Гватемала Республикасында қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық ахуалға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне Гватемала Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2013 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен берілетін күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша 50000 (елу мың) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен көрсетілген қаражатты арнайы банктік шотқа аударуды қамтамасыз етсін:
Intermediary bank:
Name: FEDERAL RESERVE BANK OF NEW YORK, N.Y. USA
Address: 33 LIBERTY STREET NEW YORK, NY 10045 USA
SWIFT: FRNYUS33
Beneficiary bank:
Name: BANCO DE GUATEMALA
Account nr.: 021084076
SWIFT: BAGUGTGC
Beneficiary Customer Account Number
Name: CUENTA UNICA DE DONACIONES-TES NAC-QUETZALES
Account nr.: 113018-6
Reference: APOYO A LA RECONSTRUCCIОN POR EL TERREMOTO 7 DE NOVIEMBRE
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов