Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 648-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 4-қосымша мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«
8 |
Біліктілік деңгейі үшін қосымша ақы |
Көрсетілген қосымша ақыны белгілеу тәртібі мен шарттарын білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды |
||
«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДБҰ-ның оқу бағдарламалары бойынша біліктілікті арттырудан өткен және тиісті деңгейдегі бағдарлама бойынша сертификат алған бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне: |
||||
бірінші (ілгері) деңгейдегі |
ЛЖ-дан 100 % |
|||
екінші (негізгі) деңгейдегі |
ЛЖ-дан |
|||
үшінші (базалық) деңгейдегі |
ЛЖ-дан |
».
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов