"Теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қажетті материалдар мен заттарға қойылатын нормативтерді және талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1524 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 62 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 657 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.08.2015 № 657 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қажетті материалдар мен заттарға қойылатын нормативтерді және талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1524 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 12, 154-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қажетті материалдар мен заттарға қойылатын нормативтерде және талаптарда:
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Егер мұнайдың төгілген мөлшері оқиға болған жердегі абсорбенттердің мүмкіндігінен асып түссе, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған әр теңіз құрылысы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес кең диапазонды диспергенттермен, сондай-ақ мұнайды уақытша сақтау қоймасына жинауға мүмкіндік беретін мұнай жинауға арналған материалдармен, тасымалдау және қауіпсіз жерде жағу үшін пластикалық қапшықтармен немесе герметикалық контейнерлермен (астаулармен) жабдықталады.».
      10-тармақтың 5)6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) 1 және 2-деңгейлі төгілулерді жою үшін жеткілікті, сондай-ақ өзінің және жағалық ден қою базасынан қосымша күштер мен құралдар келгенге дейін 3-деңгейлі мұнай төгілуін оқшаулауды қамтамасыз ететін материалдардың, заттар мен жабдықтардың отыз минуттық қол жетімділік шегінде болуы;
      6) 1 және 2-деңгейлі мұнай төгілулерін жою үшін жақын жердегі ден қою базасында орналасқан материалдар мен заттарды жабық құрғақ үй-жайда сақтау.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               С. Ахметов

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2010 года № 1524 "Об утверждении нормативов и требований к материалам и веществам, необходимым для проведения работ по очистке моря"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 января 2013 года № 62. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 августа 2015 года № 657

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 21.08.2015 № 657 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2010 года № 1524 «Об утверждении нормативов и требований к материалам и веществам, необходимым для проведения работ по очистке моря» (САПП Республики Казахстан, 2011 г., № 12, ст. 154) следующие изменения:
      в нормативах и требованиях к материалам и веществам, необходимым для проведения работ по очистке моря, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 9 изложить в следующей редакции:
      «9. Каждое морское сооружение для производства операций по недропользованию снабжается диспергентами широкого диапазона согласно перечню, утвержденному уполномоченным органом в области охраны окружающей среды, а также материалами для сбора нефти, позволяющими собрать нефть во временное хранилище, если ее разлившееся количество превысит возможности абсорбентов, имеющихся в наличии на месте происшествия, пластиковые мешки или герметичные контейнеры (бадьи) для перевозки и сжигания в безопасном месте.»;
      подпункты 5)6) пункта 10 изложить в следующей редакции:
      «5) наличие в пределах тридцатиминутной досягаемости материалов, веществ и оборудования, достаточных для ликвидации разливов уровней 1 и 2, а также обеспечивающих локализацию разлива нефти уровня 3 до прибытия собственных и дополнительных сил и средств из береговых баз реагирования;
      6) хранение материалов и веществ, находящихся на ближайшей базе реагирования, в закрытом сухом помещении для ликвидации нефтяных разливов уровней 1 и 2.».
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении тридцати календарных дней после первого официального опубликования.

        Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов