Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «NEW POWER SYSTEMS LIMITED» компаниясына «Степногор тау-кен-химия комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі 100 % қатысу үлесін «ROSDALE PTE. LTD.» компаниясының пайдасына иеліктен шығару бойынша мәміле жасасуға рұқсат берілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов