"Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 тамыздағы № 1052 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 шілдедегі № 772 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.07.2014 № 772 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 16 тамыздағы
№ 1052 қаулысымен  
бекітілген      

«Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) (бұдан әрі – Департамент) мына мекенжай бойынша көрсетеді: 010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 39-үй.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы Заңының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1093 Жарлығымен бекітілген Департамент туралы ереженің 11-тармағы 22) тармақшасының негізінде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет стандарты осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжайда орналасқан Департаменттің ақпараттық стендінде және www.supcourt.kz сайтында орналастырылған.
      5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны қағаз тасығышта сот органынан шығатын ұсынылған ресми құжатқа апостиль қою немесе мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды мемлекеттік қызметті алушы тапсырған сәттен бастап - 8 сағат ішінде;
      2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтетін ең көп уақыт - 30 минут;
      3) апостиль қойылған құжаттарды алу кезінде кезек күтетін ең көп уақыт - 30 минут.
      Ұсынылған құжаттарға тексеру жүргізуге байланысты мемлекеттік қызметті алушы бір адамды қабылдауға, сондай-ақ құжаттарды беру кезінде жұмсалатын уақыт 20 минуттан аспайды.
      Тиісті қойылған қол үлгілерін, мөрлердің немесе мөртабандардың бедерлерін қосымша талап ету қажет болған жағдайда құжаттарды беру 10 күнтізбелік күнге дейін ұзартылады.
      Сот органдарынан құжаттарды талап етуді Департамент жүзеге асырады.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 540-бабына сәйкес мемлекеттік баж алынады.
      9. Департаменттің жұмыс кестесі: демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңымен белгіленген мереке күндерінен басқа күндері күн сайын 9.00-ден 18.30 сағатқа дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.00-сағатқа дейін.
      Құжаттарды қабылдау сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін жүргізіледі, құжаттарды беру 16.00-ден 18.30-ға дейін жүргізіледі.
      Мемлекеттік қызметті алушыларды қабылдау алдын ала жазылу және мемлекеттік қызметтерді жеделдетіп ресімдеу жүргізілместен кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттік қызметті алушыларды қабылдау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында орналасқан үй-жайда жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызметті алушылардың күтуге арналған орны қажетті жиһазбен (теледидар, кресло, диван, құжаттарды толтыруға және жасап-дайындауға арналған үстел, ақпараттық стенд) жабдықталған.
      Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету жағдайлары көзделген. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратына іргелес аумақта автокөлік құралдарын қою үшін орындар бөлінген.

2. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін мемлекеттік қызметті алушы немесе оның уәкілетті өкілі Департаментке мынадай құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжатты;
      2) сот органдарынан шығатын ресми құжатты;
      3) егер мемлекеттік қызметті алушы өзі келе алмаған жағдайда, нотариус куәландырған уәкілетті тұлғаға берілген сенімхатты ұсынады.
      Заңды тұлғаның өкілі заңда белгіленген тәртіппен ресімделген заңды тұлғаның атынан сенімхат бойынша өтініш жасай алады;
      4) мемлекеттік қызметтер көрсеткені үшін мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртекті ұсынады.
      12. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш жасаған кезде Департаменттің апостиль қоюға уәкілетті маманы мемлекеттік қызметті алушыға толтыру үшін өтініш-бланк береді, оның үлгісі Департаменттің ақпараттық стендінде және www.supcourt.kz сайтында орналастырылған.
      13. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді алу үшін осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша № 2.017 кабинетке хабарласуы қажет.
      14. Құжаттардың алынғаны туралы растау ретінде мемлекеттік қызметті алушыға өтініштің түбіршегі жыртылып беріледі, онда:
      1) өтініштің қабылданған күні мен уақыты;
      2) өтінішті қабылдаған маманның тегі, аты-жөні және қолы;
      3) құжаттар берілетін күні мен уақыты көрсетіледі.
      15. Департаментте апостиль қойылған ресми құжаттарды беру мемлекеттік қызметті алушы өзі немесе оның уәкілетті өкілі келген жағдайда жүзеге асырылады.
      16. Мынадай жағдайларда:
      1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар болмаған кезде;
      2) апостиль қоюға ұсынылған құжатта қателер (түзетулер, тазартып өшіру) анықталған кезде;
      3) егер лауазымды адамның құжаттағы қойған қолы және (немесе) мөр және (немесе) мөртабан бедері Департаменттегі үлгілерге сәйкес келмесе;
      4) егер құжатқа қол қойған лауазымды адамның оған қол қоюға өкілеттігі болмаса.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Департамент мемлекеттік қызметтерді ұсыну кезінде: адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуы, заңдылықтың сақталуы, көрсетілетін қызмет туралы толық ақпараттың берілуі, әдептілік, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, ақпараттарды қорғау және құпиялылығын сақтау қағидаттарын басшылыққа алады.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметтер көрсетудің нәтижелері осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Департаменттің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Департамент басшысының өкімімен жыл сайын бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметті алушы www.supcourt.kz сайты арқылы не (8 7172) 74-75-85 телефоны арқылы хабарласып алуына болады.
      21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының осы стандартқа 2-қосымшада байланыс деректері көрсетілген Департамент басшысының не оның орынбасарларының атына шағыммен жүгінуге құқығы бар.
      Шағым осы стандартқа 1-тармақта көрсетілген мекенжайға поштамен жіберіледі не № 0.004 кабинетте қолма-қол қабылданады.
      22. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымды адамдар дөрекі қызмет көрсеткен жағдайларда, мемлекеттік қызметті алушы Департамент басшысының немесе оның орынбасарларының атына шағыммен жүгінуге құқығы бар.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтер нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік кызметті алушының сотқа жүгінуге құқығы бар.
      24. Шағым еркін нысанда ресімделеді.
      25. Қабылданған шағым Департаменттің ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде қаралады.
      Мемлекеттік қызметті алушыға күні, уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
      26. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша мәліметті www.supcourt.kz сайтынан алуға болады. Департаменттің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 39-үй.

«Сот органдарынан шығатын 
ресми құжаттарға апостиль қою»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша          

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжат тапсырылған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсетуді ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі)




2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсетуді ұсыну процесінің сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)




3. Тиімділігі

3.1. Қызмет көрсетуді ұсыну сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)




3.2. Ақпаратқа электрондық форматқа қол жеткізуге болатын қызметтердің %-ы (үлесі)




4. Шағымдану процесі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)




5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)




«Сот органдарынан шығатын 
ресми құжаттарға апостиль қою»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша         

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшылығының байланыс деректері

Апостиль қоюға уәкілетті мемлекеттік органның атауы

Орналасқан мекенжайы

Департамент басшылығының байланыс деректері

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты)

Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, Д. Қонаев көшесі, 39-үй ресми сайт: www.supcourt.kz

1) Департамент басшысы, қабылдау бөлмесінің телефоны: (8 7172) 74-75-64
2) Департамент басшысының бірінші орынбасары, қабылдау бөлмесінің телефоны: (8 7172) 74-76-03
3) Департамент басшысының орынбасары, қабылдау бөлмесінің телефоны:(8 7172) 74-76-00

Об утверждении стандарта государственной услуги "Апостилирование официальных документов, исходящих из судебных органов"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 августа 2012 года № 1052. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 июля 2014 года № 772

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 05.07.2014 № 772 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 34 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года и статьей 9-1 Закона Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года «Об административных процедурах» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемый стандарт государственной услуги «Апостилирование официальных документов, исходящих из судебных органов».
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утвержден       
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 16 августа 2012 года № 1052

Стандарт государственной услуги
«Апостилирование официальных документов, исходящих
из судебных органов»

