Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1680 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 15, 251-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірлері 24, 25-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 28-5 және 28-6-жолдармен толықтырылсын:
«
28-5 |
Мемлекеттік қызметтер туралы |
ЭДСМ |
Мамыр |
Шілде |
Қараша |
Д.М. Шәженова |
28-6 |
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
ЭДСМ |
Мамыр |
Шілде |
Қараша |
Д.М. Шәженова |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов