Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 679 Қаулысы

      «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2012 жылғы 25 мамырдағы 
№ 679 қаулысымен   
бекітілген      

Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін
басқару жүйелерін субсидиялау
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Ауыл шаруашылығы кешенін және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі, «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы заңдарына сәйкес әзірленген және халықаралық стандартты (стандарттарды) енгізу және оның (олардың) сәйкестігін сертификаттау бойынша агроөнеркәсіптік кешені кәсіпорындарының шығындарын субсидиялау тәртібін белгілейді.
      2. Субсидиялау 051 «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» республикалық бюджеттік бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) бойынша 2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет қаражаты (бұдан әрі - қаражат) есебінен жүзеге асырылады.
      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) бағдарламаның әкімшісі – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
      2) бағдарламаға қатысушы – бағдарламаны іске асыруға қатысатын агроөнеркәсіптік кешен субъектілері;
      3) ИСО (ағыл. ISO – International Standard for Organization) халықаралық стандарты – стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың дүниежүзілік федерациясы әзірлеген және қабылдаған стандарт;
      4) сәйкестікті растау жөніндегі орган – сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;
      5) тартылған консультант – халықаралық стандартты (стандарттарды) енгізу жөніндегі консалтингтік (консультациялық) қызметтерді жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға;
      6) халықаралық стандарт – стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың қалың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт;
      7) ХАССП (ағылш. HACCP – Hazard Analysis and Critical Control Points) – тәуекелдерді және сыни бақылау нүктелерін талдау үшін әзірленген және қабылданған халықаралық стандарт.

2. Субсидияларды ұсыну шарттары

      4. Субсидиялар ИСО 9001, ИСО 22000 және ХАССП бір немесе бірнеше халықаралық стандарттарды енгізгені және олардың сәйкестігіне сертификаттағаны үшін Қазақстан Республикасының резиденті (заңды тұлғалар үшін) немесе Қазақстан Республикасының азаматтары (жеке тұлғалар үшін) болып табылатын бағдарламаға қатысушыларға төленеді.
      5. Республикалық бюджеттен төленетін қаражат сомасы халықаралық стандартты (халықаралық стандарттарды) енгізу және оның (олардың) сәйкестігін сертификаттау жөніндегі жобаның бүкіл құнынан бағдарламаға қатысушы шығынының 50 %-ынан аспайды.
      Егер бағдарламаға барлық қатысушылардың субсидиялауға жататын шығындарының сомасы бөлінген қаражат сомасынан асып түскен жағдайда, онда қаражат бағдарламаға қатысушылардың барлығының шығындарының жалпы сомасындағы бағдарламаға қатысушы шығынының үлесіне пропорционалды бөлінеді.
      6. Субсидияларды төлеу тиісті жылы енгізген халықаралық стандарттар үшін жүзеге асырылады. Бұл ретте енгізу мен сертификаттау тиісті жылдың 30 қарашасына дейін аяқталуы тиіс.
      7. Субсидиялар алу үшін бағдарламаға қатысушы бағдарламаның әкімшісіне мынадай растайтын құжаттарды ұсынады:
      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықаралық стандартты (халықаралық стандарттарды) енгізу және оның (олардың) сәйкестігін сертификаттау жөніндегі бағдарламаға қатысушының шығындарын субсидиялауға арналған өтінім;
      2) заңды тұлғалар үшін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктердің нотариалды расталған көшірмелері немесе жеке тұлғалар үшін дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмелері немесе салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсынған кезде олардың нотариалды расталған көшірмелері;
      3) бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға немесе дара кәсіпкер үшін бизнес-сәйкестендіру нөмірінің нотариалды расталған көшірмесі немесе жеке тұлға, оның ішінде өзіндік кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін жеке сәйкестендіру нөмірі не салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсынған кезде олардың нотариалды расталған көшірмелері;
      4) бағдарламаға қатысушы мен сәйкестікті растау жөніндегі орган арасындағы сертификаттауды жүргізу туралы шарттың түпнұсқасы, не салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсынған кезде олардың көшірмелері не оның нотариалды расталған көшірмелері;
      5) бағдарламаға қатысушы мен тартылған консультант арасында жасалған шарттың түпнұсқасы не салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсынған кезде олардың нотариалды расталған көшірмелері не оның нотариалды расталған көшірмелері;
      6) тартылған консультант (консультантты тартқан жағдайда) пен бағдарламаға қатысушы қол қойған, орындалған жұмыстар (бухгалтерлік) актісінің (актілерінің) түпнұсқасы не салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсынған кезде оның (олардың) көшірмелерін, не оның (олардың) нотариалды расталған көшірмелері;
      7) сәйкестікті растау жөніндегі орган мен бағдарламаға қатысушы қол қойған сертификаттау жөніндегі орындалған жұмыстар (бухгалтерлік) актісінің (актілерінің) түпнұсқасы, не салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқасын мiндеттi түрде ұсынған кезде оның (олардың) көшірмелері, не оның (олардың) нотариалды расталған көшірмелері;
      8) тартылған консультант (консультантты тартқан жағдайда) пен сәйкестікті растау жөніндегі органның қызметтеріне бағдарламаға қатысушының ақы төлегені туралы төлем тапсырмалары мен шот-фактуралардың бағдарламаға қатысушының мөрі мен қолы қойылған көшірмелері, не қызметтерге ақы төленгенін растайтын өзге де құжаттардың көшірмелері;
      9) сәйкестік сертификатының (сертификаттарының) салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасын міндетті түрде ұсынған кезде көшірмелері, не оның (олардың) нотариалды расталған көшірмелері.
      8. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттарды бағдарламаға әлеуетті қатысушы бағдарлама әкімшісіне, тиісті жылдың 1 желтоқсаннына дейін ұсынады. Бұл ретте, бағдарлмаға әлеуетті қатысушы жетпеген құжаттарды көрсетілген мерзім өткенге дейін ұсынуға құқылы.

3. Құжаттарды қарау, бағдарламаға қатысушыларды анықтау жөніндегі
комиссияны құру

      9. Құжаттарды қарау, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін бағдарламаға қатысушыларды анықтау және субсидияларды бөлу үшін бағдарламаның әкімшісі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады, оның құрамында комиссияның төрағасы, мүшелері мен хатшысы болады.
      10. Комиссия құрамы бағдарлама әкімшісінің жауапты хатшысының бұйрығымен бекітіледі.
      Комиссия төрағасы атқаратын лауазым бағдарлама әкімшісінің департамент директоры деңгейінен, ал Комиссия мүшелерінің лауазымдары бас сарапшы деңгейінен төмен болмауы тиіс.
      Комиссия құрамына бюджеттік бағдарлама әкімшісінің мүдделі құрылымдық бөлімшілерінің өкілдері кіреді, бұл ретте Комиссияның сандық құрамы тақ және кемінде бес адам болуы тиіс. Комиссия хатшысы Комиссия мүшесі болып табылмайды.

4. Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйесін субсидиялау
тәртібі

      11. Бағдарлама әкімшісі осы Қағидалар бекітілген күннен бастап он күн ішінде бағдарламаның іске асырылу шарттарын бағдарламаға әлеуетті қатысушыларға барлық қол жетімді тәсілдермен жеткізеді: ақпаратты бағдарлама әкімшісінің интернет-сайтында орналастырады, ақпаратты жергілікті атқарушы органдарға, салалық қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ консалтингілік компанияларға жібереді.
      12. Комиссия құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде бағдарламаға қатысушылардың өтінімдерін олардың толықтығы мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды. Комиссия отырысында ұсынылған құжаттарды қарау және өтінімдерді бағалау хаттамасы (бұдан әрі – Комиссия отырысының хаттамасы) жүргізіледі. Комиссия қабылдаған шешімдер Комиссия отырысының хаттамасында көрсетілуге тиіс, онда бағдарламаға әлеуетті қатысушылардың атауы, орналасқан жері, субсидиялар көлемі, сондай-ақ өтінімдердің қабылданбау себептері көрсетіле отырып, белгіленген талаптарға сай келмейтін бағдарлама қатысушылардың атауы көрсетіледі.
      13. Осы Қағидалардың талаптарына толығымен сәйкес келетін бағдарламаға әлеуетті қатысушылар Комиссияның шешімімен бағдарламаға қатысушылар болып белгіленеді.
      14. Белгіленген талаптарға сай келмейтін болып танылған бағдарламаға әлеуетті қатысушыларға өтінімдерінің қабылданбау себептері көрсетіле отырып, Комиссия отырысының хаттамасы жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде дәйекті жауап ұсынылады.
      15. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Комиссия отырысының хаттамасы негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада субсидиялар төлеу ведомосін қалыптастырады.
      16. Бағдарламаға қатысушыларға субсидиялар төлеу үшін бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық бөлімшелеріне екі данада төлеуге арналған шоттардың тізілімін және төлеуге арналған шотты ұсынады.

Ауыл шаруашылығы өнімдері
өндірісін басқару жүйелерін
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша         

Халықаралық стандартты (стандарттарды) енгізу және
оның (олардың) сәйкестігіне сертификаттау жөніндегі бағдарламаға
қатысушының шығындарын субсидиялауға арналған
ӨТІНІМ

Күні 2012 ж. ____ __________

      Осымен бағдарламаға қатысушы _______________________________ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен 051 «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша тапсырыс берушінің (банк атауы) № ________ шотына республикалық бюджеттен ____________теңге сомасында қаражат аударуды сұрайды.

_____________________ м.о. _________________________________
(кәсіпорынның атауы)         (бірінші басшының қолы мен Т.А.Ә.)

      Өтінімге жауапты _________________
                      (өтінім жасауға жауапты тұлғаның Т.А.Ә.)

      Телефон: ________________

Ауыл шаруашылығы өнімдері
өндірісін басқару жүйелерін
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша         

«Бекітемін»           
Қазақстан Республикасы     
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
жауапты хатшысы        
______________________________ 
2012 жылғы «___» _________ №____

051 «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін
субсидиялау» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша
субсидиялар төлеуге арналған ведомость

Р/с№

Тапсырыс берушінің атауы

Субсидиялауға арналған шарттың № және күні

Барлық сомаға қызметтер көрсетілді (теңге)

Оның ішінде

Төлеуге тиіс (теңге)

консультациялық

сертификаттық








Төлеуге тиіс сома __________________________________________________________теңге
                           (цифрмен, жазбаша)

      Қайта өңдеу және аграрлық азық-түлік нарығы
      департаментінің директоры ____________________________________

Об утверждении Правил субсидирования систем управления производством сельскохозяйственной продукции

Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 мая 2012 года № 679

      Примечание РЦПИ!
      Вводится в действие с 1 января 2012 года.

      В целях реализации Закона Республики Казахстан от 24 ноября 2011 года «О республиканском бюджете на 2012–2014 годы» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила субсидирования систем управления производством сельскохозяйственной продукции.
      2. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2012 года и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены          
постановлением Правительства
Республики Казахстан    
от 25 мая 2012 года № 679   

Правила
субсидирования систем управления
производством сельскохозяйственной продукции

1. Общие положения 

      1. Настоящие Правила субсидирования систем управления производством сельскохозяйственной продукции (далее – Правила) разработаны в соответствии с законами Республики Казахстан от 8 июля 2005 года «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий», от 24 ноября 2011 года «О республиканском бюджете на 2012–2014 годы» и определяют порядок субсидирования затрат предприятий агропромышленного комплекса по внедрению международного стандарта (международных стандартов) и сертификации на его (их) соответствие.
      2. Субсидирование осуществляется за счет средств республиканского бюджета на 2012–2014 годы (далее - средства) по республиканской бюджетной программе 051 «Субсидирование систем управления производством сельскохозяйственной продукции» (далее – программа).
      3. В настоящих Правилах используются следующие понятия и определения:
      1) администратор программы – Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан;
      2) участник программы – субъекты агропромышленного комплекса, принимающие участие в реализации программы;
      3) международный стандарт ИСО (англ. ISO – International Standard for Organization) – международный стандарт, разработанный и принятый всемирной федерацией национальных организаций по стандартизации;
      4) орган по подтверждению соответствия – юридическое лицо, аккредитованное в установленном порядке для выполнения работ по подтверждению соответствия;
      5) привлеченный консультант – юридическое или физическое лицо, осуществляющее консалтинговые (консультационные) услуги по внедрению международного стандарта (международных стандартов);
      6) международный стандарт – стандарт, принятый международной организацией по стандартизации и доступный широкому кругу потребителей;
      7) ХАССП (англ. HACCP – Hazard Analysis and Critical Control Points) – международный стандарт, разработанный и принятый для анализа рисков и критических контрольных точек.

