"Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 395 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2013 жылғы 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы»;
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидалары бекітілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң тәртібі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы 2013 жылғы 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 24 сәуірдегі
№ 395 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
1996 жылғы 5 наурыздағы
№ 281 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға,
теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен
стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға,
физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да
объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың
атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және
мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды
тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге (бұдан әрі – объектілер) атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру тәртібін айқындайды.
      2. Объектілерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру кезінде мынадай талаптар ескерілуге тиіс:
      1) тарихи, географиялық, табиғи және мәдени ерекшеліктерді ескеру;
      2) әдеби тіл нормаларына сәйкестік;
      3) жеке адамның есімімен аталған, ол берілген (өзгертілген) күннен бастап кемінде он жыл өткен соң берілген есімді қайта атау, оны өзгерту;
      4) аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғылым, мәдениет қайраткерлерінің және Қазақстан Республикасы мен әлемдік қоғамдастық алдында еңбек сіңірген басқа да жеке адамдар қайтыс болған күннен бастап кемінде бес жыл өткен соң олардың есімдерін беру;
      5) бір әкімшілік-аумақтық бірліктің шегіндегі елді мекендерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне бір атауды бір мәрте ғана беру.

2. Объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың
атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және
мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды
тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру
тәртібі

      3. Объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру үшін тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) орталық мемлекеттік органдар, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының қолдаухаты;
      2) орталық мемлекеттік органдардың қарамағындағы объектілерді қоспағанда, объектілерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының бірлескен шешімі;
      3) физикалық-географиялық объектілерді қоспағанда, объектілерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру бойынша заңды тұлғаның ұжымы өткізген жиналыстың хаттамасы;
      4) физикалық-географиялық объектілерді қоспағанда, объектіге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру бойынша объектінің бірінші басшысының ұсыныс хаты;
      5) объектілерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы анықтамалық материалдар (мәліметтер, мұрағаттық және басқа да деректер);
      6) анықтамалық материалдар қоса берілген, осы Қағидалардың 2-тармағы 3) және 4) тармақшаларының талаптарын ескере отырып, объектіге, мемлекеттік заңды тұлғаға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаға есімін беру (қайта атау) ұсынылатын тұлғаның өмірбаян деректері;
      7) объектіге атау беру және қайта атау, сондай-ақ оның атауының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру жөніндегі қаржыландыру көздері туралы мәліметтер.
      4. Уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде тиісті құжаттарды Республикалық ономастика комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) қарауына жолдайды.
      5. Комиссия келіп түскен құжаттарды қарағаннан кейін он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру жөніндегі қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) жолдайды.
      6. Уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде Комиссия қорытындыларын орталық мемлекеттік органдарға, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарына жолдайды.
      7. Комиссияның оң қорытындысын алған жағдайда орталық мемлекеттік органдар, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары Комиссия қорытындысын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметіне объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және объектілерге, мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру жөніндегі қаулы жобасын енгізеді.
      8. Объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру Комиссия қорытындысының негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен жүзеге асырылады.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 марта 1996 года № 281 "Об утверждении Порядка наименования и переименования организаций, железнодорожных станций, аэропортов, а также физико-географических объектов Республики Казахстан и изменении транскрипции их названий"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2013 года № 395

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие см. п. 2.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 марта 1996 года № 281 «Об утверждении Порядка наименования и переименования организаций, железнодорожных станций, аэропортов, а также физико-географических объектов Республики Казахстан и изменении транскрипции их названий» (САПП Республики Казахстан, 1996 г., № 11, ст. 81) следующие изменения:
      заголовок изложить в следующей редакции:
      «Об утверждении Правил присвоения наименования аэропортам, портам, железнодорожным вокзалам, железнодорожным станциям, станциям метрополитена, автовокзалам, автостанциям, физико-географическим и другим объектам государственной собственности на территории Республики Казахстан, а также переименования, уточнения и изменения транскрипции их наименований и присвоения собственных имен лиц государственным юридическим лицам, юридическим лицам с участием государства»;
      абзац второй изложить в следующей редакции:
      «Утвердить прилагаемые Правила присвоения наименования аэропортам, портам, железнодорожным вокзалам, железнодорожным станциям, станциям метрополитена, автовокзалам, автостанциям, физико-географическим и другим объектам государственной собственности на территории Республики Казахстан, а также переименования, уточнения и изменения транскрипции их наименований и присвоения собственных имен лиц государственным юридическим лицам, юридическим лицам с участием государства.»;
      Порядок наименования и переименования организаций, железнодорожных станций, аэропортов, а также физико-географических объектов Республики Казахстан и изменения транскрипции их названий, утвержденный указанным постановлением изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Настоящее постановление вводится в действие с 24 апреля 2013 года и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

Приложение      
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 24 апреля 2013 года № 395

Утверждены       
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 5 марта 1996 года № 281 

Правила присвоения наименования аэропортам, портам,
железнодорожным вокзалам, железнодорожным станциям, станциям
метрополитена, автовокзалам, автостанциям,
физико-географическим и другим объектам государственной
собственности на территории Республики Казахстан, а также
переименования, уточнения и изменения транскрипции их
наименований и присвоения собственных имен лиц
государственным юридическим лицам, юридическим лицам с
участием государства 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила присвоения наименования аэропортам, портам, железнодорожным вокзалам, железнодорожным станциям, станциям метрополитена, автовокзалам, автостанциям, физико-географическим и другим объектам государственной собственности на территории Республики Казахстан, а также переименования, уточнения и изменения транскрипции их наименований и присвоения собственных имен лиц государственным юридическим лицам, юридическим лицам с участием государства (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 3) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года «Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан» и определяют порядок присвоения наименования аэропортам, портам, железнодорожным вокзалам, железнодорожным станциям, станциям метрополитена, автовокзалам, автостанциям, физико-географическим и другим объектам государственной собственности на территории Республики Казахстан (далее – объекты), а также переименования, уточнения и изменения транскрипции их наименований и присвоения собственных имен лиц государственным юридическим лицам, юридическим лицам с участием государства.
      2. При присвоении наименования и переименовании объектов, а также уточнении и изменении транскрипции их наименований и присвоении собственных имен лиц государственным юридическим лицам, юридическим лицам с участием государства должны учитываться следующие требования:
      1) учет исторических, географических, природных и культурных особенностей;
      2) соответствие нормам литературного языка;
      3) переименование, изменение присвоенного собственного имени лица не ранее десяти лет со дня наименования, присвоения (изменения) имени;
      4) присвоение собственных имен выдающихся государственных и общественных деятелей, деятелей науки, культуры и других лиц, имеющих заслуги перед Республикой Казахстан и мировым сообществом, не ранее пяти лет со дня их смерти;
      5) однократное присвоение одного наименования населенным пунктам, составным частям населенных пунктов в пределах одной административно-территориальной единицы.

2. Порядок присвоения наименования объектам, а также
переименования, уточнения и изменения транскрипции их
наименований и присвоения собственных имен лиц
государственным юридическим лицам, юридическим лицам
с участием государства

      3. Для присвоения наименования объектам, а также переименования, уточнения и изменения транскрипции их наименований и присвоения собственных имен лиц государственным юридическим лицам, юридическим лицам с участием государства в уполномоченный орган в сфере развития языков (далее – уполномоченный орган) предоставляются следующие документы:
      1) ходатайство центральных государственных органов, местных исполнительных органов области, города республиканского значения и столицы;
      2) совместное решение местного представительного и исполнительного органов области, города республиканского значения и столицы о присвоении наименования и переименовании объекта, а также уточнения и изменения транскрипции их наименований и присвоения собственных имен лиц государственным юридическим лицам, юридическим лицам с участием государства, за исключением объектов, находящихся в ведении центральных государственных органов;
      3) протокол собрания коллектива юридического лица по присвоению наименования и переименования объектов, а также уточнению и изменению транскрипции их наименований и присвоению собственных имен лиц государственным юридическим лицам, юридическим лицам с участием государства за исключением физико-географических объектов;
      4) письмо-предложение первого руководителя объекта, о присвоении наименования и переименовании объекта, а также уточнении и изменении транскрипции их наименований и присвоении собственных имен лиц государственным юридическим лицам, юридическим лицам с участием государства, за исключением физико-географических объектов;
      5) справочные материалы о присвоении наименования и переименовании объектов, а также уточнении и изменении транскрипции их наименований (сведения, архивные и другие данные);
      6) биографические данные лица, имя которого предлагается присвоить объекту (переименовать) государственному юридическому лицу, юридическому лицу с участием государства, с учетом требований подпунктов 3) и 4) пункта 2 настоящих Правил с приложением справочных материалов;
      7) сведения об источниках финансирования по присвоению наименования и переименованию объекта, а также уточнению и изменению транскрипции его наименования и присвоению собственных имен лиц государственным юридическим лицам, юридическим лицам с участием государства.
      4. Уполномоченный орган в течение десяти рабочих дней направляет соответствующие документы на рассмотрение Республиканской ономастической комиссии (далее – Комиссия).
      5. После рассмотрения поступивших документов Комиссия в течение десяти рабочих дней направляет в уполномоченный орган заключение по присвоению наименования объектам, а также по переименованию, уточнению и изменению транскрипции их наименований и присвоению собственных имен лиц государственным юридическим лицам, юридическим лицам с участием государства (далее – заключение).
      6. Уполномоченный орган в течении трех рабочих дней направляет заключения Комиссии в центральные государственные органы, местные исполнительные органы области, города республиканского значения и столицы.
      7. В случае получения положительного заключения Комиссии, центральные государственные органы, местные исполнительные органы области, города республиканского значения и столицы вносят в Правительство Республики Казахстан проект постановления по присвоению наименования объектам, а также переименованию, уточнению и изменению транскрипции их наименований и присвоению собственных имен лиц объектам, государственным юридическим лицам, юридическим лицам с участием государства с приложением заключения Комиссии.
      8. Присвоение наименования объектов, а также переименование, уточнение и изменение транскрипции их наименований и присвоение собственных имен лиц государственным юридическим лицам, юридическим лицам с участием государства осуществляется постановлением Правительства Республики Казахстан на основании заключения Комиссии.