"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2219 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 1423 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 14 қазандағы № 759 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 14.10.2019 № 759 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2219 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 3, 21-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау ережесінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджетте көзделген осы мақсаттарға белгіленген шығыстар шегінде жүргізіледі.";

      3-тармақта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бірінші кезеңде қорғаныстық тапсырыс өнімдеріне тапсырыс берушілер (бұдан әрі – тапсырыс берушілер) ағымдағы жылдың 20 мамырынан кешіктірмей уәкілетті органға 1-қосымшаға (қызмет бабында пайдалану үшін) сәйкес нысан бойынша үш жылдық кезеңге алдын ала өтінімдер ұсынады.";

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тапсырыс берушілер осы ескертулер келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде алынған ескертулерді ескере отырып, уәкілетті органға алдын ала өтінімдерін қайта ұсынады.";

      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тапсырыс берушілер (әрқайсысы жеке) Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет комиссиясының отырыстарында өздерінің бюджеттік өтінімдері құрамындағы қорғаныстық тапсырыстың тізбесін (номенклатурасын) қорғайды.";

      тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтінімдер үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасының бюджеті шығыстарының экономикалық сыныптамасының бағдарламалары, кіші бағдарламалары және ерекшеліктері бөлінісінде ұсынылады.";

      "Қорғаныстық тапсырысты орналастыру және орындау" деген бөлімнің атауы алынып тасталсын;

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қорғаныстық тапсырысты орындаушыларды таңдау уәкілетті органмен келісім бойынша отандық тауар өндірушілер, жұмыстарды, қызметтерді отандық жеткізушілер және/немесе уәкілетті ұйым ішінен басым тәртіппен, өндірістің қажетті шарттарын, оның ішінде мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды, тауарларды (өнімдерді) өндіру және/немесе жеткізу қабілеттілігін, әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) жұмысты жүргізуді және қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мүмкіндіктеріне сүйене отырып, талап етілген техникалық сыныптауына және ұсынылған бағасына сәйкес мемлекеттік тапсырыс берушілер жүргізеді.";

      5-тармақтың екінші бөлігінде:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл үшін тапсырыс беруші үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей отандық тауар өндірушілердің, әскери және қосарланған мақсаттағы жұмыстарды, қызметтерді отандық жеткізушілердің, уәкілетті ұйымның атына қорғаныстық тапсырыс өнімін сатып алу ниеті туралы сұрау салу жібереді. Мұндай сұрау салу мынадай мәліметтерді:";

      2), 3), 4), 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тауарлар (өнімдер) санын, орындалатын жұмыстардың, қызметтердің көлемдерін;

      3) тауарларды (өнімдерді) жеткізудің, жұмыстарды, қызметтерді орындаудың орнын және талап етілетін мерзімдерін;

      4) жеткізілетін тауарларға (өнімдерге), орындалатын жұмыстарға, қызметтерге арналған кепілдеменің мерзімін;

      5) құны тауарлардың (өнімдердің), жұмыстардың, қызметтердің құнына қосылуы тиіс ілеспелі қызметтердің тізбесін;";

      6-тармақта:

      бірінші бөліктің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қорғаныстық тапсырыс мәні болып табылатын тауарларды (өнімдерді), жұмыстар мен қызметтерді өндіру үшін қажетті қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруға лицензияның, өндірістік қуаттардың және технологиялық жабдықтың (ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар саласында мамандандырылған, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақта орналасқан орындаушылардан басқа, жеке меншік құқығында), еңбек ресурстарының болуы.";

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуы шеңберінде инвестициялық жобаларды орындайтын, өндірістік қуатты жаңғыртуды және жарақтандыруды, жаңа өндірістерді, цехтарды салуды, мамандарды оқытуды жүзеге асыратын, технологиялар трансферті жөніндегі офсеттік саясатты қолданатын және шетелдік өндірушілермен өндірістің жаңа бағыттарын, перспективалы тауарларды (өнімдерді), жұмыстар мен әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) қызметтерді игеруді болжайтын кооперацияларды құратын отандық тауар өндірушілер, халықаралық шарттарда көзделген қорғаныстық тапсырыс өнімін сатып алу бойынша жұмыстарды, әскери және қосарланған мақсаттағы қызметтерді отандық жеткізушілер қорғаныстық тапсырысты басым түрде орындаушы болып табылады.";

      7-тармақта:

      екінші, үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тапсырыс беруші үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет бекітілгеннен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей уәкілетті ұйымның атына осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылған сұрау салуды жібереді.

      Уәкілетті ұйым үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет бекітілгеннен кейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей тапсырыс берушіге сұрау салуға сәйкес және баға ұсыныстарын көрсете отырып, жазбаша және/немесе электронды түрде жауап береді.";

      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті ұйым қорғаныстық тапсырысты орындауға шарт жасасқанға дейін ұсынылатын әскери және қосарланған мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), жұмыстардың, қызметтердің бағасына негіздеме жасайды.";

      мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Тапсырыс берушінің орындаушыларда қызметтің тиісті түрін, қорғаныстық тапсырыстың мәні болып табылатын тауарларды (өнімдерді), жұмыстар мен қызметтерді өндіру үшін қажетті өндірістік қуат пен технологиялық жабдықты, еңбек ресурстарын жүзеге асыруға лицензиялардың болуын тексеруі, сондай-ақ тауарларға (өнімдерге), жұмыстар мен қызметтерге баға белгілеу мәселелері жөніндегі құжаттарды қарауы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарына келісуге жолдағанға дейін аяқталуға тиіс.";

      7-тармақтан кейін мынадай мазмұндағы бөлімнің атауымен толықтырылсын:

      "Қорғаныстық тапсырысты орналастыру және орындау";

      8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Шарттар жасасу жөніндегі рәсімдер қорғаныстық тапсырыс бекітілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.";

      11-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қорғаныстық тапсырысты орындаушылар қорғаныстық тапсырыс құрамына кіретін әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), жұмыстар мен қызметтерді жеткізуді шартта белгіленген мерзімдерде және бағалар бойынша жүзеге асырады.";

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қорғаныстық тапсырысты орындау шарты бойынша жеткізілетін тауарлардың (өнімдердің), әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) жұмыстардың, қызметтердің сапасы нормативтік және техникалық құжаттардың талаптарына және шарттың талаптарына сәйкес болуы тиіс.";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қорғаныстық тапсырысты орындау сапасын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өнімнің өндірістік циклінің барлық сатыларында әскери өкілдік жүзеге асырады.";

      13-тармақта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті орган жыл сайын, 15 сәуірден кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметіне қорғаныстық тапсырыстың өткен жылы іске асырылуы туралы жылдық есеп ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік тапсырыс берушілер (қажет болған жағдайда) құрылымдық бөлімшелер арасында қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру мен орналастыру жөніндегі өзара іс-қимыл үдерісін регламенттейтін (нақтылайтын) ведомствоішілік құжаттарды әзірлейді.

      Уәкілетті органға қорғаныстық тапсырыс өніміне өтінім берген мемлекеттік тапсырыс беруші (бюджеттік бағдарламаның орындаушысы) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Ереженің талаптарын орындамағаны (тиісінше орындамағаны) үшін жауапты болады.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2009 года № 2219 "Об утверждении Правил формирования, размещения и выполнения государственного оборонного заказа Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 9 ноября 2012 года № 1423. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 октября 2019 года № 759 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 14.10.2019 № 759 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2009 года № 2219 "Об утверждении Правил формирования, размещения и выполнения государственного оборонного заказа Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2010 г., № 3, ст. 21) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах формирования, размещения и выполнения государственного оборонного заказа Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Формирование оборонного заказа производится в пределах установленных расходов на эти цели, предусмотренных республиканским бюджетом на трехлетний период.";

      в пункте 3:

      часть вторую изложить в следующей редакции:

      "На первом этапе государственные заказчики продукции оборонного заказа (далее - заказчики) представляют уполномоченному органу не позднее 20 мая текущего года предварительные заявки на трехлетний период по форме согласно приложению 1 (для служебного пользования).";

      часть пятую изложить в следующей редакции:

      "В течение десяти календарных дней со дня поступления данных замечаний заказчики повторно представляют в уполномоченный орган предварительные заявки с учетом полученных замечаний.";

      часть седьмую изложить в следующей редакции:

      "Заказчики (каждый в отдельности) на заседаниях Республиканской бюджетной комиссии Республики Казахстан защищают перечень (номенклатуру) оборонного заказа в составе своих бюджетных заявок.";

      часть девятую изложить в следующей редакции:

      "Заявки представляются в разрезе программ, подпрограмм и специфик экономической классификации расходов бюджета Республики Казахстан, предусмотренных республиканским бюджетом на трехлетний период.";

      заголовок раздела "Размещение и выполнение оборонного заказа" исключить;

      часть вторую пункта 4 изложить в следующей редакции:

      "Выбор исполнителей оборонного заказа производится заказчиками по согласованию с уполномоченным органом в приоритетном порядке из числа отечественных товаропроизводителей, отечественных поставщиков работ, услуг и/или уполномоченной организации, исходя из возможностей обеспечения необходимых условий производства, в том числе защиты сведений, составляющих государственные секреты, способности произвести и/или поставить товары (продукция), работы и услуги военного и двойного назначения (применения) требуемой технической спецификации и предлагаемой цены.";

      в части второй пункта 5:

      абзац первый изложить в следующей редакции:

      "Для этого заказчик не позднее чем через десять календарных дней со дня утверждения республиканского бюджета на трехлетний период направляет запрос о намерении закупки продукции оборонного заказа в адрес отечественных товаропроизводителей, отечественных поставщиков работ, услуг военного и двойного назначения и уполномоченной организации. Такой запрос содержит следующие сведения:";

