Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 қарашадағы № 1405 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
      14-тармақтың «ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын ұйымдар мен пайдаланушылардың арасындағы туындыларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланудың тиісті тәсілдеріне жасалған лицензиялық шарттарды тіркеу, мемлекеттік тіркеу куәліктерін беру» деген бір жүз қырық төртінші абзацы алынып тасталсын;
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.01.2014 № 34 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.01.2014 № 34 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               С. Ахметов

О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 ноября 2012 года № 1405

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменения:
      1) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1120 «Вопросы Министерства юстиции Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2004 г., № 41, ст. 532):
      в Положении о Министерстве юстиции Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:
      абзац сто сорок четвертый пункта 14 «регистрацию лицензионных договоров, заключенных между организациями, управляющими имущественными правами на коллективной основе, и пользователями, на соответствующие способы использования произведений и объектов смежных прав, выдачу государственных регистрационных удостоверений» исключить;
      2) утратил силу постановлением Правительства РК от 28.01.2014 № 34 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Пункт 1 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 28.01.2014 № 34 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования. 

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов