"Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы № 726 қаулысына өзгеріс енгізу және "Оралмандарға жеке тұрғын үй салу үшін жер телімдерін беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 9 шілдедегі № 748 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 маусымдағы № 784 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1034 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1034 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiне құқық беру ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы № 726 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскесiн беру ережесi осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. «Оралмандарға жеке тұрғын үй салу үшін жер телімдерін беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 9 шілдедегі № 748 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 22, 231-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 12 маусымдағы
№ 784 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2006 жылғы 1 тамыздағы
№ 726 қаулысымен  
бекітілген    

Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiне құқық беру ережесi

1. Жалпы ережелер

       1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына cәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiн берудің тәртібін айқындайды.
      2. Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерi елді мекендердің шекарасы шегінде олардың бас жоспарларына, жоспарлау мен құрылыс салу жобаларына және аумақтың жер-шаруашылық орналастыру жобаларына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшін бөлінген алаңдардан, ал тұрғындарының саны бес мың адамға дейiнгi елдi мекендерде – аталған елді мекенді дамыту және оған құрылыс салу схемасына (бас жоспардың жеңілдетілген нұсқасы) сәйкес беріледі.
      3. Сауда-саттықта сату үшін ұсынылған жер учаскелерінің тізбесіне енгізілгендерін қоспағанда, жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына 0,10 гектар мөлшерінде жеке меншікке тегін беріледі.
      Кодекстің 94-бабының 4-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, көрсетілген мақсат үшін жер учаскелерін екінші мәрте тегін беруге жол берілмейді.
      4. Жер учаскесін жеке тұрғын үй құрылысы үшін ақысыз жеке меншікке беру жер учаскелерін игергеннен кейін (объектіні (жеке тұрғын үйді) пайдалануға беру туралы актіге қол қойылғаннан кейін) жүзеге асырылады. Игеру кезеңінде жер учаскесі Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға Кодекстің 92-бабына сәйкес игеру шарттары мен мерзімдері белгіленіп беріледі.

2. Жер учаскесін беру

      5. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар сұрау салынған жер учаскесінің орналасқан жері бойынша уақытша өтеулi пайдалану (жалдау) құқығымен жер учаскесiн жеке тұрғын үй құрылысы үшін беру туралы өтінішті (бұдан әрі - өтініш) сұралып отырған жер учаскесінің орналасқан жері бойынша:
      1) республикалық маңызы бар қала мен астананың шекарасы шегiнде – республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкiмдiгiне;
      2) облыстық маңызы бар қаланың шекарасы шегiнде – облыстық маңызы бар қаланың әкiмдiгiне;
      3) аудандық маңызы бар қаланың шекарасы шегiнде – аудандық маңызы бар қаланың әкiмiне;
      4) кент шекарасы шегiнде – кент әкiмiне;
      5) ауыл (село) шекарасы шегiнде – ауыл (село), ауылдық (селолық) округтiң әкiмiне жазады.
      6. Өтiнiште: жер учаскесiн пайдаланудың мақсаты; оның болжамды мөлшерi; орналасқан жерi; сұралатын пайдалану құқығы, жеке тұрғын үй құрылысы үшін бұрын мемлекет өтеусіз негізде берген басқа жер учаскесiнiң болуы (болмауы) көрсетiледi.
      Қазақстан Республикасының азаматы берген өтiнiшке жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi, ал оралмандар берген өтінішке – оралман куәлігінің көшірмесі қоса беріледі.
      7. Өтiнiшті қабылдау кезiнде осы Ережеде көзделмеген басқа құжаттар мен мәлiметтердi талап етуге тыйым салынады.
      8. Өтініш беруші осы Ереженің 6-тармағында немесе осы Ереженің 25-тармағындакөрсетілген құжаттарды бермеген жағдайда жер учаскесі орналасқан жердегі республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң уәкілетті органдары екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге оның өтінішін қараудан дәлелдi түрде жазбаша бас тарту береді.
      9. Өтiнiшті қараудың жалпы мерзімі өтініш түскен сәтiнен бастап екi айға дейiнгi уақытты құрайды.
      Көрсетілген мерзімге:
      Кодекстің 44-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленетін жерге орналастыру жобасын жасау;
      Кодекстің 44-бабының 6-тармағында белгіленген келісу;
      жергілікті жердегі жер учаскесінің шекарасын белгілеу кезеңдері кірмейді.
      10. Өтініш үш жұмыс күні ішінде елді мекендерде бекiтiлген қала құрылысы құжаттамасы негізінде сәулет және қала құрылысы органдарымен бірлесіп сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау үшін жер учаскесі орналасқан жердегі республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдарына түседі.
      11. Аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныстар әзірлеу мерзімі өтініш келіп түскен кезден бастап он жұмыс күніне дейінгі мерзімді құрайды.
      12. Сұралып отырған жер учаскесін пайдалану мүмкіндігі туралы әзірленген ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі материалдарды жер учаскесі орналасқан жердегі республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдары Кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес құрылатын комиссияға (бұдан әрі – комиссия) көрсетілген ұсыныстарды әзірлегеннен кейін екі жұмыс күні ішінде береді.
      13. Комиссияның қорытындысы сұралып отырған жер учаскесін пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныс комиссияға түскен кезден бастап бес жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім нысанында екі данада жасалады.
      Шешімді дайындау кезінде азаматта құқық жеке тұрғын үй құрылысы үшін мемлекет тарапынан берілген жер учаскелерінің болуы немесе болмауы ескеріледі, олар туралы мәліметтерді республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң уәкілетті органы комиссияға береді.
      14. Егер комиссия бөліп берілетін алаңдардың болмауына байланысты сұралып отырған жер учаскесін пайдалану мүмкіндігінің болмауы туралы қорытынды шығарған жағдайда, өтініш осы Ереженің 3-тарауына сәйкес арнайы есепке алынады.
      15. Комиссияның оң шешімін бір данасы республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң тиісті жер қатынастары бойынша уәкілетті органдарына түскен уақыттан бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жерге орналастыру жобасын дайындау үшін беріледі (жолданады).
      16. Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн бөлiп беруге арналған алаңға жер учаскелерiн орналастырудың жерге орналастыру жобасы болған кезде әрбiр жер учаскесiне жерге орналастыру жобасын жасау талап етiлмейдi.
      17. Кодекстің 44-бабының 3 және 6-тармақтарына сәйкес дайындалған және келісілген жер учаскесінің шекарасын құру туралы жерге орналастыру жобасын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң тиісті жер қатынастары бойынша уәкілетті органдары өтініш беруші тапсырған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бекітеді.
      Жерге орналастыру жобасы жер ресурстарын басқару жөніндегі құзыретті орталық орган бекіткен нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
      18. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмiнiң уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімі комиссияның оң қорытындысы негізінде республикалық маңызы бар қаланың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың тиісті жер қатынастары бойынша уәкілетті органдары бекіткен жерге орналастыру жобасы келіп түскен уақыттан бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылданады.
      19. Тиісті жергілікті атқарушы органның уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімінің көшірмесін жер учаскесі орналасқан жердегі республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң жер қатынастары бойынша уәкілетті органдары шешім қабылдаған уақыттан бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге табыс етеді (жолдайды).
      20. Жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті жер қатынастары жөніндегі тиісті орган өтініш берушімен жер учаскесін пайдалануға құқық беру туралы шешімге сәйкес (жер учаскесінің белгіленген шекаралары болған жағдайда) жер учаскесін ақылы негізде уақытша пайдалану туралы шешім қабылданғаннан кейін он жұмыс күн ішінде уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) туралы шарт жасасады.
      21. Белгiлi бiр жердегi жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу өтініш негізінде жүзеге асырылады.
      22. Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және табыс ету Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік қызмет стандартында белгіленген тәртіппен алты жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      23. Жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi жерге орналастыру жұмыстары және жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiнi дайындау жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскесi берiлген адамның қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      24. Қазақстан Республикасының азаматына бұрын жеке тұрғын үй құрылысы үшін уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығымен берілген жер учаскесіндегі салынып біткен жеке тұрғын үйді пайдалануға қабылдап алу туралы акті, осы жер учаскесін жеке тұрғын үй иесіне жеке меншікке беруге негіз болады.
      Оралманға жеке тұрғын үй құрылысы үшін уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығымен берілген жер учаскесіндегі салынып біткен жеке тұрғын үйді пайдалануға қабылдап алу туралы акті Қазақстан Республикасы азаматтығын алу туралы және жеке басын куәландыратын құжаттың болуы осы жер учаскесін жеке тұрғын үй иесіне жеке меншікке беруге негіз болады.
      25. Бұрын уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығымен берілген жер учаскесін жеке меншікке алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары және жеке тұлғаны куәландыратын құжатты алған оралмандар жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін жекеменшік құқығында беру туралы өтінішті сұрау салынған жер учаскесі орналасқан осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген тиісті жергілікті атқарушы органға тапсырады. Осы тармақта көрсетілген өтінішке Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар жеке куәліктің көшірмесін, жер учаскесіндегі салынып біткен жеке тұрғын үйді пайдалануға қабылдап алу туралы актісін және жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын қоса береді.
      26. Cәйкестендіру құжатын дайындап табыс етуге негіз болып табылатын, cалынып біткен жеке тұрғын үйді пайдалануға қабылдап алу туралы акті келіп түскен уақыттан бастап жеті жұмыс күні ішінде республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмiнiң жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімі шығарылады.

3. Арнайы есепке қою

      27. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін сұрау кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың өтініштерін республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң жергілікті атқарушы органдары комиссияның қорытындысы шыққаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде арнайы есепке қояды және бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған жағдайда қанағаттандырылады.
      28. Жер учаскесін бөліп беру үшін алаңдар болмаған жағдайда, келіп түскен өтініштерді комиссия осы Ереженің 13-тармағында көзделген қорытындыда түскен өтініштердің кезектілігі негізінде арнайы есепке алу туралы шешім шығарады.
      29. Жер учаскесі орналасқан жердегі республикалық маңызы бар қаланың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың тиісінше жер қатынастары бойынша уәкілетті органдары комиссия қорытындысы келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініштерді арнайы есепке алғаны және жалпы тізімдегі кезектің нөмірі көрсетілген хабарламаны өтініш берушіге жібереді (жолдайды).
      30. Бөліп беруге алаңдар дайын болған кезде кезегі келген өтініш берушіге алаңдар дайын болған күннен бастап бір ай ішінде өтініш беру қажеттілігі туралы хабарлама жіберіледі (беріледі).
      31. Жерді бөліп беру үшін алаңдарды дайындау туралы ақпарат және жер учаскесін алуға арналған кезектілік тізімдері ашық болып табылады, оларға қол жетімділікті республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкімдері тоқсанына кемінде бір рет оларды арнайы ақпараттық стенділерде орналастыру және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялау арқылы қамтамасыз етуге міндетті.

4. Жер учаскесін беруден бас тарту

      32. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беруден бас тарту туралы шешім комиссияның теріс қорытындысы негізінде, нақты себептері көрсетіліп комиссияның тиісті қорытындысы түскен уақыттан бастап жеті күннің ішінде шығарылады.
      33. Жер учаскесiне тиісті құқық беруден бас тарту туралы жергілікті атқарушы орган шешімінің көшірмесін жер учаскесі орналасқан жердегі республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң тиісті жер қатынастары бойынша уәкілетті органдары шешім шығарылған уақыттан бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге табыс етеді.

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 августа 2006 года № 726 "Об утверждении Правил предоставления прав на земельные участки под индивидуальное жилищное строительство" и признании утратившим силу постановления Правительства Республики Казахстан от 9 июля 2002 года № 748 "Об утверждении Правил предоставления оралманам земельных участков для индивидуального жилищного строительства"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 июня 2012 года № 784. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 декабря 2015 года № 1034

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 23.12.2015 № 1034 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 августа 2006 года № 726 «Об утверждении Правил предоставления прав на земельные участки под индивидуальное жилищное строительство» следующее изменение:
      Правила предоставления прав на земельные участки под индивидуальное жилищное строительство, утвержденные указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 9 июля 2002 года № 748 «Об утверждении Правил предоставления оралманам земельных участков для индивидуального жилищного строительства» (САПП Республики Казахстан, 2002 г., № 22, ст. 231).
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Приложение       
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 12 июня 2012 года № 784

Утверждены       
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 1 августа 2006 года № 726

Правила
предоставления прав на земельные участки
под индивидуальное жилищное строительство

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила определяют порядок предоставления земельных участков для индивидуального жилищного строительства гражданам Республики Казахстан в соответствии с подпунктом 2) пункта 2 статьи 50 Земельного кодекса Республики Казахстан (далее - Кодекс) и оралманам.
      2. В пределах границ населенных пунктов на площадках, предназначенных для отвода под индивидуальное жилищное строительство, земельный участок под индивидуальное жилищное строительство предоставляется в соответствии с их генеральными планами, проектами планировки и застройки и проектами земельно-хозяйственного устройства территории, а в населенных пунктах с численностью до пяти тысяч человек - в соответствии со схемой развития и застройки данного населенного пункта (упрощенный вариант генерального плана).
      3. Земельные участки, за исключением тех, которые включены в перечень предлагаемых земельных участков для продажи на торгах (конкурсах, аукционах), под индивидуальное жилищное строительство предоставляются гражданам Республики Казахстан бесплатно в частную собственность в размере 0,10 гектара.
      Повторное бесплатное предоставление земельных участков для указанной цели не допускается, за исключением случая, указанного в пункте 4 статьи 94 Кодекса.
      4. Предоставление земельного участка для индивидуального жилищного строительства в частной собственности производится после освоения земельных участков (после подписания акта о вводе объекта (индивидуального жилого дома) в эксплуатацию). На период освоения земельный участок гражданам Республики Казахстан и оралманам предоставляется с установлением условий и сроков освоения в соответствии со статьей 92 Кодекса.

2. Предоставление земельного участка

      5. Для получения земельного участка для индивидуального жилищного строительства граждане Республики Казахстан и оралманы подают заявление о предоставлении земельного участка для индивидуального жилищного строительства на праве временного возмездного землепользования (аренды) (далее - заявление) по месту нахождения испрашиваемого земельного участка:
      1) в пределах границ города республиканского значения и столицы - акимат города республиканского значения и столицы;
      2) в пределах границ города областного значения – акимат города областного значения;
      3) в пределах границ города районного значения – аким города районного значения;
      4) в пределах границ поселка – аким поселка;
      5) в пределах границ аула (села) – аким аула (села), аульного (сельского) округа.
      6. В заявлении указываются: цель использования земельного участка; его предполагаемые размеры; местоположение; испрашиваемое право пользования, наличие (отсутствие) другого земельного участка, ранее предоставленного государством под индивидуальное жилищное строительство на бесплатной основе.
      К заявлению, поданному гражданином Республики Казахстан, прилагается копия документа, удостоверяющего личность, а поданному оралманом - копия удостоверения оралмана.
      7. При принятии заявления запрещается требовать другие документы и сведения, не предусмотренные настоящими Правилами.
      8. В случае непредставления заявителем документов, указанных в пункте 6 настоящих Правил, либо документов, указанных в пункте 25 настоящих Правил, уполномоченные органы города республиканского значения, столицы, городов областного значения, городов районного значения поселка, аула (села), аульного (сельского) округа по месту нахождения земельного участка в течение двух рабочих дней дают письменный мотивированный отказ заявителю в рассмотрении заявления.
      9. Общий срок рассмотрения заявления составляет до двух месяцев с момента его поступления.
      В указанный срок не входят периоды:
      1) составления землеустроительного проекта, подготавливаемого в соответствии с пунктом 3 статьи 44 Кодекса;
      2) согласования, установленного пунктом 6 статьи 44 Кодекса;
      3) установления  границ земельного участка на местности.
      10. Заявление в течение трех рабочих дней поступает в уполномоченные органы  по земельным отношениям города республиканского значения, столицы, городов областного значения, городов районного значения, поселка, аула (села), аульного (сельского) округа по месту нахождения земельного участка для определения совместно с органами архитектуры и градостроительства на основании утвержденных градостроительных документов, возможности использования испрашиваемого земельного участка по заявленному целевому назначению.
      11. Срок подготовки предложений о возможности использования испрашиваемого земельного участка по заявленному целевому назначению в соответствии с территориальным зонированием составляет до десяти рабочих дней с момента поступления заявления.
      12. Материалы по подготовке предложений о возможности использования испрашиваемого земельного участка передаются уполномоченными органами по земельным отношениям города республиканского значения, столицы, городов областного значения, городов районного значения, поселка, аула (села), аульного (сельского) округа по месту нахождения земельного участка в комиссию, создаваемую в соответствии с пунктом 2 статьи 43 Кодекса (далее – комиссия), в течение двух рабочих дней после подготовки указанного предложения.
      13. Заключение комиссии составляется в двух экземплярах в форме протокольного решения в течение пяти рабочих дней с момента поступления в комиссию предложения о возможности использования испрашиваемого земельного участка.
      При подготовке заключения учитываются наличие или отсутствие у гражданина земельных участков, права на которые были предоставлены государством для индивидуального жилищного строительства, сведения о которых представляются в комиссию уполномоченным органом города республиканского значения, столицы, городов областного значения, городов районного значения, поселка, аула (села), аульного (сельского).
      14. В случае, если комиссия выносит заключение о невозможности использования испрашиваемого земельного участка в связи с отсутствием площадок для отвода, заявление берется на специальный учет в соответствии с главой 3 настоящих Правил.
      15. Один экземпляр положительного заключения комиссии в течение пяти рабочих дней с момента его поступления соответствующим уполномоченным органом по земельным отношениям города республиканского значения, столицы, городов областного значения, городов районного значения, поселка, аула (села), аульного (сельского) вручается (направляется) заявителю для подготовки им землеустроительного проекта.
      16. При наличии землеустроительного проекта размещения земельных участков на площадку отвода под индивидуальное жилищное строительство составление землеустроительного проекта на каждый земельный участок не требуется.
      17. Землеустроительный проект о формировании границ земельного участка, подготовленный и согласованный в соответствии с пунктами 3 и 6 статьи 44 Кодекса, утверждается уполномоченными органами  по земельным отношениям города республиканского значения, столицы, городов областного значения, городов районного значения, поселка, аула (села), аульного (сельского) по месту нахождения земельного участка в течение семи рабочих дней с момента его представления заявителем.
      Землеустроительный проект должен соответствовать требованиям, установленным нормативными правовыми актами, утверждаемыми центральным уполномоченным органом по управлению земельными ресурсами.
      18. Решение местного исполнительного города республиканского значения, столицы, городов областного значения, городов районного значения, поселка, аула (села), аульного (сельского) о предоставлении права временного возмездного землепользования (аренды) на земельный участок принимается на основании положительного заключения комиссии в срок до семи рабочих дней с момента поступления землеустроительного проекта, утвержденного соответствующим уполномоченным органом по земельным отношениям города республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения.
      19. Копия решения соответствующего местного исполнительного органа  о предоставлении права временного возмездного землепользования (аренды) на земельный участок вручается (направляется) уполномоченными органами по земельным отношениям города республиканского значения, столицы, городов областного значения, городов районного значения, поселка, аула (села), аульного (сельского) по месту нахождения земельного участка заявителю в течение пяти рабочих дней с момента принятия решения.
      20. Договор временного возмездного землепользования (аренды) с заявителем заключается соответствующим уполномоченным органом по земельным отношениям по месту нахождения земельного участка на основании решения о предоставлении права на земельный участок в срок не позднее десяти рабочих дней со дня принятия решения (при наличии установленных границ земельного участка).
      21. Установление границ земельного участка на местности осуществляется на основании обращения.
      22. Изготовление и выдача идентификационного документа на земельный участок осуществляются в течение шести рабочих дней в порядке, установленном стандартом государственных услуг, утвержденным Правительством Республики Казахстан.
      23. Землеустроительные работы по установлению границ земельного участка и изготовление акта на право частной собственности на земельный участок осуществляются за счет средств лица, которому предоставляется земельный участок для индивидуального жилищного строительства.
      24. Основанием для предоставления гражданину Республики Казахстан на праве частной собственности земельного участка, ранее предоставленного ему на праве временного возмездного землепользования (аренды) под индивидуальное жилищное строительство, является акт приемки в эксплуатацию построенного индивидуального жилого дома на земельном участке.
      Основанием для предоставления оралману на праве частной собственности земельного участка, ранее предоставленного ему на праве временного возмездного землепользования (аренды) под индивидуальное жилищное строительство, являются акт приемки в эксплуатацию построенного индивидуального жилого дома на земельном участке, приобретение гражданства Республики Казахстан и получение документа, удостоверяющего личность.
      25. Для приобретения в частную собственность земельного участка, который ранее был предоставлен на праве временного возмездного землепользования (аренды), граждане Республики Казахстан и оралманы, получившие документ, удостоверяющий личность, подают заявление о предоставлении земельного участка для индивидуального жилищного строительства на праве частной собственности по месту нахождения испрашиваемого земельного участка в соответствующий местный исполнительный орган, указанный в пункте 5 настоящих Правил. К заявлению, указанному в настоящем пункте, граждане Республики Казахстан и оралманы прилагают копию удостоверения личности, акт приемки в эксплуатацию построенного индивидуального жилого дома на земельном участке и идентификационный документ на земельный участок.
      26. Решение местного исполнительного органа города республиканского значения, столицы, городов областного значения, городов районного значения, поселка, аула (села), аульного (сельского) о предоставлении права частной собственности на земельный участок принимается в срок до семи рабочих дней с момента поступления акта приемки в эксплуатацию построенного индивидуального жилого дома, который является основанием для изготовления и выдачи идентификационного документа.

3. Постановка на специальный учет

      27. При испрашивании земельных участков для индивидуального жилищного строительства заявления граждан Республики Казахстан и оралманов берутся местными исполнительными органами города республиканского значения, столицы, городов областного значения, городов районного значения, поселка, аула (села), аульного (сельского) на специальный учет в течение 5 рабочих дней после вынесения заключения комиссии и удовлетворяются при наличии свободных территорий, используемых для индивидуального жилищного строительства, по мере подготовки площадок для отвода.
      28. В случае отсутствия площадок для отвода земельного участка, комиссия в заключении комиссии, предусмотренном в пункте 13 настоящих Правил, указывает о том, что заявление ставится на специальный учет на основании очередности поступивших заявлений.
      29. Уведомление о постановке на специальный учет заявления с указанием номера очереди в общем списке вручается (направляется) заявителю уполномоченными органами по земельным отношениям города республиканского значения, столицы, городов областного значения, городов районного значения, поселка, аула (села), аульного (сельского) по месту нахождения земельного участка в течение двух рабочих дней с момента поступления заключения комиссии.
      30. При готовности площадок для отвода заявителю, чья очередь подошла, направляется (вручается) уведомление о необходимости представления заявления в течение месяца со дня готовности площадок.
      31. Информация о подготовке площадок для отвода и списки очередности на получение земельного участка являются открытыми, их доступность обязаны обеспечить местные исполнительные органы города республиканского значения, столицы, городов областного значения, городов районного значения, поселка, аула (села), аульного (сельского) посредством их размещения на специальных информационных стендах и (или) путем опубликования в средствах массовой информации на государственном и русском языках не реже одного раза в квартал.

4. Отказ в предоставлении земельного участка

      32. Решение в предоставлении права на земельный участок под индивидуальное жилищное строительство, содержащее мотивированный отказ, принимается на основании отрицательного заключения комиссии в семидневный срок с момента поступления соответствующего заключения комиссии.
      33. Копия решения соответствующего местного исполнительного органа об отказе в предоставлении соответствующих прав на земельные участки вручается (направляется) уполномоченными органами  по земельным отношениям города республиканского значения, столицы, городов областного значения, городов районного значения, поселка, аула (села), аульного (сельского) по месту нахождения земельного участка заявителю в течение пяти рабочих дней с момента принятия решения.