Ескерту. Заңның жобасы ҚР Парламентінің Мәжілісінен кері қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 30.06.2014 № 751 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ювеналдық әділетті жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
ювеналдық әділетті жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 24, 196-құжат; 2012ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 93-құжат):
1) 7-бап мынадай мазмұндағы 44) тармақшасымен толықтырылсын:
«44) әлеуметтік психолог – әлеуметтік топтарға кәмелетке толмағандарды қосу барысында моральдық, әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсететін олардың мінез-құлқын және заңдылығын зерттейтін маман.».
2) 84-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге маман ретінде қатысу үшін қылмыстық процестің қатысушыларына өзінің арнайы құзыретіне жататын түсіндіру жолымен дәлелдерді жинауда, зерттеуде және бағалауда, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдарды қолдануда жәрдем көрсету үшін қажетті арнаулы білімі бар, іске мүдделі емес адам тартылуы мүмкін. Кәмелетке толмағандар қатысатын тергеуге және өзге де iс жүргiзу әрекеттерiне қатысушы педагог те, әлеуметтік психолог, сондай-ақ оны сарапшы етiп тағайындаған жағдайларды қоспағанда, тергеу және өзге де iс жүргiзу процестерiне қатысушы дәрiгер де мамандар болып табылады.».
3) 215-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кәмелетке толмаған куәдан немесе жәбірленушіден жауап алу кезінде әлеуметтік психолог, сондай-ақ оның заңды өкілдері және педагог қатысады.»;
мынадай редакциядағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Кәмелетке толмаған куәдан, жәбірленушіден жауап алу күндiзгi уақытта жүргiзiледi және оны үзiлiссiз екi сағаттан артық, ал жалпы алғанда - күнiне төрт сағаттан артық жүргізуге болмайды. Кәмелетке толмаған анық шаршаған жағдайда жауап алу осы уақыт аяқталмай-ақ тоқтатылуы тиiс.»;
4) 485-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кәмелетке толмаған айыпталушыдан, күдіктіден жауап алу осы Кодекстің 216, 217-баптарында көзделген тәртіппен қорғаушының, заңды өкілінің, әлеуметтік психологтың және педагогтің қатысуымен жүргізіледі. Қорғаушы жауап берушіге сұрақ қоюға, ал жауап алу аяқталғаннан кейін хаттамамен танысуға, айғақтар жазбасының дұрыстығы мен толықтығы туралы ескертулер жасауға құқылы.»;
5) 488-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«488-бап. Педагог пен әлеуметтік психологтың қатысуы
1. Кәмелетке толмаған күдіктiнiң, айыпталушының қатысуымен іс жүргізу әрекетін жүргізу кезінде әлеуметтік психологтың және педагогтің қатысуы мiндеттi.
2. Психолог, әлеуметтік педагог тергеушінің, соттың рұқсатымен кәмелетке толмаған күдіктiге, айыпталушыға сұрақ қоюға, ал іс жүргізу әрекеті аяқталғаннан кейін тергеу әрекетінің хаттамасымен (олардың сот талқылауына қатысуын көрсететін бөлігінде сот отырысының хаттамасымен) танысуға және онда жасалған жазбалардың дұрыстығы мен толықтығы туралы жазбаша ескертулер жасауға құқылы, тергеушінің, соттың қалауы бойынша кәмелетке толмағанның жеке басын сипаттайтын іс материалдарымен танысуға құқығы бар. Бұл құқықтарды тергеуші педагогке, психологқа іс жүргізу әрекеттері басталар алдында түсіндіреді, ол туралы тергеу әрекетінің хаттамасында, сот отырысының хаттамасында белгі жасалады.»;
6) 489-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кәмелетке толмаған күдіктінің, айыпталушының интеллектуалдық, ерiк-жiгер, психикалық дамуының деңгейiн, жеке басының өзге де әлеуметтiк-психологиялық қырларын анықтау үшiн психологиялық сараптама тағайындалады.».
2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар, № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар, № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат):
1) 72-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға тәрбиелік ықпал ету шаралары қолданыла отырып, әкiмшiлiк жаза тағайындалуы мүмкiн.»;
2) 77-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу белгiлi бiр орындарға баруға, бос уақытын өткiзудiң белгiлi бiр нысандарын, оның iшiнде көлiк құралдарын пайдалануға, тәулiктiң белгiлi бiр уақытынан кейiн үйден тыс жерлерде болуға, соттың не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды тұлғаның) рұқсатынсыз басқа жерлерге кетуге тыйым салуды көздеуi мүмкiн. Кәмелетке толмаған адамға қатысты құқық бұзушының мінез-құлқына осы Кодекстің 59-1-бабында көзделген ерекше талаптар белгіленуі, сондай-ақ, оқуды аяқтау не кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның көмегiмен жұмысқа тұру талабы қойылуы мүмкiн.».
3. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат):
1) 1-баптың 1 тармағының 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
« 20) қиын өмір жағдайындағы бала (балалар) – қалыптасқан жағдайлар салдарынан өмір тіршілігі бұзылған және осы мән-жағдайларды өз бетінше немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын бала (балалар); ерекше тәртіпте ұстайтын білім беру ұйымдарындағы бала (балалар);».
4. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 17, 154-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; № 17, 81-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат, № 11, 102-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 173-құжат; 2012 ж,. № 15, 97-құжат):
1) 1-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) өмірде қиын ахуалға тап болған балалар – қалыптасқан мән-жайлардың салдарынан, тіршілік етуі бұзылған және бұл мән-жайларды өз бетімен немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын балалар; ерекше тәртіпте ұстайтын білім беру ұйымдарындағы балалар;»;
5. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және бала қадағалаусыздығы мен қорғансыздығының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 105-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат):
1) 3-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) девиантты мінез-құлықты балаларды әлеуметтік оңалту, кәмелетке толмағандардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру жөніндегі мақсатты жұмысты қамтамасыз ету;»;
2) 15-бап мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) кәмелетке толмағанның жеке басы туралы мәлімет алу және оны әлеуметтік оңалту шаралары туралы ұсыныстар әзірлеу мақсатында әлеуметтік-психологиялық зерттеу жүргізуді;»;
«6-2) кәмелетке толмағанға жүргізілген әлеуметтік-психологиялық зерттеу есебін (баяндамасын) қылмыстық қудалау органдарына және сотқа табыс етуді, кәмелетке толмағанды әлеуметтік-психологиялық ілесіп алып жүру картасын жасауды;»;
3) 19-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) арнаулы білім беру ұйымдарының, ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарының және Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарда ұсталатын және түлектерін;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) қорғау нұсқамасы шығарылған;»;
4) 19-5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-5-бап. Профилактикалық есепке алу және бақылау
1. Профилактикалық есепке алу кәмелетке толмағандардың, оларды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналарының, заңды өкілдерінің мінез-құлқына профилактикалық бақылауды жүзеге асыру мақсатында ақпаратты жинау және тіркеу үшін жүргізіледі.»;
2. Профилактикалық есепке алу:
1) қорғау нұсқамасы шығарылған;
2) бос уақытын шектеу және мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы шешім қабылданған;
3) қылмыстық белгiлерi бар әрекет жасаған, қылмыстық жауапкершiлiкке тартылатын жасқа толмауына байланысты қылмыстық жауапкершілікке жатпайтын;
4) тұтқынға алумен байланысты емес бұлтартпау шаралары таңдап алынған қылмыс жасады деп айыпталған немесе күдiктi болған;
5) жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған;
6) шартты түрде сотталғандар, қоғамдық жұмыстарға тартуға сотталғандар, түзету жұмыстарына, бостандығынан айырумен байланысты емес басқа да жаза түрлеріне тартуға сотталғандар;
7) қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнен босатылған, сондай-ақ арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарынан оралған кәмелетке толмағандар қойылады.
3. Профилактикалық есепке кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналары, заңды өкілдері алынады.
4. Профилактикалық есепті ішкі істер органдары жүргізеді.
5. Профилактикалық бақылау профилактикалық есепте тұратын кәмелетке толмағандардың, оларды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мiнез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналарының, заңды өкілдерінің мінез-құлқына жүйелі түрде байқау жүргізу болып табылады.
6. Мүдделі адамдар профилактикалық есепке қоюға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте шағым жасауы мүмкін.
7. Ішкі істер органдары кәмелетке толмағанға, оларды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту, сондай-ақ олардың мiнез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағанның ата-анасына, заңды өкіліне профилактикалық есепке қою туралы шешім шығарылған күні не соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде профилактикалық есепке қойылғаны туралы жазбаша нысанда хабарлайды.
8. Профилактикалық бақылау профилактикалық есептің қолданыс мерзімі ішінде жүзеге асырылады. Профилактикалық бақылаудың қолданыс мерзімі өткеннен кейін, адам профилактикалық есептен шығарылады, оған бұл туралы жазбаша нысанда хабарланады.
9. Профилактикалық есепте қамтылған мәліметтер кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі міндеттерді шешу шеңберінде ғана пайдаланылуы мүмкін.
10. Профилактикалық есепке алуды жүргізу Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
5) 22-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) қажетті психологиялық көмек алуға құқығы бар.».
6. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж. № 24, 127-құжат, 2009 ж., № 18, 84-құжат, 2010 ж., № 5, 23-құжат, 2011 ж. № 1, 2-құжат, № 11, 102-құжат, № 12, 11-құжат, 2012 ж., № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат):
1) 5-бап мынадай мазмұндағы 8 тармақпен толықтырылсын:
«8 Ерекше тәртіпте ұстайтын білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандарға арнаулы әлеуметтік қызметтердің қосымша көлемін көрсетудің тізбесі мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітіледі.»;
2) 6-бап мынадай редакциядағы 3-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«3-1) кәмелетке толмағандардың ерекше тәртіпте ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;»;
3) 12-баптың 1 тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) ерекше тәртіпте ұстайтын білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандарды қоспағанда, арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін және (немесе) ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді таңдауға;».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті