Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері бойынша комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1617 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 475 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 07.08.2017 № 475 қаулысымен

      "Өңірлерді дамыту бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 862 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері бойынша комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 1617 қаулысына
қосымша

Астана және Алматы агломерацияларын
дамыту мәселелері бойынша комиссияның
құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Ақмола облысының әкімі

      Алматы облысының әкімі

      Астана қаласының әкімі

      Алматы қаласының әкімі

      "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің "Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының орынбасары

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісім бойынша)

      "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша)

      "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік коғамының вице-президенті (келісім бойынша)

      "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      "Қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименталдық сейсмикаға төзімді құрылыс пен сәулет институты" акционерлік коғамының Астана қаласындағы филиалының директоры (келісім бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 1617 қаулысымен
бекітілген

Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері бойынша комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері бойынша комиссия (бұдан әрі – Комиссия) "Өңірлерді дамыту" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылы 26 шілдедегі № 862 қаулысына сәйкес құрылды.

      2. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік кеңесші орган болып табылады.

      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңдарын, өзге де нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады

2. Комиссияның міндеттері мен функциялары

      4. Комиссияның негізгі міндеттері:

      1) агломерацияларды дамытудың моделін қалыптастыру жөніндегі мәселелерді қарастыру және ұсыныстар әзірлеу;

      2) республикалық және өңірлік нарықтарда агломерацияларды экономикалық позициялау.

      5. Өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес Комиссияның функциялары:

      1) агломерациялардың әсер ету аймағына кіретін шекаралар мен елді мекендерді (серіктес қалаларды, көршілес қалаларды, кенттерді, ауылдарды қоса алғанда) айқындау;

      2) жерлерге түгендеу жүргізу, агломерацияны дамыту мақсатында аумақтарды резервтеу арқылы ерекше қала құрылысы реттеуін белгілеу (тұрғын үй құрылысы, өнеркәсіптік алаңдар, магистральдық инфрақұрылым, рекреация аймақтары, жасыл және "азық-түлік" белдеулер және басқалар);

      3) озық инновациялық және технологиялық шешiмдердi қолдана отырып (әлемдік үрдістерді ескере отырып) өндірістік, энергетикалық, инженерлік, көліктік, телекоммуникациялық, су шаруашылығы, әлеуметтік-мәдени және рекреациялық инфрақұрылымдарды үйлестіре дамыту жолымен агломерациялар халқының тыныс-тіршілігі үшін қолайлы орта құру (ұзақ мерзімді жоспарлау арқылы);

      4) кластерлік дамуды қамтамасыз ету инфрақұрылымын қалыптастыру, құрылысқа жеке капиталды тарту, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (МЖӘ) тетіктері арқылы инфрақұрылымдық объектілерді пайдалануды қалыптастыру;

      5) инновациялық технологияларды пайдалана отырып, агломерациялардың инфрақұрылымын үйлестіре дамыту;

      6) әлемдік бизнес үшін олардың тартымдылығын арттыру мақсатында агломерациялардың кәсіпкерлік ахуалын және имиджін жақсарту;

      7) агломерацияларды қалыптастыру кезінде Астана және Алматы қалаларының бәсекелестік басымдықтарын тиімді пайдалану;

      8) астананың, республикалық маңызы бар қаланың және оларға іргелес облыстардың әкімдіктері арасындағы меморандумдардың мазмұны бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

3. Комиссияның құқықтары

      6. Комиссия өз міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) орталық және жергілікті атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға;

      2) мемлекеттік органдардың және мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын өңірлердегі ахуалды талдау және зерделеу үшін қажеттілігіне қарай тартуға;

      3) Комиссия отырыстарында Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдауға құқылы.

4. Комиссия қызметін ұйымдастыру

      7. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, оны отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметіне жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.

      8. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін комиссия хатшысы хаттама ресімдейді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

       9. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      Жұмыс органы Комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса Комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.

       10. Комиссияның отырыстары оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған жағдайда, қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі.

