Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптарды бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 1552 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 141 бұйрығын қараңыз.

      «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 6-3) тармақшасына сәйкес  Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптар бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 1552 қаулысымен   
бекiтiлген     

Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын
мiндеттi талаптар 1. Жалпы ережелер

      1. Осы тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптар (бұдан әрі – міндетті талаптар) тауар биржалары пайдаланатын электрондық сауда жүйесіне талаптарды белгілейді.
      2. Осы міндетті талаптар тауар биржаларының бағдарламалық және аппараттық қамтылымына, ақпараттық қауіпсіздікке, жабдықтарды орналастыруға қойылатын талаптарды, сондай-ақ тауар биржасының электрондық сауда жүйесінің тиімді және үздіксіз жұмыс істеуі мақсатында сақталуы қажет өзге ұйымдастырушылық-техникалық талаптарды қамтиды.
      3. Тауар биржаларының осы міндетті талаптарға жауап бермейтін электрондық сауда жүйелерiн пайдалануына жол берілмейді.
      4. Осы міндетті талаптарда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) бағдарламалық құрал (бұдан әрі – БҚ) – бағдарламалардан, рәсімдерден, ережелерден, деректерді өңдеу жүйесінің жұмыс істеуіне қатысты басқа ілеспелі құжаттамалар мен деректерден тұратын объекті;
      2) тауар биржаларының электрондық сауда жүйесi (бұдан әрі – ТБЭСЖ) – электрондық биржалық сауда-саттықты өткiзу үшін қажеттi және биржалық мәмiлелер мен клиринг жасасу, сондай-ақ ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және ашу процесiн автоматтандыруды қамтамасыз ететін, тауар биржасының есептеу құралдары, бағдарламалық қамтылымы, дерекқорлары, телекоммуникациялық құралдары және басқа да жабдықтары кешенi;
      3) сервер – желі ресурстарының нақты түрін басқаратын есептеу машинасы (жүйесі);
      4) жұмыс стансасы (терминал) – тауар биржасының электрондық сауда жүйесiне қосылған биржа мүшесінде болатын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымы бар компьютер.

2. Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын
мiндеттi талаптар

      5. ТБЭСЖ:
      1) жергілікті есептеу желілер жағдайларында жұмыс істеуді;
      2) корпоративті есептеу желілері жағдайларында жұмыс істеуді;
      3) дерекқорлармен байланыс негізінде брокерлер, дилерлер және олардың клиенттері туралы ақпаратты ұйымдастыруды, сақтауды және көрсетуді;
      4) дерекқорлармен байланыс негізінде өтінімдер, мәмілелер, сауда-саттық нәтижелері, хабарламалар бойынша ақпаратты сақтауды және көрсетуді;
      5) дерекқорда ақпаратты сақтау мен көрсетуді;
      6) қысқа нұсқаулықтармен, еске түсірулермен және түсіндірмелермен сүйемелденетін мәзір жүйесі арқылы бағдарламалық құралдар кешенінің жұмысын ұйымдастыруды;
      7) нақты уақыт режимінде жүйенің қатысушылары арасында тұрақты ақпарат алмасуды (өзара орналасу орнынан тәуелсіз);
      8) биржаның сауда залынан тыс жүйеде биржа мүшелерінің (брокерлер, дилерлер) жұмысын;
      9) кез-келген жұмыс стансасынан (терминалдан) енгізілген ақпараттың, тауар биржасының электрондық сауда жүйесiне қосылған барлық қатысушыларға шұғыл жалпыға қолжетімді болуын қамтамасыз ететін технологияны;
      10) жүйеде айналымдағы ақпаратты біріздендіруді биржалар алдын ала белгілеген ережелер бойынша қалыптастырылған жағдайда ғана ақпараттың жүйеге түсуін (қандай да бір жұмыс стансасынан енгізілген);
      11) сатылатын жекелеген активтер (қаржы құралдары, тауарлар және т.б.) нарығының жағдайы, активтер тобы, айналым көлемі, сұраныс пен ұсыныс көлемі, баға белгілеулер, ашық мүдде көлемі (іске асырылмаған көлем), лоттар мөлшері, әр түрлі өлшемдер бойынша ақпарат іздеудің тез және оңай процестері бойынша қажетті талдау материалын іріктемені қалыптастыруды;
      12) стандартты банкаралық алмасу хаттамаларының және биржалық ақпаратпен алмасу хаттамаларының көмегімен сыртқы жүйелермен ақпарат алмасу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
      6. ТБЭСЖ құрамында мынадай оқиғалар мен деректер:
      1) сауда-саттықтың ашылуы;
      2) сауда-саттықтың жабылуы;
      3) сауда-саттық қатысушысын сәйкестендіру;
      4) сауда-саттық қатысушысының жүйеге кіру уақыты;
      5) сауда-саттық қатысушысының жүйеден шығу уақыты;
      6) сауда-саттық қатысушысының өтінімін ұсыну уақыты;
      7) сауда-саттық қатысушысының өтінімін қайтарып алу уақыты;
      8) сауда-саттық қатысушысының өтінімін өзгерту уақыты;
      9) сауда-саттық қатысушысының мәміле жасау уақыты;
      10) актив атауы;
      11) өтінімдегі актив саны;
      12) лот саны;
      13) актив бағасы мазмұнын тіркейтін сауда-саттық сессиялары бойынша оқиғаларды есепке алудың автоматтандырылған есеп журналы (бұдан әрі – оқиғалар журналы) болуы тиіс.
      Уақытты тіркеу форматы – жыл, ай, күн, сағат, минут, секунд (кемінде 0,1 секундқа дейінгі дәлдікпен).
      7. ТБЭСЖ өткізілген биржалық сауда-саттық бойынша есептер деректерінің оқиғалар журналының мазмұнына қатаң сәйкестігін қамтамасыз етуі тиіс.
      8. ТБЭСЖ оқиғалар журналында орындалатын операцияға автоматты түрде берілетін бірегей нөмірді жүргізуді қамтамасыз етуі тиіс.
      9. ТБЭСЖ қол жеткізу шектелген ақпараттық ресурстарға жатады және жалпыға қолжетімді серверлерде орналастырылмайды.
      10. ТБЭСЖ бағдарламалық қамтылымына мынадай талаптар қойылуы тиіс:
      1) ТБЭСЖ БҚ лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып әзірленуі және қолданылуы тиіс;
      2) ақпараттың толық немесе ішінара жоғалуының алдын алу және дерекқор тұтастығы бұзылуының алдын алу үшін ТБЭСЖ БҚ пайдаланушы қателіктерін, техникалық істен шығу кезінде туындайтын қателіктерін және пайдаланушыға кейінгі іс-қимылдар сипатталған хабарламаларды бере отырып дерекқор қателіктерін өңдеуді қамтамасыз ететіндей құрылуы тиіс;
      3) ТБЭСЖ БҚ-да: пайдаланушыны сәйкестендіру (тану), бірдейлендіру (түпнұсқалылығын растау) и авторландыру (өкілдіктер беру); ТБЭСЖ ресурстарына қолжетімділікті бақылау; ТБЭСЖ болып жатқан оқиғаларды тіркеу және талдау; ТБЭСЖ ресурстарының тұтастығын бақылау сияқты функцияларды қамтамасыз ететін бағдарламалар жұмысына бақылау модулі болуы тиіс;
      4) ТБЭСЖ БҚ сауда-саттық қорытындылары бойынша қалыптастырылған шығару деректеріне өзгерістер енгізуге мүмкіндік бермеуі тиіс;
      5) ТБЭСЖ БҚ енгізілетін деректердің толықтығын және дұрыстығын бақылауды қамтамасыз етуі тиіс;
      6) ТБЭСЖ БҚ сауда-саттық жүйесі; есептік-клирингтік жүйе; ақпараттық-талдау жүйесі; деректер беру желісі (егер сауда-саттық жүйесінің технологиялық процесі осындай жүйемен өзара іс-қимыл жасауды көздейтін болса) бағдарламалық жүйелерді қамтуы (немесе қолданыстағы сияқты бағдарламалық жүйелермен электрондық өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етуі тиіс).
      11. ТБЭСЖ аппараттық қамтамасыз етілуіне мынадай талаптар қойылады:
      1) сервер және коммуникациялық жабдық биржаларда қабылданған жұмыстар регламентін қамтамасыз ету үшiн жеткiлiкті, бірақ секундына кемінде жүз транзакция жасау өнiмдiлiгін;
      2) ауқымдылық – ақпараттың өсіп отырған көлемін өңдеу мүмкiндігін қамтамасыз етуi тиіс;
      3) сенiмдiлігі жоғары жүйелерді ұйымдастыру үшiн серверді дисктi жинақтағыштар мен және «жедел алмастырылатын» қоректену көздерiмен (артық қоректенумен) жарақтандыру қажет;
      4) сервердiң желдету жүйесі температураны бақылау мүмкiндiгiне ие болуы тиіс;
      5) сервердiң қоректенуi үзiлiссiз қоректендіру құрылғысы арқылы кiретiн кернеудi тұрақтандырумен жүзеге асырылуы тиіс. Бұл ретте, үзiлiссiз қоректендіру құрылғысының қуаты сервер тұтынатын қуатқа байланысты таңдалуы және батареялардан жұмыс істеу уақыты кемiнде 30 минут болуын қамтамасыз етуi және номиналды қуаты 75 пайыздан аспайтын жүктемеде болуы тиіс;
      6) дисктi жинақтағыштарда, сондай-ақ, деректер сақтаудың сыртқы құрылғыларында деректерді резервтеу қамтамасыз етілуі тиіс;
      7) серверлер қателерді табу және түзету мамандандырылған жедел жадысымен жарақтануы тиіс;
      8) Желілік инфрақұрылым орнықты және ауқымды болуы тиіс. Желiлердiң орнықтылығы желіні кез келген аппараттық бас тартулардан қорғайтын физикалық артықшылықтан (құралдарды «жедел» резервтеу), серверлiк құралдар үшiн қосылыстарды агрегаттау хаттамаларын пайдаланудан тұрады.
      ТБЭСЖ-ге жалпы пайдалану каналдары арқылы алшақ қосылу кезінде кемінде екі тәуелсіз провайдер арқылы байланыс арналарын резервтеу көзделуі тиіс. Бұл ретте, резервтік байланыс арналарының кез келгенінен бас тартқан кезде автоматты арнааралық ауыстырып қосу күйіне келтірілуі тиіс.
      12. ТБЭСЖ ақпараттық қауіпсіздігі бойынша мынадай талаптар қойылады:
      1) ТБЭСЖ ақпараттық қауiпсiздiгі ұйымдастырушылық-техникалық шаралар мен ақпарат қорғаудың бағдарламалық-аппараттық құралдар кешенін қамтитын жүйемен қамтамасыз етiлуi тиіс;
      2) ТБЭСЖ деректерді рұқсат етiлмеген қолжетімділіктен қорғауды қамтитын деректердi көпдеңгейлi қорғауды қамтамасыз етуi тиіс – жүйеге кiрерде сәйкестендіру және бірдейлендіру рәсімдерін пайдалану, ақпаратты шифрлеу рәсімдерінің болуы, деректерге, пайдаланушылар өкiлеттiктерiне сәйкес олардың бiрнеше түрлерiнiң болуын көздейтін көпдеңгейлi қолжетімділік;
      3) тауар биржасының уәкілетті органы (директорлар кеңесі немесе басқарма) ТБЭСЖ ақпараттық қәуіпсіздігіне қатысты ТБЭСЖ құпия сөзбен қорғау және қолжетімділікті басқару; ТБЭСЖ физикалық қауiпсiздiгi; ТБЭСЖ деректерін резервтік көшiру және қалпына келтiру; қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерлерді және ТБЭСЖ қалыпты жұмыс істеуінің бұзылуымен байланысты себептер мен шарттарды уақтылы анықтауға бағытталған қауіпсіздік саясаты мәселелері бойынша ішкі нормативтік құжаттарды бекітуі тиіс;
      4) биржа қатысушыларының ТБЭСЖ-да ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалану арқылы жұмысы заңнамада белгіленген тәртіпте жүзеге асырылуы тиіс. Бұл ретте ақпарат алмасу үшін сауда-саттықтың технологиялық процесiнiң барлық қатысушылары үшiн бiрыңғай шифрлеу алгоритмі қолданылуы тиіс.
      5) ТБЭСЖ БҚ ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерлерді, сондай-ақ, олардың қалыпты жұмыс істеуінің бұзылуына байланысты себептер мен жағдайларды уақтылы анықтауды қамтамасыз ететін тиісті қауіпсіздік саясатымен жүзеге асырылуы тиіс;
      6) ТБЭСЖ-мен қосылу қорғалған не бөлінген байланыс арналары бойынша жүзеге асырылуы тиіс.
      13. ТБЭСЖ жабдығын орналастыруға мынадай талаптар қойылады:
      1) ТБЭСЖ жабдығы үздіксiз қоректену көзiнің болуы; кондиционерлеу жүйесінің болуы жөніндегі талаптарға жауап беретін серверлік үй-жайда орналасуы және құрастырылуы тиіс; серверлер тұрғын емес бөлмеде болуы тиіс; серверлік үй-жай жабдығы мөлшері кемінде 1,5 см ғимаратты кондуитті жерге тұйықтау жүйесінің бас электродымен қосылуы тиіс; серверлік үй-жай төбесінің биіктігі кемінде 2,44 метр болуы тиіс; автоматтандырылған хабардар ету және өрт сөндіру жүйесі; серверлік бөлмеге шектелген қолжетімділік, қолжетімділікті бақылау; серверлік үй-жайда өткізілетін жұмыстардың тігілген журналының болуы;
      2) серверлiк үй-жайды электрмен жабдықтау электр қондырғыларын орнату қағидаларын регламенттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес I санатты электроқабылдағыштармен қамтамасыз етілуі тиіс.
      14. ТБЭСЖ-ге ұйымдастырушылық-техникалық талаптар мынадай параметрлерді қамтиды:
      1) ТБЭСЖ тоқтаусыз кезең негізінде тәулігіне 24 сағат iшiнде (жұмыс күндерiнде) жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс;
      2) биржалық сауда-саттыққа әрбiр қатысушы тауар биржасының электрондық сауда-саттық жүйесiне тең құқықтарды және қолжетімділікті иеленуі тиіс. Қатысушылар саны ТБЭСЖ өнiмдiлiгімен немесе аппараттық - бағдарламалық сипаттамаларымен шектелмеуі тиіс;
      3) биржаның бөлінген жұмысын ұйымдастыру кезінде (қашықтағы филиалдардың, оқшауланған брокерлік орындардың, сауда-саттық алаңдарының және тағы сол сияқтылар істеуі) биржалық сауда-саттықтың электрондық жүйесіне қашықтан қол жеткізу нүктелерiнiң жұмыс істеуі үшiн сенiмдi байланыс арналарымен қамтамасыз етілуі және сауда-саттыққа қатысушылар үшiн сауда жасаудың тең шарттары қамтамасыз етілуі қажет. Бұл ретте биржа дербес таңдап алынған және сауда-саттық қатысушылары пайдаланатын техникалық сипаттамалары мен жиынтығы бар терминалдардың жұмыс қабілеттілігіне жауапты емес;
      4) қашықтан қолжетімділік режимінде жұмыс істеу кезінде биржа қашықтағы сауда-саттық қатысушыларының қосылуы үшін қажетті порттар санымен қамтамасыз етуі тиіс;
      5) тауар биржасының уәкілетті органы (директорлар кеңесі немесе басқарма) тауар биржасының электрондық сауда жүйесіне қосылу және онда сауда-саттық қатысушыларының қашықтан қолжетімділік режимінде жұмыс істеуі кезіндегі шарттарды, талаптарды және техникалық сипаттамаларды айқындайтын нормативтік құжатты бекітуі тиіс;
      6) ТБЭСЖ-ге аталған салада мамандар болып табылатын штаттық қызметкерлер қызмет көрсетуі тиіс;
      7) тауар биржасының техникалық орталықтары сауда-саттық жүйлерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін резервті байланыс арналарымен және резервтік электрқоректенумен жабдықталуы тиіс.

