"Қарағандышахтатарату" республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, таратылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1711 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 мамырдағы № 488 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.05.2014 № 488 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Қарағандышахтатарату» республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, таратылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген залалды өтеу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің         
2012 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1711 қаулысымен   
бекітілген       

«Қарағандышахтатарату» республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, таратылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген залалды өтеу қағидалары

      Осы «Қарағандышахтатарату» республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, таратылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген залалды (зиянды) өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Қарағандышахтатарату» республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына (бұдан әрі – «Қарағандышахтатарату» РММК) берілген, таратылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген залалды (зиянды) өтеу (сомалар мөлшерін айқындау, оларды қайта есептеу және төлеу тәртібі) тәртібін регламенттейді.

1. Жалпы ережелер

      1. Зардап шеккен қызметкер жоғалтқан, онда болған не анық иелене алатын табыс (кiрiс), сондай-ақ денсаулығына зақым келтiруден туындаған шығындар (дәрі-дәрмек сатып алуға, медициналық тексерілуге, оңалтуға, бөгде адамның бағып-күтуiне, протез салғызуға, банктердің, почталардың қызметі және өзгелері), егер жәбiрленушi көмек пен күтiмнiң осындай түрлерiне мұқтаж және оларды тегiн алмайды деп танылса, өтелуге тиіс.
      2. Қызметкер қайтыс болған жағдайда Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 940-бабында көрсетілген адамдардың залалдың (зиянның) өтелуіне құқығы бар.

2. Залалды (зиянды) өтеу тәртібі

1. Залалды (зиянды) өтеу сомасының мөлшерін айқындау тәртібі

       3. «Қарағандышахтатарату» РММК-ге берілген, таратылған шахталар қызметкерлерінің өміріне және денсаулығына келтірілген залалды (зиянды) өтеу сомалары осы Қағидаларға сәйкес республикалық бюджет есебінен өтелуге тиіс.
      Залалды (зиянды) өтеу ай сайынғы төлемдермен жүргізіледі.
      4. Өтелуге тиіс жоғалтылған табыстың (кiрiстiң) мөлшерi жарақаттануына немесе денсаулығының өзгедей зақымдануына дейiнгi не жәбiрленушiнiң кәсiби еңбек қабiлеттілігін жоғалту дәрежесіне сәйкес еңбек қабілеттілігінен айырылу басталғанға дейiнгi орташа айлық табыстың (кiрiстiң) пайыздарымен анықталады.

2. Залалды (зиянды) өтеу сомаларын қайта есептеу тәртібі

      5. Таратылған шахталар қызметкерлеріне залалды (зиянды) өтеу сомаларын қайта есептеуді «Қарағандышахтатарату» РММК осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тас көмірді жерасты тәсілімен өндіру қызметімен айналысатын қызмет түріне қарамастан, Қарағанды облысының аумағында орналасқан ұйымдар бойынша Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген лауазымдар мен кәсіптер бойынша жалақы мөлшерінің орташа шамасы туралы деректерінің негізінде жыл сайын жүзеге асырады.

3. Залалды (зиянды) өтеу сомаларын төлеу тәртібі

      6. Залалды (зиянды) өтеу сомаларын есептеуді және төлеуді «Қарағандышахтатарату» РММК жүргізеді.
      7. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі тиісті жылға бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес ай сайын 7-күніне дейін «Қарағандышахтатарату» РММК-ны қаржыландыруды жүзеге асырады.
      8. «Қарағандышахтатарату» РММК залалды (зиянды) өтеудің есептелген сомаларын алушылардың есеп шотына қолма-қол емес тәсілмен аударуды жүргізеді.
      9. Залалды (зиянды) өтеу сомаларын ТМД-ның басқа мемлекеттеріне жөнелту залалдың (зиянның) өтелуіне құқығы бар қызметкерлердің тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі.
      «Қарағандышахтатарату» РММК, банк, почта бөлімшелері көрсететін қызмет шығындары қызмет көрсету шарттарымен айқындалады.
      10. «Қарағандышахтатарату» РММК бөлінген қаражат бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне ай сайын, келесі айдың 20-күніне дейін өткен айдың есебін ұсынады.
      11. Залалдың (зияның) өтемін алатын, таратылған шахталардың қызметкерлері «Қарағандышахтатарату» РММК-ға нақты тұрғылықты жері туралы ақпаратты тоқсанына бір рет ұсынады.

«Қарағандышахтатарату» республикалық
мемлекеттік мамандандырылған    
кәсіпорнына берілген, таратылған 
шахталар қызметкерлеріне      
келтірілген залалды өтеу қағидаларына
1-қосымша               

Лауазымдар мен кәсіптердің тізбесі

Р\с №

ҚР МС 01-2005 қызметтер сыныптауышына сәйкес лауазымдар және кәсіптер атауы

Өндірістегі жазатайым оқиғалар туралы актілердегі лауазымдар және кәсіптер атауы

1

2

3

1

Учаске бастығы (өнеркәсіпте)

Учаске бастығы, учаске бастығының көмекшісі, аға механик, тиеу бастығы

2

Тау-кен жұмысшылары және жерасты және ашық тәсілдермен пайдалы қазбалар өндіру жөніндегі басқа да кәсіптер жұмысшылары

Жерүсті тау-кен жұмысшысы

3

Жерасты тау-кен жұмысшысы

Жерасты тау-кен жұмысшысы, жерасты такелажнигі, жерасты қондырғыларының машинисі, шахтаға бекіту материалдарын жеткізуші, тау-кен қазбаларын жөндеу жөніндегі тау-кен жұмысшысы

4

Тазарту забойының тау-кен жұмысшысы

Тазартушы забойының тау-кен жұмысшысы

5

Жерасты тау-кен монтажшысы

Жерасты тау-кен монтажшысы, монтажшы

7

Жүк тиеушілер

Жүк тиеушілер

8

Қазандық машинисі (кочегар)

Күлші

9

Бекітуші

Бекітуші

10

Электровоз машинисі

Электровоз машинисі

11

Тау-кен қазу машиналарының машинисі

Тау-кен қазу машиналарының машинисі, комбайншы

12

Бұрғылау қондырғыларының машинисі

Бұрғылау станогының машинисі

14

Үңгілеуші

Үңгілеуші

16

Оқпаншы (жерасты)

Оқпаншы

17

Сылақшы

Сылақшы-маляр

18

Жерасты электр слесарі

Жерасты электр слесарі, кезекші слесарь

19

Құрал-жабдықтарды жөндеудегі және кезекші электр слесарі (слесарь)

Электр слесарі, электрик

20

Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика слесарі

Электр слесарі - автоматшы

21

Басшы

Директор

22

Геолог

Геолог

23

Таразышы

Таразышы

24

Тау-кен шебері

Тау-кен шебері

25

Учаске шебері

Көмірді байыту шебері

26

Жарушы

Жарушы-шебер

28

Механик

Механик

29

Еңбекті нормалау жөніндегі инженер

Жерасты хронометражисті

«Қарағандышахтатарату» республикалық
мемлекеттік мамандандырылған   
кәсіпорнына берілген, таратылған 
шахталар қызметкерлеріне       
келтірілген залалды өтеу қағидаларына
2-қосымша               

Шахталар тізбесі

      «АрселлорМиттал Теміртау» АҚ
      1. Қазақстан
      2. Шахтинск
      3. Ленин атындағы
      4. Тентек
      5. Саран
      6. Абай
      7. Күзембаев атындағы
      8. Костенко атындағы

      «ГЕФЕСТ» ККӨҚ
      1. Западная
      2. «Батыр» ЖШС

      «Рапид» ЖШС

      «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің филиалы – Ғ.О. Омаров атындағы
      Шахта өтпе жолдары тресті

Об утверждении Правил возмещения ущерба работникам ликвидированных шахт, переданных республиканскому государственному специализированному предприятию "Карагандаликвидшахт"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2012 года № 1711. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 мая 2014 года № 488

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 13.05.2014 № 488 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 5) статьи 14 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2012 года «О республиканском бюджете на 2013 – 2015 годы» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила возмещения ущерба работникам ликвидированных шахт, переданных республиканскому государственному специализированному предприятию «Карагандаликвидшахт».
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 28 декабря 2012 года № 1711

Правила
возмещения ущерба работникам ликвидированных шахт, переданных
республиканскому государственному специализированному
предприятию «Карагандаликвидшахт»

      Настоящие Правила возмещения ущерба (вреда) работникам ликвидированных шахт, переданных республиканскому государственному специализированному предприятию «Карагандаликвидшахт» (далее – Правила), разработаны в соответствии с подпунктом 5) статьи 14 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2012 года «О республиканском бюджете на 2013 – 2015 годы» и регламентируют порядок возмещения ущерба (вреда) (определение размера сумм, их перерасчет и порядок выплаты) работникам ликвидированных шахт, переданных республиканскому государственному специализированному предприятию «Карагандаликвидшахт» (далее – РГСП «Карагандаликвидшахт»).

1. Общие положения

      1. Возмещению подлежит утраченный пострадавшим работником заработок (доход), который он имел либо определенно мог иметь, а также расходы, вызванные повреждением здоровья (на приобретение лекарств, медицинского обследования, реабилитацию, посторонний уход, протезирование, услуги банков, почты и прочее), если признано, что потерпевший нуждается в этих видах помощи и ухода и не получает их бесплатно.
      2. В случае смерти работника, право на возмещение ущерба (вреда) имеют лица, указанные в статье 940 Гражданского кодекса Республики Казахстан.

2. Порядок возмещения ущерба (вреда)

1. Порядок определения размера сумм возмещения ущерба (вреда)

      3. Суммы возмещения ущерба (вреда), причиненного жизни и здоровью работникам ликвидированных шахт, переданных РГСП «Карагандаликвидшахт» согласно настоящим Правилам, подлежат возмещению за счет республиканского бюджета.
      Возмещение ущерба (вреда) производится ежемесячными платежами.
      4. Размер подлежащего возмещению утраченного заработка (дохода) определяется в процентах к среднему месячному заработку (доходу) до увечья или иного повреждения здоровья либо до наступления утраты трудоспособности, соответствующих степени утраты потерпевшим профессиональной трудоспособности.

2. Порядок перерасчета сумм возмещения ущерба (вреда)

      5. Перерасчет сумм возмещения ущерба (вреда) работникам ликвидированных шахт осуществляется РГСП «Карагандаликвидшахт» ежегодно на основании данных Агентства Республики Казахстан по статистике о средней величине размера заработной платы по должностям и профессиям, указанным в приложении 1 к настоящим Правилам, организациям, находящимся на территории Карагандинской области, независимо от вида деятельности, занимающимся добычей каменного угля подземным способом, согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

3. Порядок выплаты сумм возмещения ущерба (вреда)

      6. Начисление и выплата сумм возмещения ущерба (вреда) производятся РГСП «Карагандаликвидшахт».
      7. Министерство индустрии и новых технологий Республики Казахстан ежемесячно до 7 числа осуществляет финансирование РГСП «Карагандаликвидшахт» согласно утвержденному плану финансирования на соответствующий год.
      8. РГСП «Карагандаликвидшахт» производит перечисление начисленных сумм возмещения ущерба (вреда) безналичным путем на счет получателей.
      9. Пересылка сумм возмещения ущерба (вреда) в другие государства СНГ производится по местожительству работников, имеющих право на возмещение ущерба (вреда).
      Затраты на услуги, оказываемые РГСП «Карагандаликвидшахт», отделениями банков, почты определяются договорами на оказание услуг.
      10. По выделенным средствам РГСП «Карагандаликвидшахт» ежемесячно представляет в Министерство индустрии и новых технологий Республики Казахстан отчет за предыдущий месяц до 20 числа следующего месяца.
      11. Работники ликвидированных шахт, получающие возмещение ущерба (вреда), представляют в РГСП «Карагандаликвидшахт» один раз в квартал сведения о фактическом месте проживания.

Приложение 1         
к Правилам возмещения ущерба  
работникам ликвидированных шахт, 
переданных республиканскому    
государственному специализированному
предприятию «Карагандаликвидшахт» 

Перечень должностей и профессий


п\
п

Наименование должностей и
профессий в соответствии с
классификатором занятий
ГК РК 01-2005

Наименование должностей и
профессий из актов о
несчастных случаях на
производстве

1

2

3

1

Начальник участка (в промышленности)

Начальник участка, помощник
начальника участка, старший
механик, начальник погрузки

2

Горнорабочие и рабочие других
профессий по добыче полезных
ископаемых подземным и открытым способами

Горнорабочий поверхности

3

Горнорабочий подземный

Горнорабочий подземный,
подземный такелажник, машинист
подземных установок, доставщик
крепежного материала в шахту,
горнорабочий по ремонту горных
выработок

4

Горнорабочий очистного забоя

Горнорабочий очистного забоя

5

Горномонтажник подземный

Горномонтажник подземный, монтажник

7

Грузчик

Грузчик

8

Машинист (кочегар) котельной

Зольщица

9

Крепильщик

Крепильщик

10

Машинист электровоза

Машинист электровоза

11

Машинист горных выемочных машин

Машинист горновыемочных машин, комбайнер

12

Машинист буровой установки

Машинист бурового станка

14

Проходчик

Проходчик

16

Стволовой (подземный)

Стволовой

17

Штукатур

Штукатур-маляр

18

Электрослесарь подземный

Электрослесарь-подземный, дежурный слесарь

19

Электрослесарь (слесарь) дежурный и по ремонту оборудования

Электрослесарь, электрик

20

Слесарь по контрольно-измерительным
приборам и автоматике

Электрослесарь-автоматчик

21

Руководитель

Директор

22

Геолог

Геолог

23

Весовщик

Весовщик

24

Горный мастер

Горный мастер

25

Мастер участка

Мастер обогатителя угля

26

Взрывник

Мастер-взрывник

28

Механик

Механик

29

Инженер по нормированию труда

Подземный хронометражист

Приложение 2         
к Правилам возмещения ущерба  
работникам ликвидированных шахт, 
переданных республиканскому    
государственному специализированному
предприятию «Карагандаликвидшахт» 

Перечень шахт

      АО «АрселлорМиттал Темиртау»
      1. Казахстанская
      2. Шахтинская
      3. Им. Ленина
      4. Тентекская
      5. Саранская
      6. Абайская
      7. Им. Кузембаева
      8. Им. Костенко

      АПУП «ГЕФЕСТ»
      1. Западная
      2. ТОО «Батыр»

      ТОО «Рапид»

      Филиал ТОО «Корпорация Казахмыс» - шахтопроходческий трест имени Г.О. Омарова