Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С.Ахметов
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы
2010 жылғы 25 қарашада Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы Kелісімгe өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы
ХАТТАМА
Бұдан әрі «Уағдаласушы Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы 1996 жылғы 8 қазанда Прага қаласында жасалған Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге (бұдан әpi - Келісім) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы келісті:
1-бап
Кeлiciмнің 3-бабында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ұлттық режим және неғұрлым қолайлы режим туралы ереже осы бапқа сәйкес кеден одағына, экономикалық немесе валюталық одаққа, ортақ нарыққа немесе еркін сауда аймағына мүшеліктен туындайтын өз міндеттемелеріне орай Уағдаласушы Тарап ұсынатын пайдаға қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 4, 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы кеден одағына, экономикалық немесе валюталық одаққа, ортақ нарыққа немесе еркін сауда аймағына мүше екінші Уағдаласушы Тараптың міндеттемелеріне осы кеден одағына, экономикалық немесе валюталық одаққа, ортақ нарыққа немесе еркін сауда аймағына қатысты халықаралық шарттан туындайтын міндеттемелердің кіретіндігімен келісілді.
5. Осы Келісімнің ережелері Уағдаласушы Тараптардың бірінің екінші Уағдаласушы Тараптың инвесторларына, олардың инвестицияларына немесе кірістеріне бip Уағдаласушы Тарап Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісім немесе салық салуға байланысты басқа да халықаралық келісімдер негізінде ұсынуға құқылы осындай пайданы, басымдықтарды немесе артықшылықтарды ұсыну міндеттемесі ретінде түсіндірілмейді».
2-бап
Келісімнің 6-бабының 1-тармағының бipiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Еуропалық Одақ қабылдаған шараларды қозғамастан, аумағында екінші Уағдаласушы Тараптың инвесторлары инвестициялар салған әрбір Уағдаласушы Тарап инвесторлар барлық салықтық міндеттемелерді орындағаннан кейін осы инвесторларға бұл инвестициялармен байланысты еркін айырбасталатын валютада, кедергісіз және ешбір кідіріссіз, атап айтқанда, бipaқ айрықша емес төлемдердің еркін аударылуын ұсынады:».
3-бап
Келісімнің 8-бабының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер бip Уағдаласушы Тараптың инвесторы мен екінші Уағдаласушы Тарап арасындағы дау даудың туындағаны туралы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап алты ай ішінде осындай түрде шешілмесе, онда инвестор өз қалауы бойынша оны:
а) аумағында инвестициялар жүзеге асырылған Уағдаласушы Тарап мемлекеттің құзыретін соттарының, немесе
б) 1965 жылғы 18 наурыздағы Мемлекеттер мен басқа мемлекеттердің азаматтары арасындағы инвестициялық дауларды реттеу туралы конвенцияның қолданылып жүрген ережелерін ескере отырып, егер Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы осы Конвенцияның қатысушысы болып табылған жағдайда, Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықтың (ICSID), немесе
в) Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық сауда құқығы жөніндегі
комиссиясының (ЮНСИТРАЛ) Төрелік регламентіне сәйкес төрешіге немесе
халықаралық «ad hoc» аралық сотының қарауына ұсына алады. Дау тараптары осы қағидаларды өзгерту туралы жазбаша уағдаласуы мүмкін. Егер тиісті төрелік қағидаларда немесе қатысушылары екі Уағдаласушы Тарап болып табылатын халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, аралық соттың шешімі дауда екі тарап үшін де түпкілікті және міндетті болуға тиіс.».
4-бап 1. Keлісім мынадай мазмұндағы 11-баппен толықтырылсын: «11-бап.
Қауіпсіздіктің негізгі мүдделері
1. Осы Келісімнің ешқандай ережелері кез келген Уағдаласушы Тараптардың өздерінің:
а) қылмыстық әрекеттерге;
б) қару-жарақ, оқ-дәрілер мен әскери техника саудасына және әскери немесе басқа да күштік құрылымдарды жабдықтау мақсатында жүзеге асырылатын өзге де тауарлармен, материалдармен, көрсетілетін қызметтермен және технологиялармен жасалатын операцияларға қатысты;
в) соғыс немесе халықаралық қатынастардағы төтенше жағдайлар
уақытында жүзеге асырылған;
г) ядролық қаруды немесе басқа да ядролық жарылғыш қондырғыларды таратуға тыйым салуға қатысты ұлттық саясатты немесе халықаралық шарттарды icкe асыруға байланысты, немесе
д) БҰҰ-ның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға бағытталған Жарғысына сәйкес келетін өздерінің міндеттемелеріне байланысты негізгі қауіпсіздік мүдделерін қорғау үшін қажет деп есептейтін шараларды қолдануына кедергі ретінде түсіндірілмеуге тиіс.
2. Уағдаласушы Тараптың қауіпсіздігінің негізгі мүдделері оның кеден одағына, экономикалық немесе валюталық одаққа, ортақ, нарыққа немесе еркін сауда аймағына мүшелігінен туындайтын мүдделерді қамтуы мүмкін.».
3. Келісімнің 11 және 12-баптары 12 және 13-баптар болып есептелсін.
5-бап
Келісімнің 12-бабында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«13-бап. Қорытынды ережелер»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақтен толықтырылсын:
«4. Уағдаласушы Тараптардың өзара келісуi бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөліктері болып табылатын, жекелеген хаттамалармен рәсімделетін өзгертулер мен толықтырулар енгізуі мүмкін.».
6-бап
Осы Хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Уағдаласушы Тараптардың орындағаны туралы дипломатиялық арналар арқылы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап 60 (алпыс) күн өткен соң күшіне енеді.
Осы Хаттама Келісімнің қолданылу мерзімі ішінде күшінде қалады.
2010 жылғы «__» _______ ________ қаласында әрқайсысы қазақ, чех және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды әpi барлық мәтіндер бірдей тең түпнұсқалылығы болып табылады.
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Уағдаласушы Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстан Республикасы Чех Республикасы
Үшін Үшін