"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1649 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы № 375 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.06.2020 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 47-48, 444-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінде:

      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші, үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Дәрілік заттарға және медициналық мақсаттағы бұйымдарға шекті бағалар өндіруші растаған бағалар, көтерме бағаларды талдау негізінде, сондай-ақ алдыңғы жылғы сатып алу бағасын және тұтынушылық баға индексін есепке ала отырып айқындалады.

      Дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға бағаны мониторингілеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру, сондай-ақ оларды қалыптастыру тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.";

      8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) фармацевтикалық қызметпен айналысуға лицензиясы және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның хабарламаны қабылдау туралы талонының немесе халыққа қызмет көрсету орталығының қабылдау туралы белгісі бар хабарлама көшірмесінің немесе электрондық құжат нысанындағы талонның болуы";

      9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өткізу объектілеріне қосымшаларымен фармацевтикалық қызметпен айналысуға, оның ішінде өткізу объектілеріне қосымшаларымен есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызмет лицензиясының (құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттардың әлеуетті өнім берушілері ұсынады) және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның хабарламаны қабылдау туралы талонының немесе халыққа қызмет көрсету орталығының қабылдау туралы белгісі бар хабарламасының көшірмесі немесе медициналық техниканы және медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме, бөлшек саудада өткізуге электрондық құжат нысанындағы талонның болуы;";

      39-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды көтерме, бөлшек саудада өткізуге әлеуетті өнім берушінің құқығын растайтын лицензиялардың көшірмелері және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның хабарламаны қабылдау туралы талоны немесе халыққа қызмет көрсету орталығының қабылдау туралы белгісі бар хабарламасының көшірмесі немесе медициналық техниканы және медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме, бөлшек саудада өткізуге электрондық құжат нысанындағы талоны;";

      78-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды көтерме, бөлшек саудада өткізуге әлеуетті өнім берушінің құқығын растайтын лицензиялардың көшірмелері және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның хабарламаны қабылдау туралы талоны, халыққа қызмет көрсету орталығының қабылдау туралы белгісі бар хабарламасының көшірмесі немесе медициналық техниканы және медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме, бөлшек саудада өткізуге электрондық құжат нысанындағы талоны;";

      131-тармақтың 7) тармақшасының екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "халықаралық патенттелмеген атауы немесе құрамы бойынша аналогтары жоқ шетелдік өндірушінің дәрілік заты.";

      133-14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "133-14. Ұзақ мерзiмдi жеткiзу шарттарын жасасуға конкурстарды ұйымдастыру мен өткізу үшін бірыңғай дистрибьютор конкурстық комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады және оның құрамын бекітеді.

      Комиссия сондай-ақ ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартының мәнін өзгерту және/немесе оны бұзу мәселелерін бірыңғай дистрибьютордың бастамасымен қарайды, оның нәтижелері бойынша хаттама жасалады.

      Комиссия ұзақ мерзімді шарттар бойынша отандық өндірушілерден сатып алынатын дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағалары бойынша ұсынымдық сипаты бар ұсыныстарды әзірлейді және уәкілетті органға ұсынады.

      Бірыңғай дистрибьютор комиссияға өткен жылғы сатып алынған бағаларға талдау жолымен айқындалған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір атауы бойынша бағаларды ұсынады.

      Егер дәрілік зат және/немесе медициналық мақсаттағы бұйым бірінші рет сатып алынған жағдайда, бірыңғай дистрибьютор комиссияға денсаулық сақтау ұйымдары ұсынған олардың соңғы үш жылда сатып алған дәрілік затқа және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымға арналған бағалар негізінде айқындалған бағалар талдауын ұсынады.

      Егер Қазақстан Республикасында аналогтары жоқ бір ғана дәрілік зат және/немесе медициналық мақсаттағы бұйым тіркелген жағдайда, Бірыңғай дистрибьютор комиссияға жақын және алыс шетелдердің өндіруші елдерінде өткізілетін бағалар бойынша дәрілік заттың және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымның әрбір атауы бойынша тиісті кезеңге арналған бағаларды ұсынады.";

      133-26-тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5) техникалық-экономикалық негіздеме және/немесе бизнес-жоспар (дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісін құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мерзімі, жеткізу кезеңінің басталу күні, кезеңдері және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың өндірісін құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру кестесі және жобаны іске асырудың әрбір жылына оларды өндіруге және қазақстандық үлеске нақты шығыстарды есепке ала отырып, әрбір атауына баға көрсетілген);";

      133-30-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "133-30. Құрамында, оның ішінде отандық өндірушілер олардың өндірісінен арналған нақты шығындарды және жобаны іске асырудың әрбір жылына қазақстандық қолдауды ескере отырып ұсынған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға арналған бағаны көрсете отырып, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір атауы бойынша басымдық берілетін неғұрлым әлеуетті өнім беруші туралы және екі әлеуетті жеткізушінің немесе өндірушінің әрбір атауы бойынша ақпарат бар индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның салалық қорытындысы он жұмыс күні ішінде комиссияға ұсынылады.";

      133-34-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "133-34. Комиссия осы Ережелердің 133-14-тармағының төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде және 133-30-тармағында көрсетілген, ұсынылған мәліметтер негізінде он жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделетін тиісті шешім қабылдайды.";

      133-35-тармақтың 6) тармақшасында "атауы көрсетіледі." деген сөздер "атауы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) дәрілік заттың және медициналық мақсаттағы бұйымның әрбір атауына ұсынылатын баға көрсетіледі.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2009 года № 1729 "Об утверждении Правил организации и проведения закупа лекарственных средств, профилактических (иммунобиологических, диагностических, дезинфицирующих) препаратов, изделий медицинского назначения и медицинской техники, фармацевтических услуг по оказанию гарантированного объема бесплатной медицинской помощи"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 декабря 2012 года № 1649. Утратило силу постановление Правительства Республики Казахстан от 4 июня 2021 года № 375,

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 04.06.2021 № 375.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2009 года № 1729 "Об утверждении Правил организации и проведения закупа лекарственных средств, профилактических (иммунобиологических, диагностических, дезинфицирующих) препаратов, изделий медицинского назначения и медицинской техники, фармацевтических услуг по оказанию гарантированного объема бесплатной медицинской помощи" (САПП Республики Казахстан, 2009 г., № 47-48, ст. 444) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах организации и проведения закупа лекарственных средств, профилактических (иммунобиологических, диагностических, дезинфицирующих) препаратов, изделий медицинского назначения и медицинской техники, фармацевтических услуг по оказанию гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 4 дополнить частями вторым, третьим следующего содержания:

      "Предельные цены на лекарственные средства и изделия медицинского назначения определяются на основе цен, подтвержденных производителем, анализа оптовых цен, а также с учетом цены закупа предыдущего года и индекса потребительских цен.

      Порядок организации и осуществления мониторинга цен на лекарственные средства, изделия медицинского назначения, а также их формирования устанавливается уполномоченным органом в области здравоохранения.";

      подпункт 1) пункта 8 изложить в следующей редакции:

      "1) иметь в наличии лицензии на занятие фармацевтической деятельностью и (или) талон уполномоченного органа в области здравоохранения о приеме уведомления или копию уведомления с отметкой о приеме центром обслуживания населения, или талон в форме электронного документа;";

      подпункт 1) пункта 9 изложить в следующей редакции:

      "1) иметь в наличии лицензии на занятие фармацевтической деятельностью с приложениями на объекты реализации, в том числе деятельность в сфере оборота наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров с приложениями на объекты реализации (представляется потенциальными поставщиками лекарственных средств, содержащих наркотические средства, психотропные вещества и прекурсоры), и (или) талон уполномоченного органа в области здравоохранения о приеме уведомления или копию уведомления с отметкой о приеме центром обслуживания населения или талон в форме электронного документа на оптовую, розничную реализацию медицинской техники и изделий медицинского назначения;";

      абзац второй подпункта 2) пункта 39 изложить в следующей редакции:

      "копии лицензий, подтверждающих право потенциального поставщика на производство и (или) оптовую, розничную реализацию лекарственных средств, профилактических (иммунобиологических, диагностических, дезинфицирующих) препаратов, и (или) талон уполномоченного органа в области здравоохранения о приеме уведомления или копию уведомления с отметкой о приеме центром обслуживания населения, или талон в форме электронного документа на оптовую, розничную реализацию медицинской техники и изделий медицинского назначения;";

      абзац второй подпункта 1) пункта 78 изложить в следующей редакции:

      "копии лицензий, подтверждающих право потенциального поставщика на производство и (или) оптовую, розничную реализацию лекарственных средств, профилактических (иммунобиологических, диагностических, дезинфицирующих), препаратов, и (или) талон уполномоченного органа в области здравоохранения о приеме уведомления, копию уведомления с отметкой о приеме центром обслуживания населения или талон в форме электронного документа на оптовую, розничную реализацию медицинской техники и изделий медицинского назначения;".

      абзац второй подпункта 7) пункта 131 изложить в новой редакции:

      "лекарственное средство иностранного производителя, не имеющее аналогов по международному непатентованному наименованию или составу.";

      пункт 133-14 изложить в следующей редакции:

      "133-14. Для организации и проведения конкурсов на заключение долгосрочных договоров поставки единый дистрибьютор создает конкурсную комиссию (далее – комиссия) и утверждает ее состав.

      Комиссия также рассматривает вопросы изменения предмета и/или расторжения долгосрочного договора поставки по инициативе единого дистрибьютора, по результатам которых составляется протокол.

      Комиссия вырабатывает и представляет предложения уполномоченному органу по ценам на лекарственные средства и изделия медицинского назначения, закупаемые у отечественного производителя по долгосрочным договорам, которые носят рекомендательный характер.

      Единый дистрибьютор представляет комиссии цены на каждое наименование лекарственных средств и изделий медицинского назначения, определенные путем анализа цен закупа прошлого года.

      В случае, если лекарственное средство и/или изделие медицинского назначения закупаются впервые, единый дистрибьютор представляет комиссии анализ цен, определенный на основе представленных организациями здравоохранения цен на лекарственное средство и/или изделие медицинского назначения, которые закупались ими за последние три года.

      В случае, если в Республике Казахстан зарегистрированы только одно лекарственное средство и/или изделие медицинского назначения, не имеющие аналогов, единый дистрибьютор представляет комиссии цены на соответствующий период по каждому наименованию лекарственного средства и/или изделия медицинского назначения, по которым они реализуются в странах-производителях ближнего и дальнего зарубежья.";

      подпункт 5) пункта 133-26 изложить в новой редакции:

      "5) технико-экономическое обоснование и/или бизнес-план (с указанием срока реализации инвестиционного проекта по созданию производства лекарственных средств, изделий медицинского назначения, даты начала периода поставки, этапов и графика реализации инвестиционного проекта по созданию производства лекарственных средств, изделий медицинского назначения и цены на каждое наименование с учетом фактических расходов на их производство и казахстанского содержания на каждый год реализации проекта);";

      пункт 133-30 изложить в новой редакции:

      "133-30. Отраслевое заключение уполномоченного органа в области государственной поддержки индустриально-инновационной деятельности, содержащее в том числе информацию о наиболее предпочтительном потенциальном поставщике по каждому наименованию лекарственных средств, изделий медицинского назначения, с указанием цены на лекарственные средства и изделия медицинского назначения, представленной отечественными производителями с учетом фактических расходов на их производство и казахстанского содержания на каждый год реализации проекта и по каждому наименованию от двух потенциальных поставщиков или производителей представляется комиссии в течение десяти рабочих дней.";

      пункт 133-34 изложить в новой редакции:

      "133-34. Комиссия на основе представленных сведений, указанных в частях четвертой, пятой и шестой пункта 133-14 и пункте 133-30 настоящих Правил, в течение десяти рабочих дней принимает соответствующее решение, которое оформляется протоколом.";

      пункт 133-35 дополнить подпунктом 7) следующего содержания:

      "7) рекомендуемая цена на каждое наименование лекарственного средства и изделия медицинского назначения.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

С. Ахметов