Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету үшін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит беру шарттарын және "Досжан темір жолы (ДТЖ)" акционерлік қоғамына кредит беру шарттарын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 тамыздағы № 1044 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына сәйкес «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – қарыз алушы) кейіннен «Досжан темір жолы (ДТЖ)» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – «Досжан темір жолы (ДТЖ)» АҚ) кредит беру үшін 052 «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген 3130000000 (үш миллиард бір жүз отыз миллион) теңге сомасында бюджеттік кредит берілсін.
      2. «Досжан темір жолы (ДТЖ)» АҚ-ға кредит беру үшін қарыз алушыға кредит берудің мынадай шарттары айқындалсын:
      1) кредиттің мақсаты «Шар – Өскемен» теміржол желісін салу жобасын іске асыру болып табылады;
      2) кредит мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шартымен негізгі борышты жылдық 0,25 (нөл бүтін жүзден жиырма бес) пайызға тең сыйақы ставкасы бойынша өтеу жөнінде алтыжылдық жеңілдік кезеңмен 20 (жиырма) жыл мерзімге беріледі;
      3) «Досжан темір жолы (ДТЖ)» АҚ-ға кредит беруге арналған сыйақы ставкасы жылдық 0,5 (нөл бүтін оннан бес) пайыздан аспауы тиіс;
      4) негізгі борышты өтеуді қарыз алушы осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жеңілдік кезеңінің мерзімі аяқталған соң тең үлестермен жүзеге асырады;
      5) кредит бойынша есептелген сыйақыны төлеу жартыжылдық кезеңділікпен жүзеге асырылады. Есептелген сыйақыны алғашқы төлеу қарыз алушыға кредит бөлінген сәттен бастап 6 (алты) ай өткен соң жүргізіледі;
      6) қарыз алушы үшін игеру кезеңі кредит қарыз алушының шотына аударылған күннен бастап 3 (үш) жылды құрайды.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – кредит беруші), Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі (бұдан әрі – әкімші) және қарыз алушы кредит шартының тараптары болып табылады.
      4. Кредит қарыз алушының міндеттемелерді қамтамасыз етуді ұсынуынсыз бөлінеді.
      5. Кредит беруші мен әкімші заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 3-тармағында көрсетілген кредит шартын жасасуды қамтамасыз етсін.
      6. Қарыз алушы осы қаулының 3-тармағында көрсетілген кредит шарты жасалған және тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде «Досжан темір жолы (ДТЖ)» АҚ шотына кредиттің барлық сомасын бір мезгілде аударуды қамтамасыз етсін.
      7. Әкімші заңнамада белгіленген тәртіппен кредиттің мақсатты және тиімді пайдаланылуын, өтелуі мен оған қызмет көрсетілуін бақылауды және оның мониторингін қамтамасыз етсін.
      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Об определении условий предоставления бюджетного кредита акционерному обществу "Фонд национального благосостояния "Самрук-Қазына" для обеспечения конкурентоспособности и устойчивости национальной экономики и условий предоставления кредита акционерному обществу "Досжан темир жолы (ДТЖ)"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 августа 2012 года № 1044

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Предоставить акционерному обществу «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына» (далее – заемщик) в соответствии с  Законом Республики Казахстан от 24 ноября 2011 года «О республиканском бюджете на 2012 - 2014 годы» бюджетный кредит в сумме 3130000000 (три миллиарда сто тридцать миллионов) тенге, предусмотренный по бюджетной программе 052 «Кредитование акционерного общества «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына» для обеспечения конкурентоспособности и устойчивости национальной экономики», для последующего кредитования акционерного общества «Досжан темир жолы (ДТЖ)» (далее – АО «Досжан темир жолы (ДТЖ)»).
      2. Определить следующие условия предоставления кредита заемщику для кредитования АО «Досжан темир жолы (ДТЖ)»:
      1) целью кредита является реализация проекта строительства железнодорожной линии Шар – Усть-Каменогорск;
      2) кредит предоставляется на условиях срочности, платности и возвратности сроком на 20 (двадцать) лет с шестилетним льготным периодом по погашению основного долга по ставке вознаграждения, равной 0,25 (ноль целых двадцать пять сотых) процента годовых;
      3) ставка вознаграждения для кредитования АО «Досжан темир жолы (ДТЖ)» не должна превышать 0,5 (ноль целых пять десятых) процента годовых;
      4) погашение основного долга по кредиту осуществляется заемщиком равными долями по истечении срока льготного периода, указанного в подпункте 2) настоящего пункта;
      5) выплата начисленного вознаграждения по кредиту осуществляется с полугодовой периодичностью. Первая выплата начисленного вознаграждения производится по истечении 6 (шесть) месяцев с момента выделения кредита заемщику;
      6) период освоения для заемщика составляет 3 (три) года со дня перечисления кредита на счет заемщика.
      3. Сторонами кредитного договора являются Министерство финансов Республики Казахстан (далее – кредитор), Министерство экономического развития и торговли Республики Казахстан (далее – администратор) и заемщик.
      4. Кредит выделяется без предоставления заемщиком обеспечения обязательств.
      5. Кредитору и администратору в установленном законодательством порядке обеспечить заключение кредитного договора, указанного в пункте 3 настоящего постановления.
      6. Заемщику обеспечить перечисление всей суммы кредита единовременно на счет АО «Досжан темир жолы (ДТЖ)» в течение тридцати календарных дней со дня заключения и регистрации кредитного договора, указанного в пункте 3 настоящего постановления.
      7. Администратору в установленном законодательством порядке обеспечить контроль и мониторинг целевого и эффективного использования, погашения и обслуживания кредита.
      8. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

  Премьер-Министр
  Республики Казахстан

К. Масимов