Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің "Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қарашадағы № 1462 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы» мемлекеттік мекемесі оған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Шалқар обаға қарсы күрес станциясы» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен заңнамада белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1125 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 42, 534-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «Мемлекеттік мекемелер» деген бөлімдегі реттік нөмірі 10-жол алынып тасталсын;
      2) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      13-бөлімнің 3-бағанында:
      «Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы» деген жолда «103» деген сандар «194» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Орал обаға қарсы күрес станциясы» деген жолда «320» деген сандар «322» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Шымкент обаға қарсы күрес станциясы» деген жолда «134» деген сандар «136» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Шалқар обаға қарсы күрес станциясы 95» деген жол алынып тасталсын.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               С. Ахметов

О реорганизации государственного учреждения "Актюбинская противочумная станция" Комитета государственного санитарно-эпидемиологического надзора Министерства здравоохранения Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 ноября 2012 года № 1462

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Реорганизовать в установленном законодательством порядке государственное учреждение «Актюбинская противочумная станция» Комитета государственного санитарно-эпидемиологического надзора Министерства здравоохранения Республики Казахстан путем присоединения к нему государственного учреждения «Шалкарская противочумная станция» Комитета государственного санитарно-эпидемиологического надзора Министерства здравоохранения Республики Казахстан.
      2. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменения:
      1) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 29 октября 2004 года № 1125 «Вопросы Комитета государственного санитарно-эпидемиологического надзора Министерства здравоохранения Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2004 г., № 42, ст. 534):
      в перечне организаций, находящихся в ведении Комитета государственного санитарно-эпидемиологического надзора Министерства здравоохранения Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:
      в разделе «Государственные учреждения» строку, порядковый номер 10, исключить;
      2) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2008 года № 339 «Об утверждении лимитов штатной численности министерств и иных центральных исполнительных органов с учетом численности их территориальных органов и подведомственных им государственных учреждений»:
      в лимитах штатной численности министерств и иных центральных исполнительных органов с учетом численности их территориальных органов и подведомственных им государственных учреждений, утвержденных указанным постановлением:
      в графе 3 раздела 13:
      в строке «Актюбинская противочумная станция» цифры «103» заменить цифрами «194»;
      в строке «Уральская противочумная станция» цифры «320» заменить цифрами «322»;
      в строке «Шымкентская противочумная станция» цифры «134» заменить цифрами «136»;
      строку «Шалкарская противочумная станция 95» исключить.
      3. Министерству здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством порядке принять необходимые меры по реализации настоящего постановления.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов