"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 қыркүйектегі № 1203 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жетім
балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың
тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 5-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат, № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; 2012 жылғы 24 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне техникалық реттеу және метрология мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 28 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттiк органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 457-баптың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қатысты әрекеттер жасайтын тұлғалар;»;
      2) 542-бап «барлық нотариаттық iс-әрекеттер бойынша» деген сөздерден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      «11) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қатысты әрекеттер жасайтын тұлғалар – өздеріне мұрагерлікке құқық туралы куәлiктер алғаны үшiн».
      2. «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 11, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; 2012 жылғы 24 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне техникалық реттеу және метрология мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 28 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттiк органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұны мынадай мазмұндағы 111-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «111-2-бап. Лауазымды адамдардың және заңды өкілдердің тұрғын үйге мұқтаж жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үй алу үшін есепке қою жөніндегі міндеттерін орындамауы»;
      2) мынадай мазмұндағы 111-2-баппен толықтырылсын:
      «111-2-бап. Лауазымды адамдардың және заңды өкілдердің тұрғын
                  үйге мұқтаж жетім балалар мен ата-анасының
                  қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үй алу үшін
                  есепке қою жөніндегі міндеттерін орындамауы
      1. Лауазымды адамдардың және заңды өкілдердің тұрғын үйге мұқтаж жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үй алу үшін есепке қою жөніндегі міндеттерін орындамауы, –
      айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екі жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, –
      айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      3) 541-баптың 1-1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осы Кодекстің 111, 111-1, 111-2, 112, 112-1, 114, 115, 115-1, 116, 117, 327 (екінші бөлігінде), 336 (1-1-бөлігінде), 336-3 (екінші бөлігінде), 336-4 (екiншi бөлiгiнде), 519-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.».
      3. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат, № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2012 жылғы 28 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттiк органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 10-1-бап мынадай мазмұндағы 6-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-3) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке қоюдың бірыңғай тәртібін айқындайды;»;
      2) 13-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      «Егер тұрғын үйді иеліктен айыру нәтижесінде тұрғын үйдің меншік иесі болып табылатын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мүліктік құқықтары және тұрғын үй жағдайлары нашарлайтын болса, тұрғын үйді апатты жағдайға әкелуді қоспағанда, он төрт жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйлерін иеліктен айыруға жол берілмейді.»;
      3) 67-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;»;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осы Заңның 68-бабының 1-1) – 5), 7) – 11) тармақшаларында аталған, тұрғын үй беру туралы өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде жиынтық орташа айлық табысы отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болатын, халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі.
      Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшеріндегі коэффициент жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және мүгедек балаларға қолданылмайды;»;
      4) 71-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық меншік нысанындағы ұйымдардың лауазымды адамдары және заңды өкілдер тұрғын үйге мұқтаж жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үй алу үшін есепке қоюды қамтамасыз етеді.»;
      5) 74-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;»;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осы тармақтың 1-1) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары;»;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, дара (бөлек) тізімдер бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан (жаңадан пайдалануға берілген немесе тұрғындар босатқан) тұрғын үйлерді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлер бөлуді, егер осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары дара (бөлек) тiзiмдердiң, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорында және (немесе) мемлекеттік мекемеде есепте тұрған, тұрғын үйге мұқтаждар тізімдерінің санына барабар жүргізеді.»;
      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Аталған тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең болып танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басымдық құқығы болмайды.
      4. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының, сондай-ақ, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді бірінші кезекте алуға құқығы бар.»;
      6) 86-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау тәртібі «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.».
      4. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 17, 154-құжат, 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; № 17, 81-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат, № 11, 102-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 173-құжат; 2012 жылғы 28 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттiк органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 14-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жетiм бала, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және тәрбиелеу, емдеу және басқа да ұйымдардағы, оның ішінде қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін ұйымдардағы, қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы, патронат тәрбиесіндегі бала тұрғын үй-жайға меншiк құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын caқтайды, ал құқығы болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй-жай алуға құқығы бар.»;
      2) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:
      «14-1-бап. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
                 балалардың тұрғын үйін сақтау тәртібі
      1. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар:
      1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бекітілген тұрғын үйді сақтауды қамтамасыз ету;
      2) ешкім тұрмайтын немесе басқа елді мекендегі, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бекітілген тұрғын үйге қорғаншылық белгілеу арқылы тұрғын үйді басқару жөніндегі шараларды қабылдайды.
      2. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бекітілген тұрғын үйді сақтауды заңды өкілдер және білім беру ұйымдарының, медициналық ұйымдардың және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарының әкімшіліктері қамтамасыз етеді.
      3. Заңды өкілдер және білім беру ұйымдарының, медициналық ұйымдардың және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарының әкімшіліктері қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның келісімімен жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бекітілген тұрғын үйді жалдау шарты бойынша тұрғын үй-жайға мұқтаж азаматтарға немесе заңды тұлғаларға жалға беруді жүзеге асыра алады.
      Тұрғын үй-жайды жалдау шарты бойынша немесе жалға беруден алынған ақшалай қаражаты жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жеке және (немесе) карточкалық шотына аударылуға жатады.
      Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бекітілген тұрғын үйде тұратын туыстары тұрғын үйдің сақталуына және күтіп ұсталуына жауаптылықта болады, коммуналдық қызметтердің төлемін жүргізеді.».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

О проекте Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам обеспечения прав на жилище детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 сентября 2012 года № 1203

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам обеспечения прав на жилище детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей».

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов  

ЗАКОН
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН  О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам обеспечения прав на жилище детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей

      Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:
      1. В Кодекс Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года «О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)» (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2008 г., № 22-I, 22-II, ст. 112; 2009 г., № 2-3, ст. 16, 18; № 13-14, ст. 63; № 15-16, ст. 74; № 17, ст. 82; № 18, ст. 84; № 23, ст. 100; № 24, ст. 134; 2010 г., № 1-2, ст. 5; № 5, ст. 23; № 7, ст. 28, 29; № 11, ст. 58; № 15, ст. 71; № 17-18, ст. 112; № 22, ст. 130, 132; № 24, ст. 145, 146, 149; 2011 г., № 1, ст. 2, 3; № 2, ст. 21, 25; № 4, ст. 37; № 6, ст. 50; № 11, ст. 102; № 12, ст. 111; № 13, ст. 116; № 14, ст. 117; № 15, ст. 120; № 16, ст. 128; № 20, ст. 151; № 21, ст. 161; № 24, ст. 196; 2012 г., № 1, ст. 5; № 2, ст. 11, 15; № 3, ст. 21, 22, 25, 27; № 4, ст. 32; № 5, ст. 35; № 6, ст. 43, 44; № 8, ст. 64; № 10, ст. 77; № 11, ст. 80; Закон Республики Казахстан от 10 июля 2012 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам технического регулирования и метрологии», опубликованный в газетах «Егемен Қазақстан» и «Казахстанская правда» 24 июля 2012 г.; Закон Республики Казахстан от 10 июля 2012 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам сокращения разрешительных документов и оптимизации контрольных и надзорных функций государственных органов», опубликованный в газетах «Егемен Қазақстан» и «Казахстанская правда» 28 июля 2012 г.):
      1) подпункт 2) статьи 457 дополнить абзацем следующего содержания:
      «дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, а также лица, совершающие действия в отношении детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей;»;
      2) статью 542 дополнить подпунктом 11) следующего содержания:
      «11) дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, а также лица, совершающие действия в отношении детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей – за выдачу им свидетельств о праве на наследство.».