2. Условия предоставления субсидий 

      4. Субсидии выплачиваются участникам программы, являющимся резидентами Республики Казахстан (для юридических лиц) или гражданами Республики Казахстан (для физических лиц), за внедрение одного или нескольких международных стандартов ИСО 9001, ИСО 22000 и ХАССП сертификации на их соответствие.
      5. Сумма средств, выплачиваемая из республиканского бюджета, составляет не более 50 % затрат участника программы от всей стоимости  проекта по внедрению международного стандарта (международных стандартов) и сертификации на его (их) соответствие.
      В случае, если сумма затрат всех участников программы, подлежащая субсидированию, превышает сумму выделенных средств, то средства распределяются пропорционально доле затрат участника программы в общей сумме затрат всех участников программы.
      6. Выплата субсидий осуществляется за международные стандарты, внедренные в соответствующем году. При этом внедрение и сертификация должны быть завершены до 30 ноября соответствующего года.
      7. Для получения субсидий участник программы представляет администратору программы следующие подтверждающие документы:
      1) заявку на субсидирование затрат участника программы по внедрению международного стандарта (международных стандартов) и сертификации на его (их) соответствие по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам;
      2) нотариально заверенные копии свидетельств о государственной регистрации (перерегистрации) для юридических лиц или нотариально заверенные копии свидетельств о государственной регистрации индивидуального предпринимателя для физических лиц, либо их копии при обязательном предоставлении оригинала документов для сверки;
      3) нотариально засвидетельствованная копия бизнес-идентификационного номера для юридического лица и индивидуального предпринимателя, осуществляющего деятельность в виде совместного предпринимательства, или индивидуальный идентификационный номер для физического лица, в том числе индивидуального предпринимателя, осуществляющего деятельность в виде личного предпринимательства, либо их копии при обязательном предоставлении оригинала документов для сверки;
      4) оригинал договора о проведении сертификации между участником программы и органом по подтверждению соответствия, либо его копия при обязательном предоставлении оригинала документов для сверки, либо его нотариально заверенной копии;
      5) оригинал договора между участником программы и привлеченным консультантом, либо его копии при обязательном предоставлении оригинала документов для сверки, либо его нотариально заверенной копии;
      6) оригинал акта (актов) выполненных работ (бухгалтерские), подписанные привлеченным консультантом (в случае привлечения консультанта) и участником программы, либо его (их) копии при обязательном предоставлении оригинала документов для сверки, либо его (их) нотариально заверенной копии;
      7) оригинал акта (акты) выполненных работ по сертификации (бухгалтерские), подписанного органом по подтверждению соответствия и участником программы, либо его (их) копии при обязательном предоставлении оригинала документов для сверки, либо его (их) нотариально заверенной копии;
      8) копии платежных поручений и счетов-фактур об оплате участником программы услуг привлеченного консультанта (в случае привлечения консультанта) и органа по подтверждению соответствия с печатью и подписью участника программы, либо копии иных документов, подтверждающих оплату услуг;
      9) копии сертификата (сертификатов) соответствия при обязательном предоставлении оригинала документов для сверки, либо его (их) нотариально заверенной копии.
      8. Документы, указанные в пункте 7 настоящих Правил, представляются администратору программы потенциальным участником программы до 1 декабря соответствующего года. При этом, потенциальный участник программы вправе представить недостающие документы до истечения указанного срока.
 

3. Образование комиссии по рассмотрению документов, определению участников программы

      9. Для рассмотрения документов, определения участников программы, соответствующих требованиям настоящих Правил, и распределения субсидий администратор программы образует комиссию в составе председателя, членов и секретаря комиссии (далее – Комиссия).
      10. Состав Комиссии утверждается приказом ответственного секретаря администратора программы.
      Занимаемая должность председателя Комиссии должна быть не ниже уровня директора департамента, а должности членов Комиссии – не ниже главного эксперта администратора программы.  В состав Комиссии входят представители заинтересованных структурных подразделений администратора программы, при этом количественный состав Комиссии должен быть нечетным и не менее пяти человек. Секретарь Комиссии не является членом Комиссии. 

4. Порядок субсидирования систем управления производством сельскохозяйственной продукции 

      11. Администратор программы в течение десяти рабочих дней со дня утверждения настоящих Правил доводит условия реализации программы до потенциальных участников всеми доступными способами: размещает информацию на интернет-сайте администратора программы, направляет информацию в местные исполнительные органы, отраслевые общественные объединения, а также консалтинговые компании.
      12. Комиссия в течение пяти рабочих дней со дня завершения срока принятия документов рассматривает заявки участников программы на предмет их полноты и соответствия требованиям настоящих Правил. На заседании Комиссии ведется протокол рассмотрения представленных документов и оценки заявок (далее – протокол заседания Комиссии). Решения, принятые Комиссией подлежат отражению в протоколе заседания Комиссии, в котором указываются наименование, местонахождение потенциальных участников программы, объемы субсидий, а также наименование участников программы, не отвечающих установленным требованиям, с указанием причин отклонения заявок.
      13. Потенциальные участники программы, полностью соответствующие требованиям настоящих Правил, решением Комиссии определяются участниками программы.
      14. Потенциальным участникам программы, признанным не соответствующими установленным требованиям, в течение пяти рабочих дней со дня составления протокола заседания Комиссии представляется обоснованный ответ с указанием причин отклонения заявки.
      15. Администратор бюджетной программы на основании протокола заседания Комиссии в течение пятнадцати рабочих дней формирует ведомость на выплату субсидий в двух экземплярах по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.
      16. Для выплаты субсидий участникам программы администратор программы представляет в территориальные подразделения Комитета казначейства Министерства финансов Республики Казахстан реестр счетов к оплате и счет к оплате в двух экземплярах. 

Приложение 1         
к Правилам субсидирования  
систем управления производством
сельскохозяйственной продукции

ЗАЯВКА
на субсидирование затрат участника программы по внедрению международного стандарта (международных стандартов) и сертификации на его (их) соответствие

 
Дата «____» __________2012 г.

      Настоящим участник программы ___________________________ просит
Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан перечислить
средства из республиканского бюджета на счет заказчика
№ ____________ в (наименование банка), по республиканской бюджетной
программе 051 «Субсидирование систем управления производством
сельскохозяйственной продукции», в сумме ______________ тенге.

___________________________      _______________________
(наименование предприятия)         м.п. (подпись и Ф.И.О
                                   первого руководителя)

Ответственный за заявку:
________________________________________________________
         (Ф.И.О. ответственного за составление заявки)
Телефон: ____________

Приложение 2       
к Правилам субсидирования  
систем управления производством
сельскохозяйственной продукции

«Утверждаю»          
Ответственный секретарь    
Министерства сельского хозяйства
Республики Казахстан     
___________________________
от «__» ________ 2012 года №___

Ведомость
на выплату субсидий по республиканской бюджетной программе
      051 «Субсидирование систем управления производством сельскохозяйственной продукции»


п/п

Наимено-
вание
заказчика

№ и дата
договора на
субсидиро-
вание

Всего
оказано
слуг на
сумму
(тенге)

В том числе

Подлежит
к оплате
(тенге)

консуль-
тацион-
ных

сертифика-
ционных








Сумма подлежащая к оплате _______________________ тенге.
                            (цифрами, прописью)

Директор департамента переработки
и агропродовольственных рынков         ________________