«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2013 жылы әскери оқу-жаттығу жиындарын өткеру үшін осы қаулыға қосымшаға сәйкес санда әскери міндеттілер заңнамада белгіленген тәртіппен шақырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 4 наурыздағы
№ 205 қаулысына
қосымша
2013 жылы әскери оқу-жаттығу жиындарына шақырылатын әскери
міндеттілердің саны
Р/с |
Атауы |
Әскери міндеттілердің саны |
Өткізу кезеңі |
1 |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі |
8000 |
наурыз – желтоқсан |
2 |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі |
15 |
қыркүйек |
Жиыны: |
8015 |
наурыз – желтоқсан |