      2. В Кодекс Республики Казахстан от 30 января 2001 года «Об административных правонарушениях» (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., № 5-6, ст. 24; № 17-18, ст. 241; № 21-22, ст. 281; 2002 г, № 4, ст. 33; № 17, ст. 155; 2003 г., № 1-2, ст. 3; № 4, ст. 25; № 5, ст. 30; № 11, ст. 56, 64, 68; № 11, ст. 109; № 15, ст. 122, 139; № 18 ст. 142; № 21-22, ст. 160; № 23, ст. 171; 2004 г., № 6, ст. 42; № 10, ст. 55; № 15, ст. 86; № 17, ст. 97; № 23, ст. 139, 140; № 24, ст. 153; 2005 г., № 5, ст. 5; № 7-8 ст. 19; № 9, ст. 26; № 13, ст. 53; № 14, ст. 58; № 17-18, ст. 72; № 21-22, ст. 86, 87; № 23, ст. 104; 2006 г, № 1, ст. 5; № 2, ст. 19, 20; № 3, ст. 22; № 5-6, ст. 31, № 8, ст. 45; № 10, ст. 52; № 11, ст. 55; № 12, ст.72, 77; № 13, ст.85, 86; № 15 ст.92, 95; № 16, ст.98, 102; № 23, ст.141; 2007 г, № 1, ст.4; № 2, ст.16, 18; № 3, ст.20, 23; № 4, ст.28, 33; № 5-6, ст.40; № 9, ст.67; № 10, ст.69; № 12 ст.88; № 13, ст.99; № 15, ст.106; № 16, ст.131; № 17, ст.136, 139, 140; № 18 ст.143, 144; № 19, ст.146, 147; № 20, ст.152; № 24, ст.180; 2008 г, № 6-7 ст.27; № 12, ст.48, 51; № 13-14, ст.54, 57, 58; № 15-16, ст.62; № 20, ст.88; № 21, ст.97; № 23, ст.114; № 24, ст.126, 128, 129; 2009 г., № 2-3, ст.7, 21; № 9-10, ст.47, 48; № 13-14, ст.62, 63; № 15-16, ст.70, 72, 73, 74, 75, 76; № 17, ст.79, 80, 82; № 18, ст.84, 86; № 19, ст.88; № 23, ст.97, 115, 117, № 24, ст.121, 122, 125, 129, 130, 133, 134; 2010 г, № 1-2, ст.1, 4, 5; № 5, ст.23; № 7, ст.28, 32; № 8, ст.41; № 9, ст.44; № 11, ст.58; № 13, ст.67; № 15, ст.71; № 17-18, ст.112, 114; № 20-21, ст.119; № 22, ст.128, 130; № 24 ст.146, 149; 2011 г., № 1, ст.2, 3, 7, 9; № 2, ст.19, 25, 26, 28; № 3, ст.32; № 6, ст.50; № 8, ст.64; № 11, ст.102; № 12, ст.111; № 13, ст.115, 116; № 14, ст.117; № 16, ст.128, 129; № 17, ст.136; № 19, ст.145; № 21, ст.161; № 24, ст.196; 2012 г., № 1, ст.5; № 2, ст.9, 11, 13, 14, 16; № 3, ст.21, 22, 25, 26, 27; № 4, ст.32; № 5, ст.35, 36; № 8, ст.64; № 10, ст.77; Закон Республики Казахстан от 10 июля 2012 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам технического регулирования и метрологии», опубликованный в газетах «Егемен Қазақстан» и «Казахстанская правда» 24 июля 2012 г.; Закон Республики Казахстан от 10 июля 2012 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам сокращения разрешительных документов и оптимизации контрольных и надзорных функций государственных органов», опубликованный в газетах «Егемен Қазақстан» и «Казахстанская правда» 28 июля 2012 г.):
      1) оглавление дополнить заголовком статьи 111-2 следующего содержания:
      «Статья 111-2. Невыполнение должностными лицами и законными представителями обязанностей по постановке на учет для получения жилища детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, нуждающихся в жилище»;
      2) дополнить статьей 111-2 следующего содержания:
      «Статья 111-2. Невыполнение должностными лицами и законными
                     представителями обязанностей по постановке на
                     учет для получения жилища детей-сирот и детей,
                     оставшихся без попечения родителей, нуждающихся
                     в жилище
      1. Невыполнение должностными лицами и законными представителями обязанностей по постановке на учет для получения жилища детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, нуждающихся в жилище, –
      влечет штраф в размере от ста до двухсот месячных расчетных показателей.
      2. Действие, предусмотренное частью первой настоящей статьи, совершенное повторно в течение года после наложения административного взыскания, –
      влечет штраф в размере от двухсот до трехсот месячных расчетных показателей.»;
      3) подпункт 2) пункта 1-1 статьи 541 изложить в следующей редакции:
      «2) об административных правонарушениях, предусмотренных статьями 111, 111-1, 111-2, 112, 112-1, 114, 115, 115-1, 116, 117, 327 (частью второй), 336 (частью 1-1), 336-3 (частью второй), 336-4 (частью второй), 519 настоящего Кодекса.».

      3. В Закон Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года «О жилищных отношениях» (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., № 8, ст.84; 1999 г., № 13, ст.431; № 23, ст.921; 2001 г., № 15-16, ст.228; 2002 г., № 6, ст.71; 2003 г., № 11, ст.67; 2004 г., № 14, ст.82; № 17, ст.101; № 23, ст.142; 2006 г., № 16, ст.103; 2007 г., № 9, ст.67; № 10, ст.69; № 15, ст.106, 108; № 18, ст.143; 2009 г., № 11-12, ст.54; № 18, ст.84; № 24, ст.122; 2010 г., № 5, ст.23; № 10, ст.52; 2011 г., № 1, ст.2, 3; № 5, ст.43; № 6, ст.50; № 10, ст.86; № 11, ст.102; № 16, ст.128, 129; 2012 г., № 1, ст.5; № 3, ст.21; № 4, ст.32; № 5, ст.41; Закон Республики Казахстан от 10 июля 2012 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам сокращения разрешительных документов и оптимизации контрольных и надзорных функций государственных органов», опубликованный в газетах «Егемен Қазақстан» и «Казахстанская правда» 28 июля 2012 г.):
      1) статью 10-1 дополнить подпунктом 6-3) следующего содержания:
      «6-3) определяет единый порядок постановки на учет детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, нуждающихся в жилище из государственного жилищного фонда или жилище, арендованном местным исполнительным органом в частном жилищном фонде;»;
      2) пункт 3 статьи 13 дополнить частью следующего содержания:
      «Не допускается отчуждение жилища детей-сирот, и детей, оставшихся без попечения родителей, не достигших четырнадцати лет, если в результате отчуждения жилища ухудшаются имущественные права и жилищные условия детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, являющихся собственниками жилища, кроме случаев приведения жилья в аварийное состояние.»;
      3) пункт 1 статьи 67 дополнить подпунктом 1-1) следующего содержания:
      «1-1) детям-сиротам и детям, оставшимся без попечения родителей;»;
      подпункт 2) изложить в следующей редакции:
      «2) социально уязвимым слоям населения, указанным в подпунктах 1-1) – 5), 7) – 11) статьи 68 настоящего Закона, имеющим совокупный среднемесячный доход за последние двенадцать месяцев перед обращением о предоставлении жилища на каждого члена семьи ниже 3,1-кратного размера прожиточного минимума, установленного на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете.
      Коэффициент 3,1-кратного размера прожиточного минимума не распространяется на детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, и детей-инвалидов;»;
      4) пункт 1 статьи 71 дополнить частью третьей следующего содержания:
      «Должностные лица организаций для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, всех форм собственности и законные представители обеспечивают постановку на учет для получения жилища детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, нуждающихся в жилище.»;
      5) пункт 2 статьи 74 дополнить подпунктом 1-1) следующего содержания:
      «1-1) детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей;»;
      подпункт 2) изложить в следующей редакции:
      «2) социально уязвимых слоев населения, за исключением лиц, указанных в подпункте 1-1) настоящего пункта;»;
      часть вторую изложить в следующей редакции:
      «Распределение жилищ (вновь введенных в эксплуатацию или освобожденных жильцами) из коммунального жилищного фонда или жилищ, арендованных местным исполнительным органом в частном жилищном фонде по раздельным спискам, за исключением инвалидов и участников Великой Отечественной войны, а также детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, производится местными исполнительными органами района, города областного значения, города республиканского значения, столицы, пропорционально численности раздельных списков, а также списков нуждающихся в жилище, состоящих на учете в государственном предприятии и (или) государственном учреждении, если иное не установлено настоящим Законом или другими законодательными актами Республики Казахстан.»;
      пункты 3 и 4 изложить в следующей редакции:
      «3. Права граждан, включенных в указанные списки, признаются равными. Никто не имеет преимущественного права, за исключением инвалидов и участников Великой Отечественной войны, а также детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, на получение жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде перед другими, включенными в данные списки, если иное не предусмотрено настоящим Законом.
