Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2012 жылғы 30 мамырда Ашхабад қаласында жасалған 1992 жылғы 9 қазандағы Достастыққа қатысушы мемлекеттердің Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы өзара іс-қимылы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1729 қаулысымен
бекітілген
1992 жылғы 9 қазандағы Достастыққа қатысушы мемлекеттердің
Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы өзара іс-қимылы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама
Бұдан әрі Тараптар аталатын 1992 жылғы 9 қазандағы Достастыққа қатысушы мемлекеттердің Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы өзара іс-қимылы туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтері
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
1992 жылғы 9 қазандағы Достастыққа қатысушы мемлекеттердің Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы өзара іс-қимылы туралы келісіммен бекітілген Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау жөніндегі үкіметаралық кеңес туралы ереже (қоса беріліп отыр) жаңа редакцияда жазылсын.
2-бап
Осы Хаттама оған қол қойған Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы хабарламаны депозитарийдің алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Орыс тілінде бір түпнұсқа данада 2012 жылғы 30 мамырда Ашхабад қаласында жасалды. Түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Әзербайжан Республикасының Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Д. Медведев
Армения Республикасының Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Т. Саркисян А. Акилов
Беларусь Республикасының Түрікменстан
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
М. Мясникович
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
К. Мәсімов
Премьер-Министрдің
бірінші орынбасары,
Қаржы министрі
А. Әзімов
Қырғыз Республикасының Украина
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
О. Бабанов өтінішпен
Молдова Республикасының
Үкіметі үшін
В. Филат
1992 жылғы 9 қазандағы
2012 жылғы 30 мамырдағы
Достастыққа қатысушы
мемлекеттердің Геодезия,
картография, кадастр және
Жерді қашықтықтан зондтау
cаласындағы өзара іс-қимылы
туралы келісімге өзгерістер
енгізу туралы хаттамаға
қосымша
Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау жөніндегі мемлекетаралық кеңес туралы
ЕРЕЖЕ
I бөлім
Жалпы ережелер
1. Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау жөніндегі мемлекетаралық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Достастыққа қатысушы мемлекеттердің Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы өзара іс-қимылы туралы келісімді (бұдан әрі - Келісім) орындау үшін құрылады және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының салалық ынтымақтастық органы болып табылады.
2. Кеңес геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы келісілген саясатты айқындайды және жүргізеді, осы саладағы мемлекетаралық бағдарламаларды әзірлейді және оны жүзеге асырады, сондай-ақ геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы мамандарды даярлауды үйлестіреді.
3. Кеңес өз қызметінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғысын, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде қабылданған халықаралық шарттар мен шешімдерді, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының салалық ынтымақтастық органдары туралы жалпы ережені және осы Ережені басшылыққа алады.
4. Кеңес өз қызметінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекет басшыларының кеңесіне және Үкімет басшыларының кеңесіне есеп береді.
II бөлім
Кеңестің функциялары
Кеңестің негізгі функциялары:
ТДМ Мемлекеттер басшыларының кеңесі, Үкімет басшыларының кеңесі, Сыртқы істер министрлерінің кеңесі, Экономикалық кеңесі қабылдаған шешімдердің орындалуын ұйымдастыру және үйлестіру;
геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау саласында ынтымақтастықтың басым бағыттары мен нысандарын әзірлеу және келісу;
мемлекетаралық бағдарламаларды, ынтымақтастық жоспарлары мен жобаларын әзірлеу, келісу және іске асыруға қатысу;
ТМД Үкімет басшылары кеңесінің қарауы және тиісті шешімдер қабылдау үшін Келісімге қатысушы мемлекеттердің мүдделі министрліктерімен және ведомстволарымен бірлесіп, геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау мәселелері жөнінде ұсыныстар дайындау;
Кеңестің құзыретіндегі мәселелерінде мемлекетаралық құрылымдармен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау саласында мамандар даярлауды үйлестіру болып табылады.
III бөлім
Кеңестің құрылымы және құрамы
1. Кеңес төраға мен Кеңес мүшелерінен тұрады.
2. Келісімге қатысушы мемлекеттердің геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау саласында мемлекеттік басқару органдарының басшылары Кеңес мүшелері болып табылады.
3. Кеңес төрағасы Кеңес мүшелерінің арасынан сайланады.
4. Кеңес қызметін ұйымдық-техникалық, ақпараттық қамтамасыз етуді оның хатшылығы жүзеге асырады.
