Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің "Инфекцияға қарсы препараттар орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 706 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің "Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – қоғам) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қоғам қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау саласындағы ғылыми және өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) қоғам жарғысын бекітуді;

      2) Қазақстан Республикасының әділет органдарында қоғамның мемлекеттік тіркелуін;

      3) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне беруді;

      4) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 мамырдағы
№ 706 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      2. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердің тiзбесiнде:

      "Алматы қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-140-жолмен толықтырылсын:

      "123-140. "Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы" АҚ".

      3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінiң Өнеркәсіп комитетіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 291-4-жолмен толықтырылсын:

      "291-4. "Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы" акционерлік қоғамы".

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2022 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

О реорганизации Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Научный центр противоинфекционных препаратов" Комитета промышленности Министерства индустрии и новых технологий Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 мая 2012 года № 706.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Реорганизовать Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Научный центр противоинфекционных препаратов" Комитета промышленности Министерства индустрии и новых технологий Республики Казахстан путем преобразования в акционерное общество "Научный центр противоинфекционных препаратов" (далее – общество) со стопроцентным участием государства в уставном капитале.

      2. Определить основным предметом деятельности общества осуществление научной и производственно-хозяйственной деятельности в области здравоохранения.

      3. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан совместно с Комитетом промышленности Министерства индустрии и новых технологий Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) утверждение устава общества;

      2) государственную регистрацию общества в органах юстиции Республики Казахстан;

      3) передачу прав владения и пользования государственным пакетом акций общества Комитету промышленности Министерства индустрии и новых технологий Республики Казахстан;

      4) принятие иных мер по реализации настоящего постановления.

      4. Утвердить прилагаемые изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 31 мая 2012 года № 706

Изменения и дополнения,
которые вносятся в некоторые решения
Правительства Республики Казахстан

      1. Утратил силу постановлением Правительства РК от 05.08.2013 № 796.

      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 1999 года № 405 "О видах государственной собственности на государственные пакеты акций и государственные доли участия в организациях" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., № 13, ст. 124):

      в перечне акционерных обществ и хозяйственных товариществ, государственные пакеты акций и доли которых отнесены к республиканской собственности, утвержденном указанным постановлением:

      раздел "город Алматы" дополнить строкой, порядковый номер 123-140, следующего содержания:

      "123-140. АО "Научный центр противоинфекционных препаратов".

      3. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года № 659 "О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности":

      в перечне государственных пакетов акций и государственных долей участия в организациях республиканской собственности, право владения и пользования которыми передается отраслевым министерствам и иным государственным органам:

      раздел "Комитету промышленности Министерства индустрии и новых технологий Республики Казахстан" дополнить строкой, порядковый номер 291-4, следующего содержания:

      "291-4. Акционерное общество "Научный центр противоинфекционных препаратов".

      4. Утратил силу постановлением Правительства РК от 19.09.2014 № 995.
      5. Утратил силу постановлением Правительства РК от 28.08.2015 № 683 (вводится в действие со дня его подписания и подлежит официальному опубликованию).
      6. Утратил силу постановлением Правительства РК от 03.06.2022 № 361 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).