      4. Первоочередное право на получение жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, имеют инвалиды и участники Великой Отечественной войны, а также дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей.»;
      6) статью 86 дополнить пунктом 1-1 следующего содержания:
      «Порядок сохранения жилища детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, регулируется Законом Республики Казахстан «О правах ребенка в Республике Казахстан.».

      4. В Закон Республики Казахстан от 8 августа 2002 года «О правах ребенка в Республике Казахстан» (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2002 г., № 17, ст.154; 2004 г., № 23, ст.142; 2005 г., № 7-8, ст.19; 2006 г., № 3, ст.22; 2007 г., № 9, ст.67; № 20, ст.152; 2009 г., № 15-16, ст.72; № 17, ст.81; № 18, ст.84; 2010 г., № 5, ст.23; № 22, ст.130; № 24, ст.149; 2011 г., № 1, ст.2, № 11, ст.102; № 17, ст.136; № 21, ст.173; Закон Республики Казахстан от 10 июля 2012 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам сокращения разрешительных документов и оптимизации контрольных и надзорных функций государственных органов», опубликованный в газетах «Егемен Қазақстан» и «Казахстанская правда» 28 июля 2012 г.):
      1) пункт 2 статьи 14 изложить в следующей редакции:
      «2. Ребенок-сирота, ребенок, оставшийся без попечения родителей и находящийся в воспитательных, лечебных и других организациях, в том числе обеспечивающих временную изоляцию от общества, под опекой или попечительством, на патронатном воспитании, сохраняют право собственности на жилое помещение или право пользования жилым помещением, а при его отсутствии имеют право на получение жилого помещения в соответствии с жилищным законодательством Республики Казахстан.»;
      2) дополнить статьей 14-1 следующего содержания:
      «Статья 14-1. Порядок сохранения жилища детей-сирот и детей,
                    оставшихся без попечения родителей
      1. Органы, осуществляющие функции по опеке или попечительству, принимают меры по:
      1) обеспечению сохранности жилища, закрепленного за детьми-сиротами и детьми, оставшимися без попечения родителей;
      2) управлению жилищем, закрепленным за детьми-сиротами и детьми, оставшимися без попечения родителей, в котором никто не проживает или находится в другой местности, путем установления опеки над жилищем.
      2. Сохранность жилища, закрепленного за детьми-сиротами и детьми, оставшимися без попечения родителей, обеспечивают законные представители и администрации организаций образования, медицинских организаций и организаций социальной защиты населения.
      3. Законные представители и администрации организаций образования, медицинских организаций и организаций социальной защиты населения с согласия органа, осуществляющего функции по опеке или попечительству, могут осуществлять передачу жилища, закрепленного за детьми-сиротами и детьми, оставшимися без попечения родителей, по договору найма гражданам, нуждающимся в жилом помещении, или в аренду юридическим лицам.
      Денежные средства, полученные по договору найма или аренды жилого помещения, подлежат зачислению на лицевой и (или) карточный счет детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей.
      Родственники, проживающие в жилище, закрепленном за детьми-сиротами и детьми, оставшимися без попечения родителей, несут ответственность за сохранность и содержание жилища, производят оплату коммунальных услуг.».
      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.        Президент
      Республики Казахстан