5. Кеңестің құрамына кеңесу дауысы құқығымен Кеңес хатшылығының басшысы мен ТМД Атқарушы комитетінің өкілі кіреді.
IV бөлім
Кеңестің қызметін ұйымдастыру
1. Кеңес өз қызметін әзірлеген және бекіткен жоспар негізінде осы Ережеге сәйкес ұйымдастырады, ТМД-ның Атқарушы комитетімен, ТДМ-ның басқа органдарымен, қажет болғанда басқа халықаралық ұйымдардың хатшылықтарымен өзара іс-қимыл жасайды.
2. Кеңес қызметінің негізгі нысаны қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет, Келісімге қатысушы мемлекеттердің әрқайсысында кезегімен өткізілетін отырыс болып табылады.
3. Кеңесте төрағалық ету кезегімен Келісімге қатысушы әрбір мемлекет атынан оның өкілі әдетте бір жыл бойы Достастыққа қатысушы мемлекеттер атауларының орыс әліпбиі тәртібімен жүзеге асырылады. Кеңестің өткен және кейінгі төрағалары оның тең төрағалары болып табылады.
Егер Кеңес отырысында өзгеше шешілмесе, Кеңестің төрағасы уақытша болмаған жағдайда, оның міндеттері тең төрағаларының біріне жүктеледі.
4. Кеңес отырысына байқаушылар ретінде ТДМ салалық ынтымақтастық органдары хатшылықтарының басшылары, геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы мемлекеттік басқару органдарының, басқа мүдделі мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері шақырылуы мүмкін.
5. Кеңес отырыстарын өткізуді қаржыландыруға байланысты шығыстар, қабылдаушы мемлекеттің геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы мемлекеттік басқару органының есебінен жүзеге асырылады. Кеңес мүшелерінің және отырысқа қатысушылардың іссапарға арналған шығыстарын жіберуші мемлекеттік билік органдары мен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ұйымдары жүзеге асырады.
6. Кеңестің және оның жұмыс органдарының жұмыс тілі орыс тілі болып табылады.
V бөлім
Кеңестің және оның мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
1. Кеңес өз міндеттері мен функцияларын орындау үшін:
Кеңес дайындаған құжаттардың жобаларын белгіленген тәртіппен ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің және Үкімет басшылары кеңесінің, ТМД-ның басқа да органдарының қарауына енгізуге;
өз құзыреті шеңберінде Келісімге қатысушы мемлекеттердің картография-геодезия қызметтері арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған, шешімдер қабылдауға;
қажет болғанда Кеңестің жұмыс топтарын құруға;
Кеңестің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша нормативтік-техникалық және басқа да құжаттарды келісуге;
Кеңес хатшылығының қызметіне бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар;
Келісімге қатысушы әрбір мемлекет Кеңестің жұмыс топтарына осы топтардың мүшелері құқығымен өз өкілдерін жіберуге құқығы бар.
2. Кеңестің төрағасы:
отырысты ашады және жабады;
отырысты жүргізеді, оның ішінде отырыстың күн тәртібі мен жұмыс регламентін бекітуге ұсынады, баяндамалар жасау және сөз сөйлеу үшін сөз береді, құжаттардың жобалары мен қаралатын мәселелер бойынша ұсыныстарды қарауға енгізеді;
Кеңестің хаттамалық шешімдеріне қол қояды;
рәсімдер қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді.
3. Кеңес мүшелерінің бірдей құқықтары бар, әрбір мемлекет бір дауысқа ие.
Кеңес мүшесі Кеңестің құзыреті шегінде кез келген мәселені талқылауға қоюға және Кеңестің қаралатын мәселелері мен қабылданған шешімдерінің орындалуы туралы қажетті ақпаратты алуға құқылы.
Кеңес мүшесі Кеңес қабылдаған шешімдерді тиісті мемлекеттік басқару органдарына жеткізеді және олардың орындалуына ықпал етеді.
Кеңес мүшесі Кеңес қабылдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етуге және Кеңес хатшылығын олардың орындалуы туралы уақтылы хабардар етуге міндетті.
4. Кеңес ТМД Атқарушы комитетіне өз қызметі туралы ақпаратты жыл сайын ұсынады.
VI бөлім
Кеңестің Хатшылығы
1. Кеңес Хатшылығының функциялары ТМД Атқарушы комитетінің құрылымдық бөлімшесімен бірлесіп, басшысы Кеңесте төрағалық ететін, Келісімге қатысушы мемлекеттердің Геодезия және картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы мемлекеттік басқару органына жүктеледі.
2. Кеңес Хатшылығы:
Кеңес қызметін ұйымдық-техникалық және ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
Кеңес отырыстарын ұйымдастыруға және өткізілуін қамтамасыз етуге қатысады;
Кеңестің жұмыс органдарының қызметін үйлестіреді, оларға қажетті көмек көрсетеді;
Кеңеске қатысушы мемлекеттердің үйлестіруші және жұмыс топтарымен өз құзыреті шегінде өзара іс-қимыл жасайды.
Кеңесте төрағалық етуші мемлекеттің мемлекеттік органының өкілі Кеңес хатшылығының басшысы, ал Кеңес хатшылығы басшысының орынбасары - ТМД Атқарушы комитетінің өкілі болып табылады.
VII бөлім
Рәсімдердің қағидалары
1. Келісімге қатысушы мемлекеттердің бірінің бастамасы бойынша, оның барлық қатысушыларымен консультация өткізілгеннен кейін, егер бұл үшін Кеңес мүшелерінің қарапайым көпшілігі жақтаса, Кеңестің кезектен тыс отырысы шақырылуы мүмкін.
2. Кеңес отырысының кворумы үшін оның мүшелерінің үштен екісі қатысуы керек.
3. Кеңес мүшесі Кеңес отырысына жеке өзінің қатысу мүмкіндігі болмаған жағдайда, өз өкілеттілігін отырыс кезеңінде геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы өз мемлекеттік басқару органының басқа өкіліне беруге құқылы.
Кеңес мүшесі өкілінің өкілеттілігі расталуы тиіс.
4. Кеңес отырысына қатысушы делегацияның құрамын Келісімге қатысушы мемлекет қалыптастырады.
5. Кеңес шешімдері консенсуспен қабылданады. Консенсус қаралатын мәселе бойынша шешім қабылдау үшін кедергі ретінде ұсынылатын, ең болмағанда Кеңеске қатысушы мемлекеттің бірінің ресми қарсылығы болмауы ретінде анықталады.
Келісімге қатысушы мемлекет шешім қабылдау үшін кедергі болмайтын, сол немесе өзге мәселеде өзінің мүдделі еместігі туралы мәлімдей алады. Отырыста қандай да бір Кеңес мүшесінің болмауы тиісті қатысушы мемлекеттің тарапынан қарсылық ретінде есептелмейді және осы отырыста шешім қабылдау үшін кедергі болып табылмайды.
6. Кеңестің кезекті отырысының күн тәртібінің жобасын Кеңес хатшылығы қалыптастырады және Кеңес мүшелерімен келісіледі.
7. Кеңес отырысында келесі отырыстың күні мен өткізу орны белгіленеді.
8. Отырыстың өткізілу тәртібін Кеңес айқындайды.
9. Рәсімдеу, оның ішінде отырысты ашуға/жабуға, оның жүргізілуіне, күн тәртібінің жобасына ұсыныстар енгізуге және күн тәртібін, жұмыс регламентін қабылдауға, бақылаушыларға сөз беруге қатысты мәселелері қатысушылардың қарапайым көпшілік дауысымен шешіледі.
10. Әрбір Кеңес мүшесі/делегация басшысы отырыс жүргізу тәртібі бойынша кез келген кезде шығып сөйлей алады. Бұл үшін Кеңес төрағасы тез арада сөз береді. Жүргізу тәртібі бойынша шығып сөйлеуші қаралатын мәселенің мәні бойынша емес сөз сөйлей алмайды. Жүргізу тәртібі бойынша ұсынысты төраға дауыс беруге талқыламай шығарады.
11. Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау кезінде, қажеттілікке қарай, Кеңестің жұмыс топтарының басшыларына сөз беріледі.
12. Отырыс барысында құжаттар жобасына ұсыныстар, әдетте, жазбаша нысанда енгізіледі және отырысқа қатысушылар арасында таратылады.
13. Отырыстың қорытындысы бойынша хаттама жасалады. Хаттамаға Кеңестің қатысушы мүшелері қол қояды.
14. Отырыс аяқталған күнінен бастап 30 күннен кешіктірмей отырыстың хаттамасы мен құжаттарын хатшылық Кеңестің барлық мүшелеріне таратады.