Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын сақтау және танымал ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамаға сәйкес:
1) «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесін (бұдан әрі - Мекеме) құрсын;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
2. Мекеменің директорын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметінен босатады деп белгіленсін.
3. «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат; № 21, 265-құжат; 2005 ж., № 29, 362-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2009 ж., № 34, 321-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 39, 472-құжат; 2011 ж., № 41, 518-құжат; 2011 ж., № 51, 685-құжат; 2012 ж., № 35, 457-құжат; 2012 ж., № 54, 717-құжат; 2012 ж., № 58, 793-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде:
мына:
«
«Назарбаев орталығы» Президент Президент Әкімшілік
директоры Кеңсесінің Басшысы
бастығы
»
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Қазақстан Республикасының Президент Мәдениет Премьер-
Ұлттық мұражайының және ақпарат Министр,
директоры министрі Әкімшілік
Басшысы
».
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев