РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 -қосымшада:
12 «Көлік және коммуникация» деген функционалдық топта:
215 «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі» деген әкімшіде:
002 «Республикалық деңгейде автомобиль жолдарын дамыту» бағдарламасында:
мына:
«
«Павлодар, Семей қалалары арқылы Ресей федерациясының шекарасы (Омбыға карай) - Майқапшағай (Қытай Халық Республикасына шығу) автомобиль жолдары бойынша қайта жаңарту және жобалық-ізденіс жұмыстары |
6 394 000 |
10 500 000 |
21 000 000 |
»;
деген жол мынадай редакцияда жазылсын
«
«Павлодар, Семей қалалары арқылы Ресей федерациясының шекарасы (Омбыға карай) - Майқапшағай (Қытай Халық Республикасына шығу) автомобиль жолдары бойынша қайта жаңарту және жобалық-ізденіс жұмыстары |
6 454 000 |
10 500 000 |
21 000 000 |
»;
«Астана - Теміртау» автомобиль жолы бойынша жобалау-іздестіру жұмыстары |
60 000 |
»
деген жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С.Ахметов