно-политическая
обстановка в мире на период
введения военного положения

1 час

Лекция

2. Гражданская оборона

2.

Современные средства
поражения. Основные
мероприятия по защите
населения в чрезвычайных
ситуациях. Индивидуальные и
коллективные средства защиты

1 час

Лекция

3.

Характеристика основных групп
инфекционных болезней и
очагов бактериологического
(биологического) поражения.
Понятие о карантине и
обсервации

1 час

Лекция

4.

Оказание первой медицинской
помощи при ранениях, травмах.
Средства и способы наложения
повязок, остановки
кровотечения

2 часа

Практическое занятие

5.

Средства индивидуальной
защиты. Их классификация

2 часа

Практическое занятие

3. Тактическая подготовка

6.

Основы организации боевых
действий. Огонь в бою.
Система огня

1 час

Лекция

7.

Действия солдат в бою.
Солдат в наступлении

1 час

Лекция

8.

Солдат в обороне. Отделение в
обороне

1 час

Лекция

4. Огневая подготовка

9.

Материальная часть
стрелкового оружия (АК, ПМ,
РПГ). Разборка и сборка
автомата (пулемета)

2 часа

Практическое занятие

10.

Материальная часть ручных
осколочных гранат

1 час

Практическое занятие

11.

Основы и правила стрельбы

1 час

Лекция

12.

Ведение огня с места по
неподвижным целям

4 часа

Практическое занятие

5. Инженерная подготовка

13.

Инженерное оборудование и
маскировка позиций

1 час

Лекция

14.

Оборудование одиночных и
парных окопов для стрельбы из
автомата, пулемета и
гранатомета

2 часа

Практическое занятие

6. Общевоинские уставы Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований Республики Казахстан

15.

Понятие о общевоинских
уставах Вооруженных Сил,
других войск и воинских
формирований Республики
Казахстан. Значение
общевоинских уставов в жизни
и деятельности воинского
коллектива. Общие обязанности
военнослужащих

1 час

Лекция

16.

Воинские звания, знаки
различия. Назначение, состав
и вооружение суточного наряда
роты. Обязанности суточного
наряда

1 час

Лекция

7. Военная топография

17.

Ориентирование на местности
без карты и движение по
азимуту

2 часа

Практическое занятие


Всего:

25 часов