      подпункты 2), 3), 4), 5) изложить в следующей редакции:

      "2) количество товара (продукции), объемы выполняемых работ, услуг;";

      "3) место и требуемые сроки поставки товара (продукции), выполнения работ, услуг;";

      "4) срок гарантии на поставляемые товары (продукция), выполняемые работы, услуги;";

      "5) перечень сопутствующих услуг, стоимость которых должна быть включена в стоимость товара (продукции), работ, услуг;";

      в пункте 6:

      подпункт 3) части первой изложить в следующей редакции:

      "3) наличие лицензии на осуществление соответствующего вида деятельности, производственных мощностей и технологического оборудования (на правах собственности, за исключением исполнителей, специализирующихся в области научно-исследовательских и опытно-конструкторских работ, а также расположенных в специальной экономической зоне), трудовых ресурсов, необходимых для производства товаров (продукции), работ и услуг, являющихся предметом оборонного заказа.";

      часть третью изложить в следующей редакции:

      "Также в приоритетном порядке признаются исполнителем оборонного заказа отечественные товаропроизводители, отечественные поставщики работ, услуг военного и двойного назначения по закупкам продукции оборонного заказа, предусмотренным международными договорами, выполняющие инвестиционные проекты в рамках индустриально-инновационного развития Республики Казахстан, осуществляющие модернизацию и оснащение производственных мощностей, строительство новых производств, цехов, обучение специалистов, применяющие офсетную политику по трансферту технологий и создающие кооперации с зарубежными производителями, предполагающие освоение новых направлений производств, перспективных товаров (продукции), работ и услуги военного и двойного назначения (применения).";

      в пункте 7:

      части вторую, третью изложить в следующей редакции:

      "Заказчик, не позднее чем через десять календарных дней со дня утверждения республиканского бюджета на трехлетний период направляет в адрес уполномоченной организации запрос, содержащий сведения, указанные в пункте 5 настоящих Правил.

      Уполномоченная организация не позднее чем через двадцать календарных дней после утверждения республиканского бюджета на трехлетний период представляет заказчику ответ в письменном и/или электронном виде в соответствии с запросом и указанием ценового предложения.";

      часть шестую изложить в следующей редакции:

      "Уполномоченная организация до заключения договора на исполнение оборонного заказа обосновывает цену предлагаемых товаров (продукции), работ, услуг военного и двойного назначения.";

      дополнить частью восьмой следующего содержания:

      "Выполнение Заказчиком проверки наличия у исполнителей лицензий на осуществление соответствующего вида деятельности, производственных мощностей и технологического оборудования, трудовых ресурсов, необходимых для производства товаров (продукции), работ и услуг, являющихся предметом оборонного заказа, а также рассмотрение документов по вопросам ценообразования на товары (продукцию), работы и услуги должны быть завершены до направления проекта постановления Правительства Республики Казахстан "Об утверждении государственного оборонного заказа Республики Казахстан" на согласование в заинтересованные государственные органы Республики Казахстан.";

      после пункта 7 дополнить заголовком раздела следующего содержания:

      "Размещение и выполнение оборонного заказа";

      пункт 8 дополнить частью второй следующего содержания:

      "Процедуры по заключению договоров не должны превышать тридцати календарных дней со дня утверждения оборонного заказа.";

      в пункте 11:

      часть первую изложить в следующей редакции:

      "Исполнители оборонного заказа осуществляют поставку товаров (продукции), работ и услуг военного и двойного назначения (применения), входящих в состав оборонного заказа, в сроки и по ценам, установленным в договоре.";

      часть третью изложить в следующей редакции:

      "Качество товаров (продукции), работ и услуг военного и двойного назначения (применения), поставляемых по договору на выполнение оборонного заказа, должно соответствовать требованиям нормативной и технической документации и условиям договора.";

      дополнить частью четвертой следующего содержания:

      "Контроль качества исполнения оборонного заказа осуществляется военным представительством на всех стадиях производственного цикла продукции в соответствии с законодательством Республики Казахстан.";

      в пункте 13:

      часть третью изложить в следующей редакции:

      "Уполномоченный орган ежегодно, не позднее 15 апреля, представляет в Правительство Республики Казахстан годовой отчет о реализации оборонного заказа за предыдущий год.";

      дополнить частями четвертой и пятой следующего содержания:

      "Государственные заказчики (по необходимости) разрабатывают внутриведомственные документы, регламентирующие (детализирующие) процессы взаимодействия между структурными подразделениями по формированию и размещению оборонного заказа.

      Государственный заказчик (исполнитель бюджетной программы), подавший в уполномоченный орган заявку на продукцию оборонного заказа, несет ответственность за неисполнение (ненадлежащее исполнение) требований настоящих Правил в соответствии с законодательством Республики Казахстан.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

С. Ахметов