Об утверждении обязательных требований к электронной торговой системе товарных бирж

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 декабря 2012 года № 1552. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 8 сентября 2015 года № 754

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 08.09.2015 № 754 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ!
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 26 февраля 2015 года № 141.
 

      В соответствии с подпунктом 6-3) статьи 3 Закона Республики Казахстан от 4 мая 2009 года «О товарных биржах» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые обязательные требования к электронной торговой системе товарных бирж.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                             С. Ахметов

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 6 декабря 2012 года № 1552

Обязательные требования к электронной торговой
системе товарных бирж

1. Основные положения

      1. Настоящими обязательными требованиями к электронной торговой системе товарных бирж (далее – обязательные требования) устанавливаются требования к электронной торговой системе, используемой товарными биржами.
      2. Настоящие обязательные требования включают в себя требования к программному и аппаратному обеспечению товарных бирж, информационной безопасности, размещению оборудования, а также иные организационно-технические требования, соблюдение которых необходимо в целях эффективного и бесперебойного функционирования электронной торговой системы товарной биржи.
      3. Не допускается эксплуатация товарными биржами электронных торговых систем, не отвечающих настоящим обязательным требованиям.
      4. В настоящих обязательных требованиях используются следующие понятия и определения:
      1) программное средство (далее - ПС) - объект, состоящий из программ, процедур, правил, другой сопутствующей документации и данных, относящихся к функционированию системы обработки данных;
      2) электронная торговая система товарных бирж (далее - ЭТСТБ) - комплекс вычислительных средств, программного обеспечения, баз данных, телекоммуникационных средств и другого оборудования товарной биржи, необходимый для проведения электронных биржевых торгов и обеспечивающий автоматизацию процесса заключения биржевых сделок и клиринга, а также сбора, хранения, обработки и раскрытия информации;
      3) сервер - вычислительная машина (система), управляющая определенным видом ресурсов сети;
      4) рабочая станция (терминал) - компьютер, имеющий специализированное программное обеспечение, находящийся у члена биржи и подключенный к электронной торговой системе товарной биржи.

2. Обязательные требования к электронной торговой
системе товарных бирж

      5. ЭТСТБ должна обеспечивать:
      1) функционирование в условиях локальных вычислительных сетей;
      2) функционирование в условиях корпоративных вычислительных сетей;
      3) организацию, хранение и отображение информации о брокерах, дилерах и их клиентах на основе связи с базами данных;
      4) хранение и отображение информации по заявкам, сделкам, результатам торгов, сообщениям на основе связи с базами данных;
      5) хранение и отображение информации в базе данных;
      6) организацию работы комплекса программных средств через систему меню, поддерживаемых краткими инструкциями, подсказками и пояснениями;
      7) постоянный обмен информацией между участниками системы (независимо от их взаимного физического месторасположения) в режиме реального времени;
      8) членам биржи (брокерам, дилерам) работу в системе вне торгового зала биржи;
      9) технологию, при которой информация, введенная с любой рабочей станции (терминала), немедленно становится общедоступной всем участникам, подключенным к электронной торговой системе товарной биржи;
      10) унификацию информации, обращающейся в системе, поступление информации (введенной с какой-либо рабочей станции) в систему только при условии формирования ее по заранее установленным биржами правилам;
      11) формирование необходимого аналитического материала, выборки по состоянию рынка отдельных торгуемых активов (финансовых инструментов, товаров и др.), групп активов, объемам оборота, объемам спроса и предложения, котировкам, объемам открытого интереса (нереализованного объема), размерам лотов, процессам быстрого и легкого поиска информации по различным критериям;
      12) возможность обмена информацией с внешними системами с помощью стандартных протоколов межбанковского обмена и протоколов обмена биржевой информацией.
      6. ЭТСТБ должна иметь в своем составе автоматизированный журнал учета событий по торговым сессиям (далее – журнал событий), регистрирующий содержание следующих событий и данных:
      1) открытие торгов;
      2) закрытие торгов;
      3) идентификация участника торгов;
      4) время входа в систему участника торгов;
      5) время выхода из системы участника торгов;
      6) время выставления заявки участником торгов;
      7) время снятия заявки участником торгов;
      8) время изменения заявки участником торгов;
      9) время совершения сделки участником торгов;
      10) наименование актива;
      11) количество актива в заявке;
      12) количество лотов;
      13) цена актива.
      Формат времени фиксации - год, месяц, день, час, минута, секунда (с точностью минимум до 0,1 секунды).
      7. ЭТСТБ должна обеспечивать строгое соответствие данных отчета по проведенным биржевым торгам содержанию журнала событий.
      8. ЭТСТБ должна обеспечивать ведение уникального автоматически присваиваемого номера выполняемой операции в журнале событий.
      9. ЭТСТБ относится к информационным ресурсам ограниченного доступа и не могут размещаться на серверах общего доступа.
      10. К программному обеспечению ЭТСТБ должны предъявляться следующие требования:
      1) ПС ЭТСТБ должно быть разработано и эксплуатироваться с использованием лицензионного программного обеспечения;
      2) во избежание полной или частичной потери информации и нарушения целостности баз данных ПС ЭТСТБ должно быть построено таким образом, чтобы обеспечивалась обработка ошибок пользователя, ошибок, возникающих при технических сбоях, и ошибок базы данных с выдачей сообщений пользователю, в которых описаны последующие действия;
      3) в ПС ЭТСТБ должен быть модуль контроля за работой программ, обеспечивающий такие функции, как идентификация (опознавание), аутентификация (подтверждение подлинности) и авторизация (присвоение полномочий) пользователя; контроль доступа к ресурсам ЭТСТБ; регистрация и анализ событий, происходящих в ЭТСТБ; контроль целостности ресурсов ЭТСТБ;
      4) ПС ЭТСТБ не должно позволять вносить изменения в выходные данные, сформированные по результатам торгов;
      5) ПС ЭТСТБ должно обеспечивать контроль полноты и достоверность вводимых данных;
      6) ПС ЭТСТБ должно включать в себя такие программные системы (или обеспечивать электронное взаимодействие с существующими программными системами) как торговая система; расчетно-клиринговая система; информационно-аналитическая система; сети передачи данных (если технологический процесс торговли предусматривает взаимодействие с такой системой).
      11. К аппаратному обеспечению ЭТСТБ предъявляются следующие требования:
      1) сервер и коммуникационное оборудование должны обеспечивать производительность, достаточную для обеспечения регламента работ, принятых на биржах, но не менее ста транзакций в секунду;
      2) масштабность - возможность обработки растущих объемов информации;
      3) для организации высоконадежных систем необходимо оснащение сервера дисковыми накопителями и источниками питания с «горячей заменой» (избыточным электропитанием);
      4) система вентиляции сервера должна обладать возможностью контроля температуры;
      5) электропитание сервера необходимо осуществлять через устройство бесперебойного питания со стабилизацией входного напряжения. При этом мощность устройства бесперебойного питания должна выбираться в зависимости от потребляемой сервером мощности и обеспечивать время работы от батарей не менее 30 минут и быть нагруженной не более чем на 75 процентов номинальной мощности;
      6) на дисковых накопителях, а также внешних устройствах хранения данных должно быть обеспечено резервирование информации;
      7) серверы должны быть оснащены специализированной оперативной памятью с обнаружением и коррекцией ошибок;
      8) сетевая инфраструктура должна быть устойчивой и масштабной. Устойчивость сетей включает физическую избыточность, защищающую сеть от любых аппаратных отказов («горячее» резервирование оборудования), использование протоколов агрегирования соединений для серверного оборудования.
      При удаленном подключении рабочих станций к ЭТСТБ через каналы общего пользования должно быть предусмотрено резервирование каналов связи за счет не менее двух независимых провайдеров. При этом должно быть настроено автоматическое межканальное переключение при отказе любого из резервных каналов связи.
      12. По информационной безопасности ЭТСТБ предъявляются следующие требования:
      1) ЭТСТБ должна обеспечиваться системой, включающей в себя комплекс организационно-технических мер и программно-аппаратных средств защиты информации;
      2) ЭТСТБ должна обеспечить многоуровневую защиту данных, включающую в себя защиту данных от несанкционированного доступа - использование процедур аутентификации и идентификации пользователя при входе в систему, наличие процедур шифрования информации, многоуровневый доступ к данным, предусматривающий наличие нескольких типов пользователей в соответствии с их полномочиями;
      3) уполномоченным органом (советом директоров или правлением) товарной биржи должны быть утверждены следующие внутренние нормативные документы, касающиеся информационной безопасности ЭТСТБ: по вопросам защиты паролем и управления доступом к ЭТСТБ; физической безопасности ЭТСТБ; резервного копирования и восстановления данных ЭТСТБ; политики безопасности, направленной на своевременное выявление угроз безопасности, а также причин и условий, связанных с нарушением нормального функционирования ЭТСТБ;
      4) работа участников биржи в ЭТСТБ с использованием средств криптографической защиты информации, в том числе средств электронно-цифровой подписи, должна осуществляться в порядке, установленном законодательством. При этом для обмена информацией должен применяться единый для всех участников технологического процесса торгов алгоритм шифрования;
      5) система обеспечения информационной безопасности ПС ЭТСТБ должна реализовываться соответствующей политикой безопасности, обеспечивающей своевременное выявление угроз безопасности, а также причин и условий, связанных с нарушением их нормального функционирования;
      6) соединение с ЭТСТБ должно осуществляться по защищенным либо выделенным каналам связи.
      13. К размещению оборудования ЭТСТБ предъявляются следующие требования:
      1) оборудование ЭТСТБ должно размещаться и монтироваться в серверном помещении, отвечающем требованиям по наличию бесперебойного источника питания; наличию системы кондиционирования; серверы должны находиться в нежилом помещении; оборудование серверного помещения должно быть соединено с главным электродом системы заземления здания кондуитом размером не менее 1,5 см; высота потолка серверного помещения должна составлять не менее 2,44 метра; система автоматического оповещения и пожаротушения; ограниченный доступ в серверное помещение, контроль доступа; наличие прошнурованного журнала проводимых работ в серверном помещении;
      2) электроснабжение серверного помещения должно быть обеспечено электроприемниками I категории в соответствии с требованиями законодательства Республики Казахстан, регламентирующего правила устройства электроустановок.
      14. Организационно-технические требования к ЭТСТБ должны включать в себя следующие параметры:
      1) ЭТСТБ должна обеспечивать возможность работы по непрерывному циклу в течение 24 часов в сутки (в рабочие дни);
      2) каждый участник биржевых торгов должен иметь равные права и доступ к электронной торговой системе товарной биржи. Количество участников не должно ограничиваться производительностью или аппаратно-программными характеристиками ЭТСТБ;
      3) при организации распределенной работы биржи (функционирование удаленных филиалов, обособленных брокерских мест, торговых площадок и т.п.) необходимы обеспечение надежными с необходимой пропускной способностью каналами связи для функционирования удаленных точек подключения к электронной системе биржевых торгов и равные условия торговли для участников торгов. При этом биржа не несет ответственность за работоспособность терминалов с техническими характеристиками и комплектацией, самостоятельно выбранных и используемых участниками торгов;
      4) при работе в режиме удаленного доступа биржа должна обеспечить необходимое количество портов для подключения удаленных участников торгов;
      5) уполномоченным органом (советом директоров или правлением) товарной биржи должен быть утвержден нормативный документ, определяющий условия, требования и технические характеристики при подключении к электронной торговой системе товарной биржи и работе в ней участников торгов в режиме удаленного доступа;
      6) обслуживать ЭТСТБ должны штатные сотрудники, являющиеся специалистами в данной области;
      7) технические центры товарной биржи должны быть оборудованы резервными каналами связи и резервным электропитанием, обеспечивающим бесперебойную работу торговых систем.