Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «МұнайТас» Солтүстік – Батыс құбыр компаниясы» акционерлік қоғамына «Кеңқияқ – Атырау» мұнай құбырының талшықты оптикалық кәбілінде орналасқан бiр модалық төрт оптикалық талшықты иеліктен шығару жөнінде мәміле жасасуға рұқсат берілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов