РҚАО-ның ескертпесі!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.02.2014 № 122 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 15, 191-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі – көші-қон полициясының құрылымдық бөліністерінен шығатын ресми құжаттарға, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне;».
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 25 маусымдағы
№ 833 қаулысымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Ақпараттық-талдамалық орталығының арнайы мемлекеттік мұрағаты
мен оның аумақтық бөліністерінің шегінде мұрағаттық
анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін
беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Ескерту. Стандарттың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.02.2014 № 122 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 25 маусымдағы
№ 833 қаулысымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Ақпараттық-талдамалық орталығының арнайы мемлекеттік
мұрағатынан және оның аумақтық бөліністерінен шығатын
мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың
көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет стандарты
Ескерту. Стандарттың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.02.2014 № 122 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).