Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Тұқым шаруашылығы саласындағы кейбiр субъектiлердi аттестаттау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1393 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 4, 78-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгізiлсiн:
1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бірегей және элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларын бекiту туралы»;
2) 1-тармақтың 2), 3) тармақшалары алынып тасталсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Бiрегей және элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жеке және заңды тұлғаларға бiрегей тұқым өндiрушi, элиталық тұқым шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, тұқым өткiзушi мәртебесiн беру жергiлiктi атқарушы органның қаулысымен жүзеге асырылады.
Жергiлiктi атқарушы органның ауыл шаруашылығы саласындағы тиiстi құрылымдық бөлiмшесi жергiлiктi атқарушы органның жұмыс органы болып табылады.»;
8-тармақтың 12) және 13) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«12) бiрегей тұқым өндiру жүргiзiлетiн ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi түрлерiнiң бiрегей тұқымдарын өндiру жөнiндегi жұмыстардың бүкіл кешенiн қамтамасыз ету үшiн меншiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқарудағы мамандандырылған арнайы селекциялық және тұқым шаруашылығы техникасының болуы;
13) тұқымдар партияларын олардың араласуына жол бермей орналастыруға мүмкіндік беретін меншiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқарудағы мамандандырылған қырмандардың, тұқымдарды сақтауға арналған сыйымдылықтардың (қоймалық үй-жайлардың және (немесе) сүрлем үлгісіндегі қоймалардың және (немесе) бункерлердің), арнайы ыдыстың, асфальтталған жабық алаңдардың, жемiс, жидек дақылдары мен жүзiмге арналған көму алаңдарының болуы;»;
9-тармақта:
16), 17), 20) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«16) элиталық тұқымның жоспарланған көлемiн өндiру жөнiндегi жұмыстар кешенiн қамтамасыз етуге арналған меншiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқарудағы тұқым тазалайтын техниканы және тұқымды дәрiлейтiн техниканы қоса алғанда, ауыл шаруашылығы техникасының болуы;
17) тұқымдар партияларын олардың араласуына жол бермей орналастыруға мүмкіндік беретін меншiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқарудағы мамандандырылған қырмандардың, тұқымдарды сақтауға арналған сыйымдылықтардың (қоймалық үй-жайлардың және (немесе) сүрлем үлгісіндегі қоймалардың және (немесе) бункерлердің), арнайы ыдыстың, асфальтталған жабық алаңдардың, жемiс, жидек дақылдары мен жүзiмге арналған көму алаңдарының болуы;
20) жоспарланған жұмыс көлемін білікті түрде орындау үшін тиісті білімі бар (ортадан кейінгі немесе жоғары) штат кестесінде көзделген мамандар санының, оның ішінде кемінде бір агроном-тұқымшының болуы;»;
мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:
«22) элиталық тұқымдарды өндiруге қойылатын талаптарға сәйкес оларды өндiрудi жүргiзу үшiн егiстiк алаңның (суармалы жерлерде - сумен қамтамасыз етiлген ауыспалы егiстiктiң) болуы тиіс.»;
10-тармақтың 15) және 16) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«15) бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқымдардың жоспарланған көлемiн өндiру жөнiндегi жұмыстардың бүкіл кешенiн қамтамасыз ету үшiн меншiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқарудағы тұқым тазалайтын техниканы және тұқымды дәрiлеуге арналған техниканы қоса алғанда, ауыл шаруашылығы техникасының болуы;
16) тұқымдар партияларын олардың араласуына жол бермей орналастыруға мүмкіндік беретін меншiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқарудағы мамандандырылған қырмандардың, тұқымдарды сақтауға арналған сыйымдылықтардың (қоймалық үй-жайлардың және (немесе) сүрлем үлгісіндегі қоймалардың және (немесе) бункерлердің), арнайы ыдыстың, асфальтталған жабық алаңдардың, жемiс, жидек дақылдары мен жүзiмге арналған көму алаңдарының болуы;»;
11-тармақтың 1), 3), 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жоспарланған жұмыс көлемін білікті түрде орындау үшін тиісті білімі бар (ортадан кейінгі немесе жоғары) штат кестесінде көзделген мамандар санының, оның ішінде кемінде бір агроном-тұқымшының болуы;
3) тұқымдар партияларын олардың араласуына жол бермей орналастыруға мүмкіндік беретін меншiк, лизинг немесе мүлiктiк жалға алу құқығындағы не сенiмгерлiк басқарудағы мамандандырылған қырмандардың, тұқымдарды сақтауға арналған сыйымдылықтардың (қоймалық үй-жайлардың және (немесе) сүрлем үлгісіндегі қоймалардың және (немесе) бункерлердің), арнайы ыдыстың, асфальтталған жабық алаңдардың, жемiс, жидек дақылдары мен жүзiмге арналған көму алаңдарының болуы;
4) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң тұқымдарын сақтау, тазалау және өткiзу жөнiндегi барлық жұмыстар кешенiн қамтамасыз ету үшiн меншiк құқығындағы немесе лизингке немесе мүлiктiк жалға не сенiмгерлiк басқаруға алынған мамандандырылған техниканың болуы;»;
12, 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Бірегей тұқым өндіруші, элиталық тұқым шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, тұқым өткізуші мәртебесін алу үшін жеке және заңды тұлғалар жергілікті атқарушы органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтініш;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) жер учаскесіне арналған сәйкестендіру құжатының көшірмесі (тұқым өткізушілер тапсырмайды);
4) жеке немесе заңды тұлғаның осы Қағидалардың 2-тарауында баяндалған талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар;
5) тұқым өндірумен тікелей айналысатын мамандардың тізімі.
Жергілікті атқарушы орган бiрегей тұқым өндiрушi, элиталық тұқым шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, тұқым өткiзушi мәртебесiн алуға жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі белгіленген жағдайда жергілікті атқарушы орган көрсетілген мерзімде өтінішті бұдан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
13. Жергiлiктi атқарушы органның қаулысымен құрамы кемiнде бес адамнан тұратын (комиссияның төрағасы және төрт мүшесi) сараптамалық комиссия құрылады.
Сараптамалық комиссияның құрамына жергiлiктi атқарушы органның ауыл шаруашылығы саласындағы тиiстi құрылымдық бөлiмшесiнің, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң облыстық аумақтық инспекциясының, аграрлық бейiндегi ғылыми және қоғамдық ұйымдардың (келiсiм бойынша) өкiлдерi кiредi.
Сараптамалық комиссия жеке немесе заңды тұлғаның аттестаттауға өтiнiшi түскен күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттарды зерделейдi және орналасқан жерiне бару арқылы жеке немесе заңды тұлғаның бiрегей тұқым өндiрушiлерге, элиталық тұқым шаруашылығына, тұқым шаруашылығына, тұқым өткiзушiлерге қойылатын талаптарға сәйкестiгi дәрежесiн анықтайды.»;
17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Бiрегей тұқым өндiрушi, элиталық тұқым шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, тұқым өткiзушi мәртебесiн беру туралы жеке немесе заңды тұлғаның өтiнiшiн қараудың жалпы мерзiмi өтініш түскен сәттен бастап жиырма жұмыс күнiнен аспауы тиiс.
18. Сараптамалық комиссияның оң қорытындысын алған жеке және заңды тұлғаларға жергiлiктi атқарушы органның қаулысымен бiрегей тұқым өндiрушi, элиталық тұқым шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, тұқым өткiзушi мәртебесi берiледi және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау туралы куәлiк берiледi.»;
көрсетілген Қағидаларға 2 және 3-қосымшалар осы қаулының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 29 қарашадағы
№ 1507 қаулысына
1-қосымша
Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi,
екiншi және үшiншi көбейтiлген
тұқым өндiрушiлердi және тұқым
өткiзушiлердi аттестаттау
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Жеке немесе заңды тұлғаның бiрегей тұқым өндiрушiлерге,
элиталық тұқым шаруашылықтарына, тұқым шаруашылықтарына, тұқым
өткiзушiлерге қойылатын талаптарға сәйкестiгiн тексеру актiсi
20__ жылғы «___» ___________ № ____
____________________________________________ облысының (республикалық
маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының 20__
жылғы «__» __________ № ___ қаулысымен құрылған сараптамалық комиссия
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң
_____________________________________________________________________
аты көрсетіледі) (ауыл шаруашылығы өсiмдiгiнiң атауы, сорттардың саны
_____________________________________________________________________
(бірегей тұқым өндірушілер үшін сорттардың саны көрсетілмейді)
көрсетіледі)
тұқымын өндiру және сату (тұқым өткiзушiлер үшiн – тек тұқым сату)
жөнiндегi ___________________________________________________________
(берiлетiн мәртебе түрлерiнiң бiреуi көрсетiледi)
мәртебесiне сәйкестiгiн тексеру нәтижелерi туралы осы актiнi жасады.
Зерттеу нәтижесiнде белгiлi болғаны:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(талаптардың әрбiр тармағы бойынша сәйкестiк дәрежесi көрсетiледi)
Қорытынды:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Комиссия төрағасы _____________________________ _______________
(тегі, аты-жөні, лауазымы) (қолы)
Комиссия мүшелерi _____________________________ _______________
(тегі, аты-жөні, лауазымы) (қолы)
_____________________________ _______________
(тегі, аты-жөні, лауазымы) (қолы)
_____________________________ _______________
(тегі, аты-жөні, лауазымы) (қолы)
_____________________________ _______________
(тегі, аты-жөні, лауазымы) (қолы)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 29 қарашадағы
№ 1507 қаулысына
2-қосымша
Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi,
екiншi және үшiншi көбейтiлген
тұқым өндiрушiлердi және тұқым
өткiзушiлердi аттестаттау
қағидаларына
3-қосымша
Нысан
№ ____ аттестаттау туралы куәлік
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң
_______________________ берілді, оған _______________________________
аты көрсетіледі)
облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi
атқарушы органының 20__ жылғы «__» ____________ № _______ қаулысымен
_____________________________________________________________________
(ауыл шаруашылығы өсiмдiгiнiң атауы, сорттардың саны (бірегей
_____________________________________________________________________
тұқым өндірушілер үшін сорттардың саны көрсетілмейді) көрсетіледі)
тұқымын өндiру және сату (тұқым өткiзушiлер үшiн – тек тұқым сату)
жөнiндегi ________________________________________ мәртебесi берiлді.
(берiлетiн мәртебе түрлерiнiң бiреуi көрсетiледi)
Басшы ____________________________________________ __________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты) (қолы)
Лауазымы ____________________________________________________________
Берiлген күнi: 20__ жылғы «___» _______________
М.О.
20__ жылғы «___» ___________________ дейiн жарамды.