Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 42, 489-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарында:
«Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері» деген 2-бөлімнің «Елдің ипотекалық нарығындағы тұрақтылықты, үлескерлердің құқықтарын қорғауды және құрылыс объектілерін аяқтауды қамтамасыз ету» деген 3-кіші бөлімінде:
жетінші бөліктегі «2-кезең: 2008 – 2012 жылдар» деген сөздер «2-кезең: 2008 – 2013 жылдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
отыз бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қор) құрылысын Алматы қаласы әкімдігінің уәкілетті ұйымы жүзеге асыратын «Солнечный квартал», «Шаңырақ» тұрғын үй кешендерінің және Алматы қаласы Жангелдин көшесіндегі 11-тұрғын үй құрылысын 3,44 млрд. теңге сомаға қаржыландыратын болады, оның ішінде «Солнечный квартал» тұрғын үй кешенін қаржыландыруға – 2,3 млрд. теңге, «Шаңырақ» тұрғын үй кешеніне – 1 млрд. теңге, Алматы қаласы Жангелдин көшесі 11-тұрғын үйдің құрылысына 0,14 млрд. теңге.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов