Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелерi туралы» 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік билiк
органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелерi туралы»
2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 және «Қазақстан
Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы»
2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 жарлықтарына
өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Мемлекеттік билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат; № 21, 265-құжат; 2005 ж., № 29, 362-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2009 ж., № 34, 321-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 39, 472-құжат; № 41, 518-құжат; № 48, 646-құжат; № 51, 685-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде:
мына:
«
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы |
Президент |
Премьер-Министр |
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-на кіретін ұлттық даму институттары мен ұлттық компаниялар басқармаларының төрағалары |
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасы |
Премьер-Министр |
Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы |
»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның басқарма төрағасы |
Үкімет |
Премьер-Министр |
Президент |
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-на кіретін ұлттық даму институттары мен ұлттық компаниялар басқармаларының төрағалары |
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-на кіретін ұлттық даму институттары мен ұлттық компаниялардың директорлар кеңестері |
Премьер-Министр |
Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасы |
»;
2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 30, 259-құжат; 2010 ж., № 20-21, 150-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде:
42, 43 және 44-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«42. Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының негізінде 10 жылға арналып әзірленеді.
Ұлттық әл-ауқат қорының даму стратегиясы индустриялық-инновациялық, әлеуметтік-экономикалық және өзге де салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары ескеріле отырып, Ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің бағыттары бойынша 10 жылға арналып әзірленеді.
Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары олардың стратегиялық бағыттарын, мақсаттары мен қызметі нәтижелерінің көрсеткіштерін айқындайды және акциялары (қатысу үлестері) ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға осы заңды тұлғалар қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқық беретін заңды тұлғалардың даму стратегиялары ескеріле отырып әзірленеді.
Ұлттық әл-ауқат қорының даму стратегиясы Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұйымдардың ұзақ мерзімді құнын (құндылығын) ұлғайтуға, Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін активтерді тиімді басқаруға бағытталған Ұлттық әл-ауқат қорының компанияларын басқару жөніндегі Ұлттық әл-ауқат қорының миссиясын, пайымын, мақсаттары мен міндеттерін айқындайды және негіздейді. Ұлттық әл-ауқат қорыныңм компаниялары өз қызметі саласының шегінде Ұлттық әл-ауқат қорының даму стратегиясын әзірлеуге жұмылдырылады.
Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларының жобалары Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында баяндалған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және Әлеуметтік-экономикалық даму болжамында көрсетілген бюджеттік параметрлерге сәйкестігі тұрғысынан бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Ұлттық әл-ауқат қорының даму стратегиясын Ұлттық әл-ауқат қорының жалғыз акционері бекітеді.
Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар үшін даму стратегияларын әзірлеу мен бекітудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
43. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарлары олардың даму стратегияларын іске асыру мақсатында 5 жыл мерзімге арналып әзірленеді.
Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарлары акциялары (қатысу үлестері) ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға осы заңды тұлғалар қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқық беретін заңды тұлғалардың даму жоспарлары ескеріле отырып әзірленеді және мақсаттарды, міндеттерді, нәтижелер көрсеткіштерін және инвестицияларды, кірістерді, шығыстарды, қарыздарды, дивидендтер мен басқа да мәліметтерді қоса алғанда, қаржы-шаруашылық қызметтің негізгі шоғырландырылған және шоғырландырылмаған көрсеткіштерін қамтиды.
Ұлттық әл-ауқат қоры даму жоспарының мазмұнына қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен оның мазмұнына қойылатын ең аз талаптардың негізінде Ұлттық әл-ауқат қорының директорлар кеңесі айқындайды.
Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының жобалары Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында баяндалған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және Әлеуметтік-экономикалық даму болжамында көрсетілген бюджеттік параметрлерге сәйкестігі тұрғысынан бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі және оларды директорлар кеңестері (қадағалау кеңестері) бекітеді.
Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзірлеу мен бекітудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Ұлттық әл-ауқат қорының даму жоспарын әзірлеу мен бекітудің тәртібін Ұлттық әл-ауқат қорының директорлар кеңесі айқындайды.
44. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларының іске асырылуын бағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының іске асырылуын бағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен директорлар кеңестері (қадағалау кеңестері) жүзеге асырады.
Ұлттық әл-ауқат қорының даму жоспарының іске асырылуын бағалауды Ұлттық әл-ауқат қорының директорлар кеңесі жүзеге асырады.
Ұлттық әл-ауқат қорының даму жоспарының іске асырылуын бағалау тәртібін Ұлттық әл-ауқат қорының директорлар кеңесі айқындайды.».
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев