Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң ережесiн бекiту туралы" 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 және "Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарының нысандарын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы" 2006 жылғы 6 маусымдағы № 511 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 359 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 542 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 38, 389-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң ережесiнде:
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Жеке және заңды тұлғаларға иелiк ету не пайдалану құқығымен бұрын берiлген жер учаскелерiн жеке меншiкке немесе пайдалануға берудi алғашқы ресiмдеу кезiнде жер-кадастрлық iстер олардың жер учаскелерiнiң орналасқан жерi бойынша кадастрды жүргізетін кәсіпорындарға берілетін өтiнiштерiнiң негiзiнде жүргiзіледi.
      Өтiнiшке жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжаттар, ал олар болмаған кезде – бұл учаскенi берген атқарушы органның шешімiмен учаске шекарасының сызбасы (схемасы) қоса беріледi.
      Жеке және заңды тұлғаларға иелiк ету не пайдалану құқығымен бұрын берiлген жер учаскелерi бойынша кадастрды жүргізетін кәсіпорындар жер учаскелерін жергiлiктi жерде зерттеуді жүзеге асырады. Олардың шекаралары, алаңдары және мақсатты тағайындауы өзгергенi анықталған жағдайда, бұл өзгерiстер облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтер әкiмiнiң олардың Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде белгiленген құзыретiне сәйкес қайта бекiтуiне жатады немесе мүдделi тараптар арасында жасалатын шартта көрсетіледі.»;
      13-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бөлу нәтижесінде қалыптасқан жер учаскелеріне кадастрды жүргізетін кәсіпорын жаңа сәйкестендіру құжаттарын дайындайды және береді.»;
      мынадай мазмұндағы 13-2-тармақпен толықтырылсын:
      «13-2. Жеке немесе мемлекеттiк емес заңды тұлға бұрын өзiне жер пайдалануға берiлген жер учаскесiн жеке меншiкке сатып алған жағдайда жаңа жер-кадастрлық iс жүргізілмейді.
      Жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы беретін жер учаскесiн сатып алу-сату туралы жасалған шартының болуы, оның сатып алу бағасы төлемінің жүргізілгені, сондай-ақ жер учаскесiн бөліп-бөліп төлеу тәртібімен сатқан кезде мәмiле жасасуға тыйым салынуы (кепiлге берудi қоспағанда) туралы анықтаманың негізінде кадастрды жүргізетін кәсіпорын жер учаскесіне жаңа сәйкестендіру құжатын дайындайды және береді.»;
      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «30. Жеке және заңды тұлғалар жер учаскесiне кадастрлық нөмiрдi беру және жер учаскесіне ескi үлгiдегi сәйкестендіру құжатын жаңасына ауыстыру үшiн жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша кадастрды жүргiзетiн кәсiпорынға өтiнiшпен жүгінеді.
      Өтiнiшке жер учаскесiне қолданыстағы сәйкестендіру құжатының түпнұсқасы қоса берiледi.»;
      32-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Өтiнiш берушiнiң қалауы бойынша жер учаскесіне құқығы туралы ескі үлгідегі құжатты жаңа сәйкестендіру құжатын ауыстыру жүзеге асырылады.»;
      2) «Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарының нысандарын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы № 511 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 21, 209-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін актіде:
      мына: «М.О. ___________________________________________________
            М.П. (жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның атауы)
_____________________________________________________________ басшысы
Руководитель ________________________________________________________
        (наименование уполномоченного органа по земельным отношениям)
_____________________________________________________________________
___________________ аты-жөні   200__ ж. «___» ___________________ г.»
  (қолы, подпись)   Ф.И.О.
деген жол алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген тұрақты жер пайдалану құқығын
беретін актіде:
      мына: «М.О. ___________________________________________________
            М.П. (жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның атауы)
_____________________________________________________________ басшысы
Руководитель ________________________________________________________
        (наименование уполномоченного органа по земельным отношениям)
_____________________________________________________________________
___________________ аты-жөні   200__ ж. «___» ___________________ г.»
  (қолы, подпись)   Ф.И.О.
деген жол алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген уақытша (ұзақ мерзімге, қысқа
мерзімге) өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беретін актіде:
      мына: «М.О. ___________________________________________________
            М.П. (жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның атауы)
_____________________________________________________________ басшысы
Руководитель ________________________________________________________
        (наименование уполномоченного органа по земельным отношениям)
_____________________________________________________________________
___________________ аты-жөні   200__ ж. «___» ___________________ г.»
  (қолы, подпись)   Ф.И.О.
деген жол алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген уақытша өтеусіз жер пайдалану
құқығын беретін актіде:
      мына: «М.О. ___________________________________________________
            М.П. (жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның атауы)
_____________________________________________________________ басшысы
Руководитель ________________________________________________________
        (наименование уполномоченного органа по земельным отношениям)
_____________________________________________________________________
___________________ аты-жөні   200__ ж. «___» ___________________ г.»
  (қолы, подпись)   Ф.И.О.
деген жол алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

О внесении изменений и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 20 сентября 2003 года № 958 "Об утверждении Правил ведения государственного земельного кадастра в Республике Казахстан" и от 6 июня 2006 года № 511 "Об утверждении форм идентификационных документов на земельный участок, внесении изменений и дополнений и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года № 359. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 июля 2015 года № 542

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 16.07.2015 № 542 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменения и дополнение:
      1) в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 сентября 2003 года № 958 «Об утверждении Правил ведения государственного земельного кадастра в Республике Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2003 г., № 38, ст. 389):
      в Правилах ведения государственного земельного кадастра в Республике Казахстан, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 12 изложить в следующей редакции:
      «12. Земельно-кадастровые дела при первичном оформлении передачи в частную собственность или землепользование земельных участков, ранее предоставленных физическим и юридическим лицам на правах владения либо пользования, заводятся на основании их заявлений, подаваемых в предприятия, ведущие кадастр, по местонахождению земельных участков.
      К заявлению прилагаются документы, удостоверяющие право на земельный участок, а при их отсутствии – чертеж (схема) границ участка с решением исполнительного органа, предоставившего этот участок.
      По земельным участкам, ранее предоставленным физическим и юридическим лицам на правах владения либо пользования, предприятия, ведущие кадастр, осуществляют обследование земельных участков на местности. В случае выявления изменений их границ, площадей и целевого назначения, эти изменения подлежат переутверждению местным исполнительным органом области (города республиканского значения, столицы), районов (городов областного значения), акимом города районного значения, поселка, аула (села), аульных (сельских) округов в соответствии с их компетенцией, установленной Земельным кодексом Республики Казахстан, или отражаются в договоре, заключаемом между заинтересованными сторонами.»;
      часть четвертую пункта 13 изложить в следующей редакции:
      «На сформированные в результате раздела земельные участки предприятием, ведущим кадастр, изготавливаются и выдаются новые идентификационные документы.»;
      дополнить пунктом 13-2 следующего содержания:
      «13-2. При выкупе физическим или негосударственным юридическим лицом в частную собственность земельного участка, ранее предоставленного ему в землепользование, новое земельно-кадастровое дело не заводится.
      На основании справки о наличии заключенного договора купли-продажи земельного участка, произведенной оплате его выкупной цены, а также наложении запрета на совершение сделок (за исключением передачи в залог) при продаже земельного участка в рассрочку, выдаваемой уполномоченным органом по земельным отношениям области (города республиканского значения, столицы), района (города областного значения) по местонахождению земельного участка, предприятием, ведущим кадастр, изготавливается и выдается новый идентификационный документ на земельный участок.»;
      пункт 30 изложить в следующей редакции:
      «30. Физические и юридические лица для присвоения кадастрового номера земельному участку и замены идентификационного документа на земельный участок старого образца на новый обращаются с заявлением в предприятие, ведущее кадастр, по местонахождению земельного участка.
      К заявлению прилагается оригинал имеющегося идентификационного документа на земельный участок.»;
      часть вторую пункта 32 изложить в следующей редакции:
      «По желанию заявителя осуществляется замена документа о праве на земельный участок старого образца на новый идентификационный документ.»;
      2) в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 июня 2006 года № 511 «Об утверждении форм идентификационных документов на земельный участок, внесении изменений и дополнений и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2006 г., № 21, ст. 209):
      в акте на право частной собственности на земельный участок, утвержденном указанным постановлением:
      строку: «М.О.________________________________________________
      М.П.     (жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның атауы)
__________________________________________________________ басшысы
Руководитель _______________________________________________________
      (наименование уполномоченного органа по земельным отношениям)

_________________________________________________________________
_____________________ аты-жөні «____» ___________________200___ж.
     (қолы, подпись)  Ф.И.О.                                 г.»
исключить;
      в акте на право постоянного землепользования, утвержденном указанным постановлением:
      строку: «М.О._______________________________________________
      М.П.    (жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның атауы)
_________________________________________________________ басшысы
Руководитель _______________________________________________________
      (наименование уполномоченного органа по земельным отношениям)
___________________________________________________________________
_____________________ аты-жөні «____» ______________ 200 _________ж.
   (қолы, подпись)   Ф.И.О.                                      г.»
исключить;
      в акте на право временного возмездного (долгосрочного, краткосрочного) землепользования (аренды), утвержденном указанным постановлением:
      строку: «М.О.___________________________________________
      М.П.  (жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның атауы)
__________________________________________________________ басшысы
Руководитель ___________________________________________________
      (наименование уполномоченного органа по земельным отношениям)
___________________________________________________________________
_____________________ аты-жөні «____» __________________ 200 ___ж.
      (қолы, подпись) Ф.И.О.                                   г.»
      исключить;
      в акте на право временного безвозмездного землепользования, утвержденном указанным постановлением:
      строку:  «М.О._______________________________________________
      М.П.    (жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның атауы)
__________________________________________________________ басшысы
Руководитель ____________________________________________________
      (наименование уполномоченного органа по земельным отношениям)
___________________________________________________________________
_____________________ аты-жөні «____» _______________ 200 _______ж.
      (қолы, подпись) Ф.И.О.                                   г.»
исключить;
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                             С. Ахметов