Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1680 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 15, 251-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірлері 11, 12-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 32-1 және 32-2-жолдармен толықтырылсын:
« |
32-1 |
Жол қозғалысы туралы |
ІІМ |
Тамыз |
Қазан |
Желтоқсан |
Қ.С. Тыныбеков |
32-2 |
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол қозғалысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
ІІМ |
Тамыз |
Қазан |
Желтоқсан |
Қ.С. Тыныбеков |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов