1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Әулие ата халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – қоғам) жасанды ұшып көтерілу-қону жолағын, № 2 рульдеу жолын және жарық-сигнал жабдығын мемлекеттік меншікке өтеусіз негізде иеліктен шығарып, кейіннен оларды қоғамға сенімгерлікпен басқаруға беру жөнінде мәміле жасасуға рұқсат берілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов