Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.29 № 1506 (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 449 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 18, 201-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;
1-тармақта:
1) тармақша алынып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекiтілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 28 маусымдағы
№ 867 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 2 маусымдағы
№ 449 қаулысымен
бекітілген
Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша
қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары
Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
1) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысуды;
2) мақта қолхаттарын беру есебін;
3) меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі мақта тазалау зауытының және мақта қабылдау пункттерiнiң болуын;
4) мақта тазалау зауытында:
кемiнде бiр мақта қабылдау пунктiнiң;
шиттi мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөнiндегi технологиялық операцияларды жүзеге асыруға арналған жабдықтың;
таразы жабдығының;
желдету жабдығының;
тиеу-түсiру тетiктерiнiң;
мақтаның сапасын анықтауға арналған өндiрiстiк-технологиялық зертхананың;
мақтаны сақтауға арналған арнайы бөлiнген орынның болуын;
5) мақта тазалау зауыты тұрған жерден тыс орналасқан мақта қабылдау пунктiнде:
шиттi мақтаны жинақтауға және сақтауға арналған ашық (жабық) алаңның;
таразы жабдығының;
сынамаларды iрiктеуге және шиттi мақтаның сапасын анықтауға арналған зертханалық жабдықтың;
тиеу-түсiру тетiктерiнiң болуын;
6) мақта тазалау зауытында, сондай-ақ мақта тазалау зауыты орналасқан орыннан тыс жердегi мақта қабылдау пунктiнде өткiзу режимiнiң болуын;
7) тиісті білімі бар (басшылар үшін – жоғары техникалық немесе технологиялық білім, мамандар үшін – техникалық және кәсіптік (техникалық немесе технологиялық) білім)* техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамының болуын қамтиды.
Мақта тазалау зауытының, сондай-ақ мақта тазалау зауыты тұрған жерден тыс орналасқан мақта қабылдау пунктiнiң аумағы қоршалуға тиiс.
Ескертпе: *тиісті білімнің болуы диплом көшірмесімен расталады (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариус куәландырған).