"Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 ақпандағы № 110 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 895 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 27.12.2018 № 895 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 26, 363-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларында:

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Кешенді тестілеуге қатысу үшін түсуші жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш, жалпы орта (орта жалпы) оқу орнын бітіргені туралы аттестат немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) оқу орнын бітіргені туралы диплом (түпнұсқа), тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек, 3x4 көлеміндегі екі фотосурет, 086-У нысанындағы медициналық анықтама, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға тестілеу нәтижелері бойынша мынадай пәндерден: мемлекеттік немесе орыс тілінен (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәнінен кемінде 70 балл, ал "Білім беру", "Ауыл шаруашылығы ғылымдары" және "Ветеринария" мамандықтар тобы бойынша кемінде 60 балл, басқа жоғары оқу орындарына - кемінде 50 балл, ал "Жалпы медицина" мамандығы бойынша кемінде 55 балл, оның ішінде бейінді пәннен кемінде 7 балл (әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 10 балл), ал қалған пәндер бойынша кемінде 4 балл жинаған, ҰБТ-дан өткен жалпы орта білім беру ұйымдарын ағымдағы жылы бітірушілер, кешенді тестілеуге қатысушылар қабылданады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 января 2012 года № 111 "Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие профессиональные учебные программы высшего образования"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 февраля 2013 года № 110. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2018 года № 895.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 27.12.2018 № 895.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 января 2012 года № 111 "Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие профессиональные учебные программы высшего образования" (САПП Республики Казахстан, 2012 г, № 26, ст. 363) следующие изменения:

      в Типовых правилах приема на обучение в организации образования, реализующие профессиональные учебные программы высшего образования, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 16 изложить в следующей редакции:

      "16. Для участия в комплексном тестировании поступающий подает в приемную комиссию высшего учебного заведения заявление на бланке установленного образца, аттестат об окончании общего среднего образования (среднего общего) или диплом об окончании технического и профессионального (начального или среднего профессионального, послесреднего) образования (подлинник), квитанцию об оплате за проведение тестирования, две фотокарточки размером 3x4, медицинскую справку по форме 086-У, а также копию документа, удостоверяющего личность.";

      пункт 37 изложить в следующей редакции:

      "37. В национальные высшие учебные заведения на платное обучение зачисляются выпускники организаций общего среднего образования текущего года, прошедшие ЕНТ, участники комплексного тестирования, набравшие по результатам тестирования не менее 70 баллов, а по группам специальностей "Образование", "Сельскохозяйственные науки" и "Ветеринария" не менее 60 баллов, в другие высшие учебные заведения не менее 50 баллов, а по специальности "Общая медицина" не менее 55 баллов, по следующим предметам: государственному или русскому языку (язык обучения), истории Казахстана, математике и предмету по выбору, в том числе не менее 7 баллов по профильному предмету (не менее 10 по каждому творческому экзамену), а по остальным предметам - не менее 4 баллов.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

С. Ахметов