      11. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен жүргізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда ол жазбаша түрде баяндалуға және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс.

      Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.

      Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, Комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.

      Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

       11-1. Дауыс беру парақтарымен қоса Комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.

      Ескерту. Ереже 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

5. Комиссияның қызметін тоқтату

      12. Комиссияның қызметін тоқтату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

О создании Комиссии по вопросам развития Астанинской и Алматинской агломераций

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 декабря 2012 года № 1617. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 августа 2017 года № 475

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 07.08.2017 № 475.

      В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2011 года № 862 "Об утверждении Программы

      "Развитие регионов" Правительство Республики Казахстан

      ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Создать Комиссию по вопросам развития Астанинской и Алматинской агломераций (далее - Комиссия) в составе согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Утвердить прилагаемое Положение о Комиссии.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

С. Ахметов


  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 19 декабря 2012 года № 1617

Состав Комиссии по вопросам развития
Астанинской и Алматинской агломераций

      Сноска. Состав в редакции постановления Правительства РК от 04.09.2014 № 970.

       Первый заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан, председатель

      Министр национальной экономики Республики Казахстан, заместитель председателя

      вице-министр национальной экономики Республики Казахстан, секретарь

      Министр здравоохранения и социального развития Республики Казахстан

      Министр по инвестициям и развитию Республики Казахстан

      Министр образования и науки Республики Казахстан

      Министр сельского хозяйства Республики Казахстан

      Министр энергетики Республики Казахстан

      Министр культуры и спорта Республики Казахстан

      заместитель Министра внутренних дел Республики Казахстан

      вице-министр финансов Республики Казахстан

      аким Акмолинской области

      аким Алматинской области

      аким города Астаны

      аким города Алматы

      заместитель председателя правления акционерного общества "Национальное агентство по технологическому развитию" (по согласованию)

      заместитель генерального директора республиканского государственного предприятия "Научно-производственный центр земельного кадастра" Комитета по делам строительства, жилищно-коммунального хозяйства и управления земельными ресурсами Министерства национальной экономики Республики Казахстан

      управляющий директор акционерного общества "Фонд национального благосостояния "Самрук-Казына" (по согласованию)

      президент акционерного общества "Институт экономических исследований" (по согласованию)

      вице-президент акционерного общества "Национальная компания "Қазақстан темір жолы" (по согласованию)

      заместитель председателя правления акционерного общества "Национальный управляющий холдинг "КазАгро" (по согласованию)

      директор филиала акционерного общества "Казахский научно-исследовательский и проектно-экспериментальный институт сейсмостойкого строительства и архитектуры" в городе Астане (по согласованию)

  Утверждено
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 19 декабря 2012 года № 1617

Положение
о Комиссии по вопросам развития Астанинской и
Алматинской агломераций
1. Общие положения

      1. Комиссия по вопросам развития Астанинской и Алматинской агломераций (далее - Комиссия) образована в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2011 года № 862 "Об утверждении Программы "Развитие регионов".

      2. Комиссия является консультативно-совещательным органом при Правительстве Республики Казахстан.

      3. Комиссия в своей деятельности руководствуется Конституцией Республики Казахстан и законами Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

2. Задачи и функции Комиссии

      4. Основными задачами Комиссии являются:

      1) рассмотрение вопросов и выработка предложений по формированию модели развития агломераций;

      2) экономическое позиционирование агломераций на республиканском и региональном рынках.

      5. Функциями Комиссии в соответствии с возложенными на нее задачами является выработка предложений по:

      1) определению границ и населенных пунктов, входящих в зону влияния агломераций (включая города-спутники, соседние города, поселки, села);

      2) установлению особого градостроительного регулирования с проведением инвентаризации земель, резервированию территорий для целей развития агломерации (жилая застройка, промышленные площадки, магистральная инфраструктура, зоны рекреации, зеленые и "продовольственные" пояса и другие);

      3) созданию благоприятной среды для жизнедеятельности населения агломераций путем скоординированного (через долгосрочное планирование) развития производственной, энергетической, инженерной, транспортной, телекоммуникационной, водохозяйственной, социально-культурной и рекреационной инфраструктуры с применением передовых инновационных и технологических решений (с учетом мировых тенденций);

      4) формированию инфраструктуры обеспечения кластерного развития, привлечению частного капитала в строительство и эксплуатацию инфраструктурных объектов, в том числе через механизмы государственно-частного партнерства (ГЧП);

      5) скоординированному развитию инфраструктуры агломераций с применением инновационных технологий;

      6) улучшению предпринимательского климата и имиджа агломераций в целях повышения их привлекательности для мирового бизнеса;

      7) эффективному использованию конкурентных преимуществ городов Астаны и Алматы при формировании агломераций;

      8) содержанию меморандумов между акимами столицы, города республиканского значения и прилегающих к ним областей.

Права Комиссии

      6. Комиссия в установленном законодательством порядке для осуществления своих задач и функций имеет право:

      1) запрашивать и получать от центральных и местных исполнительных органов и иных организаций материалы, необходимые для реализации задач Комиссии;

      2) привлекать по мере необходимости специалистов государственных органов и государственных научно-исследовательских организаций для анализа и изучения ситуации в регионах;

      3) заслушивать на заседаниях Комиссии представителей центральных и местных исполнительных органов и иных организаций по вопросам, входящим в компетенцию Комиссии.

4. Организация деятельности Комиссии

      7. Председатель Комиссии руководит ее деятельностью, председательствует на ее заседаниях, планирует ее работу, осуществляет общий контроль над реализацией ее решений и несет ответственность за ее деятельность. Во время отсутствия председателя его функции выполняет заместитель.

      8. После проведения заседания Комиссии секретарь Комиссии оформляет протокол.

      Сноска. Пункт 8 в редакции постановления Правительства РК от 09.04.2014 № 329.

       9. Рабочим органом Комиссии является Министерство национальной экономики Республики Казахстан.

      Рабочий орган осуществляет организационно-техническое обеспечение работы Комиссии, в том числе готовит предложения по повестке дня заседания Комиссии, необходимые документы, материалы, которые должны быть направлены членам Комиссии за три рабочих дня до проведения заседания Комиссии с приложением проекта протокола.

      Сноска. Пункт 9 в редакции постановления Правительства РК от 09.04.2014 № 329; с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 04.09.2014 № 970.

       10. Заседания Комиссии проводятся по мере необходимости, но не реже одного раза в полугодие при наличии не менее двух третей ее членов.

      11. Решения Комиссии принимаются открытым голосованием и считаются принятыми, если за них подано большинство голосов от общего количества членов Комиссии. Голосование проводится путем заполнения на заседании Комиссии листа голосования по форме согласно приложению к настоящей Инструкции о порядке создания, деятельности и ликвидации консультативно-совещательных органов при Правительстве Республики Казахстан и рабочих групп (далее – Инструкция), утвержденной постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 марта 1999 года № 247. В случае равенства голосов принятым считается решение, за которое проголосовал председатель.

      Члены Комиссии имеют право на особое мнение, которое, в случае его выражения должно быть изложено в письменном виде и приложено к письму-отчету Комиссии, предусмотренному пунктом 24 Инструкции.

      По результатам проведения заседаний Комиссии и на основании листов голосования в течение трех рабочих дней составляется протокол, подписываемый председателем и секретарем.

      При изменении по итогам голосования содержания проекта протокола секретарь Комиссии направляет лист голосования с уточненной редакцией принятого решения членам Комиссии для согласования.

      Члены Комиссии после получения листа голосования направляют в течение одного рабочего дня ответ о согласии либо несогласии с обоснованием причин.

      Сноска. Пункт 11 в редакции постановления Правительства РК от 09.04.2014 № 329.

       11-1. Учет и хранение материалов и протокольных решений Комиссии с приложением листов голосования осуществляет рабочий орган Комиссии.

      Сноска. Положение дополнено пунктом 11-1 в соответствии с постановлением Правительства РК от 09.04.2014 № 329.

5. Прекращение деятельности Комиссии

      12. Прекращение деятельности Комиссии осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.