Жамбыл облысындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі бірінші кезектегі жұмыстарды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтар броннан шығарылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын межелі пунктіне дейін тасымалдау және жеткізу үшін жылжымалы құрамның уақтылы берілуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар, Қаржы, Көлік және коммуникация министрліктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 23 қаңтардағы
№ 27 қаулысына
қосымша
Мемлекеттік материалдық резервтен шығарылатын материалдық құндылықтардың тізбесі
Р/с № |
Материалдық құндылықтардың атауы |
Өлшем бірлігі |
Саны |
1 |
Автогрейдер |
дана |
4 |
2 |
Шнекроторлы қар тазалағыш |
дана |
4 |