1. Общие положения

      1. Государственная услуга «Апостилирование официальных документов, исходящих из судебных органов» (далее – государственная услуга) оказывается Департаментом по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан (Аппаратом Верховного Суда Республики Казахстан) (далее – Департамент) по адресу: 010000, город Астана, левый берег реки Ишим, улица Д. Кунаева, 39.
      2. Форма оказываемой государственной услуги: не автоматизированная.
      3. Государственная услуга осуществляется на основании Закона Республики Казахстан от 30 декабря 1999 года «О присоединении Республики Казахстан к Конвенции, отменяющей требование легализации иностранных официальных документов», подпункта 22) пункта 11 Положения о Департаменте, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 3 ноября 2010 года № 1093.
      4. Информация о государственной услуге и стандарт государственной услуги размещены на информационном стенде Департамента, расположенного по адресу, указанному в пункте 1 настоящего стандарта, и на сайте: www.supcourt.kz.
      5. Формой завершения оказываемой государственной услуги является апостилирование представленного официального документа, исходящего из судебного органа, на бумажном носителе либо мотивированный ответ об отказе в предоставлении государственной услуги.
      6. Государственная услуга оказывается физическим и юридическим лицам (далее – получатель государственной услуги).
      7. Сроки оказания государственной услуги:
      1) с момента сдачи получателем государственной услуги необходимых документов, определенных в пункте 11 настоящего стандарта, - в течение 8 часов;
      2) максимально допустимое время ожидания в очереди при сдаче необходимых документов - 30 минут;
      3) максимально допустимое время ожидания в очереди при получении апостилированных документов - 30 минут.
      Время, затрачиваемое на прием одного получателя государственной услуги, обусловленное проведением проверки представленных документов, а также на выдачу документов, составляет не более 20 минут.
      В случае необходимости дополнительного истребования соответствующих образцов подписей, оттисков печатей или штампов, выдача документов продлевается до 10 календарных дней.
      Истребование документов из судебных органов осуществляется Департаментом.
      8. За оказание государственной услуги взимается государственная пошлина в соответствии со статьей 540 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» (Налоговый кодекс).
      9. График работы Департамента: ежедневно с 9.00 до 18.30 часов, с перерывом на обед с 12.30 до 14.00 часов, кроме выходных и праздничных дней, установленных Законом Республики Казахстан от 13 декабря 2001 года «О праздниках в Республике Казахстан».
      Прием документов осуществляется с 9.00 до 12.00, выдача документов производится с 16.00 до 18.30.
      Прием получателей государственной услуги оказывается в порядке очереди без предварительной записи и ускоренного обслуживания.
      10. Прием получателей государственной услуги осуществляется в помещении, расположенном в здании Верховного Суда Республики Казахстан.
      Место для ожидания получателей государственной услуги оснащено необходимой мебелью (телевизор, кресло, диван, стол для заполнения и формирования документов, информационный стенд).
      Предусмотрены условия для обслуживания лиц с ограниченными физическими возможностями. На территории, прилегающей к зданию Верховного Суда Республики Казахстан, выделены места для парковки автотранспортных средств.

2. Порядок оказания государственной услуги

      11. Для получения государственной услуги получатель государственной услуги или его уполномоченный представитель представляет в Департамент следующие документы:
      1) документ, удостоверяющий личность;
      2) официальный документ, исходящий из судебных органов;
      3) удостоверенную нотариусом доверенность на уполномоченное лицо, в случае, если получатель государственной услуги не может обратиться лично.
      Представитель юридического лица может обратиться по доверенности от имени юридического лица, оформленной в установленном законодательством порядке;
      4) квитанцию об оплате государственной пошлины за оказание государственной услуги.
      12. При обращении получателя государственной услуги для получения государственной услуги специалист Департамента, уполномоченный на проставление апостиля, выдает получателю государственной услуги бланк-заявление для заполнения, образец которого размещен на информационном стенде Департамента и на сайте: www.supcourt.kz.
      13. Для получения государственной услуги получателю государственной услуги необходимо обратиться в кабинет № 2.017 по адресу, указанному в пункте 1 настоящего стандарта.
      14. В качестве подтверждения о получении документов получателю государственной услуги отрывается корешок от заявления, в котором указываются:
      1) дата и время приема заявления;
      2) фамилия, инициалы и подпись специалиста, принявшего заявление;
      3) дата и время выдачи документов.
      15. Выдача апостилированных официальных документов в Департаменте осуществляется при личном обращении получателя государственной услуги или его уполномоченного представителя.
      16. В предоставлении государственной услуги отказывается в случаях:
      1) отсутствия документов, указанных в пункте 11 настоящего стандарта;
      2) выявления ошибок (исправлений, подчисток) в документе, представленном на апостилирование;
      3) если подпись должностного лица и (или) оттиск печати и (или) штампа на документе не соответствуют имеющимся в Департаменте образцам;
      4) если должностное лицо, подписавшее документ, не обладает полномочием на его подписание.

3. Принципы работы

      17. Департамент при предоставлении государственной услуги руководствуется следующими принципами: соблюдение конституционных прав и свобод человека, соблюдение законности, предоставление исчерпывающей информации об оказываемой услуге, вежливость, обеспечение сохранности документов, защита и конфиденциальность информации.

4. Результаты работы

      18. Результаты оказания государственной услуги получателям государственной услуги измеряются показателями качества и эффективности в соответствии с приложением 1 к настоящему стандарту.
      19. Целевые значения показателей качества и эффективности государственной услуги, по которым оценивается работа Департамента, ежегодно утверждаются распоряжением Руководителя Департамента.

5. Порядок обжалования

      20. Информацию о порядке обжалования действий (бездействия) уполномоченных должностных лиц получатель государственной услуги может получить на сайте: www.supcourt.kz либо обратившись по телефону (8 717 2) 74-75-85.
      21. В случае несогласия с результатами оказанной государственной услуги, получатель государственной услуги обращается с жалобой на имя Руководителя Департамента или его заместителей, контактные данные которых указаны в приложении 2 к настоящему стандарту.
      Жалоба может быть направлена по почте либо принята нарочно в кабинете № 0.004 по адресу, указанному в пункте 1 настоящего стандарта.
      22. В случаях некорректного обслуживания должностными лицами, оказывающими государственную услугу, получатель государственной услуги обращается с жалобой на имя Руководителя Департамента или его заместителей.
      23. В случаях несогласия с результатами оказанной государственной услуги, получатель государственной услуги обращается в суд.
      24. Жалоба оформляется в произвольной форме.
      25. Принятая жалоба регистрируется в журнале учета информации Департамента и рассматривается в сроки, установленные Законом Республики Казахстан от 12 января 2007 года «О порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц».
      Получателю государственной услуги выдается талон с указанием даты, времени, фамилии и инициалов лица, принявшего жалобу.
      26. Дополнительную информацию о предоставляемой государственной услуге можно получить на сайте: www.supcourt.kz. Адрес Департамента: 010000, город Астана, левый берег реки Ишим, улица Д.Кунаева, 39.

ПРИЛОЖЕНИЕ 1        
к стандарту государственной 
услуги «Апостилирование  
официальных документов,  
исходящих из судебных органов»

Таблица. Значения показателей качества и эффективности

Показатели качества и
эффективности

Нормативное
значение
показателя

Целевое
значение
показателя в
последующем
году

Текущее
значение
показателя
в отчетном
году

1

2

3

4

1. Своевременность

1.1. % (доля) случаев предоставления услуги в установленный срок с момента сдачи документа




2. Качество

2.1. % (доля) получатель государственной услуги, удовлетворенных качеством процесса предоставления услуги




3. Эффективность

3.1. % (доля) получателей государственной услуги, удовлетворенных качеством и информацией о порядке
предоставления услуги




3.2. % (доля) услуг, информация, о которых доступна в электронном формате




4. Процесс обжалования

4.1. % (доля) получателей государственной услуги, удовлетворенных существующим порядком обжалования




5. Вежливость

5.1. % (доля) получателей государственной услуги, удовлетворенных вежливостью персонала




ПРИЛОЖЕНИЕ 2        
к стандарту государственной 
услуги «Апостилирование  
официальных документов,  
исходящих из судебных органов»

Контактные данные руководства Департамента по обеспечению
деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан
(аппарата Верховного Суда Республики Казахстан)

Наименование
государственного
органа,
уполномоченного на
проставление апостиля

Адрес расположения

Контактные данные
руководства
Департамента

Департамент по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан (аппарат Верховного Суда Республики Казахстан)

город Астана, левый берег реки Ишим, улица Д. Кунаева, 39 официальный сайт: www.supcourt.kz

1) Руководитель Департамента, телефон приемной
(8 717 2) 74-75-64
2) первый заместитель
Руководителя Департамента, телефон приемной (8 717 2) 74-76-03
3) заместитель Руководителя Департамента, телефон приемной
(8 717 2) 74-76-00