Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.09.2023 № 799 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасындағы әскери-көлік міндеттілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 747 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 388-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы әскери-көлік міндеттілігі туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті әскери басқару органдары Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрамына беруге арналған көлік құралдарының міндетті техникалық тексеруден өту фактісін растау үшін аумақтық көліктік бақылау органдарына тиісті сұрау салуды жолдайды.
Аумақтық көліктік бақылау органдары 5 жұмыс күні ішінде тиісті сұрау салу бойынша ақпарат береді.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |