2005 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметiн реттеу туралы келiсімнің 5-бабына, "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 243, 248 және 254-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.10.2016 № 565 қаулысымен.
1. «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қазақстандық бөлігінде бақылау-өткізу пункті құрылсын.
1-1. "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қазақстандық бөлігіндегі бақылау-өткізу пунктінің аумағы тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу орны болып белгіленсін.
Ескерту. Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.10.2016 № 565 қаулысымен.
1-2. "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының Қытай бөлігінен Қазақстан бөлігіне тауарлардың келуі және "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының Қазақстан бөлігінен Қытай бөлігіне тауарлардың кетуі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарлардың келу орны немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарлардың кету орны болып табылмайтын арнайы өткел арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. Қаулы 1-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.10.2016 № 565 қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі көрсетілген бақылау-өткізу пунктінің құрылғаны туралы ақпаратты белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссиясы мен Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының дипломатиялық өкілдігінің назарына жеткізсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов