Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне автожол саласын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С Ахметов
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
автожол саласын реформалау мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 479-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«479-1-бап. Ақылы автомобиль жолдарымен (учаскелерімен) жүргені үшін ақылы уақтылы төлемеу»;
2) мынадай мазмұндағы 479-1-баппен толықтырылсын:
«479-1-бап. Ақылы автомобиль жолдарымен (учаскелерімен) жүргені үшін ақыны уақтылы төлемеу
Ақылы автомобиль жолдарымен (учаскелерімен) жүргені үшін ақыны уақтылы төлемеу —
жеке тұлғаларға - бес, заңды тұлғаларға — он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
3) 548-баптың екінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«247, 357-2 (бірінші бөлігінде), 440, 440-1, 441, 447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 447-5, 452, 454 (төртінші бөлігінде), 455, 456, 459-460 (әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 461 (6-1-бөлігінде), 463 (бірінші бөлігінде, бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу болып табылатын кезде, екінші және үшінші бөліктерінде), 467-1, 473-1, 477 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 479, 479-1, 480, 481 (әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 483, 486 (бірінші бөлігінде), 490-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бойынша - көліктік бақылау органдарының осыған уәкілетті лауазымды адамдары құқылы.».
2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; 2013 жылғы 20 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 53-баптың 1-тармағы 10) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) ағымдағы жөндеуді және күтіп-ұстауды, сондай-ақ жол жүргені үшін төлем ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін күтіп-ұстауды қоспағанда, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ оларда жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;»;
2) 88-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) қаржы ұйымдарының жарғылық капиталдарын ұлғайту жағдайларын қоспағанда, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең төменгі мөлшерде қалыптастыру кезінде республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға көзделген ақшаны есепке жатқызумен және оларды инвестициялық жобаларды іске асыруға пайдаланумен не мемлекеттік тапсырманы орындаумен (бұдан әрі - квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоты) байланысты операцияларды есепке алуға арналады.».
3. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат):
34-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік қабылдау және қабылдау комиссияларының пайдалануға қабылдауына жататын объектілердің құрылысы, сондай-ақ автомобиль жолдарын жөндеу кезінде міндетті түрде техникалық қадағалау жүзеге асырылуға тиіс.».
4. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат):
1) 1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) автомобиль жолдарын басқарушылар - автомобиль жолдарының меншік иелері болып табылатын немесе мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде, концессия, мүлікті сенімгерлікпен басқару шарттарының негізінде автомобиль жолдарын шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығымен басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз пайдалану шартына сәйкес өзге де тұлғалар;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) автомобиль жолының учаскесі - оның жалпы ұзындығы шекарасында орналасқан автомобиль жолының бөлігі;»;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) ақылы автомобиль жолдары (учаскелері) — өздеріне қатысты ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылданған және онымен жүргені үшін ақы алынатын автомобиль жолдары (учаскелері);»;
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) жол қызметі - автомобиль жолдарын және олардағы құрылыстарды жобалау, салу, реконструкциялау және жөндеу, күтіп-ұстау және пайдалану жөніндегі, сондай-ақ ақылы жүрісті ұйымдастыру жөніндегі қызмет;»;
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«18) жол қызметінің объектілері - жол-пайдалану кешендері, пайдалану қызметінің қызметкерлеріне арналған тұрғын үйлер, автобус аялдамалары, павильондар, демалыс алаңдары, автомобильдердің қысқа уақыт тоқтауына арналған алаңдар, автомобильдерді техникалық қарауға арналған құрылғылар, жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған құрылыстар мен құрылғылар, орман алқаптары, көпірлерге қызмет көрсету және оларды қорғау пункттері, технологиялық және авариялық-шақыру байланысының құрылғылары, жүргені үшін ақы алатын бағдарламалық-аппараттық кешен құрылғылары;»;
мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
«19-1) сапаны сараптау саласындағы заңды тұлғалар - қызметінің негізгі нысанасы автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу болып табылатын автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның қарамағындағы ұйымдар;»;
мынадай мазмұндағы 22) және 23) тармақшалармен толықтырылсын:
«22) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор (бұдан әрі - Ұлттық оператор) - жарғылық капиталында мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам, оның міндеттері жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі мемлекеттік тапсырманы орындау, сондай-ақ ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру болып табылады;
23) жүргені үшін ақы алатын бағдарламалық-аппараттық кешен - жол жүргені үшін ақы алуға арналған автомобиль жолы жабдықтарының, бағдарламалық қамтамасыз етілімнің және элементтерінің жиынтығы.»;
2) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Ақылы автомобиль жолдары (учаскелері):
1. Қазақстан Республикасында осы Заңда және Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ақылы автомобиль жолдары (учаскелер, көпірлер, өткерме жолдар) салынуы мүмкін. Ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) салу мен пайдалануды бақылауды автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
2. Автомобиль жолдары (учаскелері) бойынша жүргені үшін ақы мынадай шарттардың орындалуы: бүкіл жол бойында көліктің жоғары, қауіпсіз жүру жылдамдығын қамтамасыз ете отырып, жүрудің сапасын арттыру ескеріле отырып енгізіледі.
3. Ақылы автомобиль жолдары (учаскелері) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, жеке және заңды тұлғалардың меншікті және (немесе) қарыз қаражаты есебінен немесе концессиялық шарттар негізінде салынуы мүмкін.
Автомобиль жолы (учаскесі) ақылы жүруді ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұлттық операторға, концессионерге беріледі.
Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүргені үшін ақы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және мөлшерлемелер бойынша алынады.
4. Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүру автомобиль жолын пайдаланушының ұлттық оператормен немесе концессионермен жасасқан шартының негізінде жүзеге асырылады. Ақылы автомобиль жолына (учаскесін) кіру пунктінен өту сәті шартты жасасу сәті болып табылады. Ұлттық оператор немесе концессионер мен ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) пайдаланушылар арасындағы ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) пайдалануға арналған шарт жария болып табылады.
5. Жүргені үшін ақы алудан алынған ақшалар Ұлттық оператордың жеке шотында ескеріледі және ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) жөндеуге және күтіп-ұстауға байланысты шығыстарды қаржыландыруға, сондай-ақ жүргені үшін ақы алатын бағдарламалық-аппараттық кешенді күтіп-ұстауға жіберіледі.
6. Концессионер шетелдік инвесторларды тарту мүмкіндігімен, түрлі меншік нысанындағы бірқатар құрылыс, жобалау, қаржы, инвестициялық және басқа компанияларды біріктіруі мүмкін. Ақылы автомобиль жолдарының (учаскелерінің) құрылысы үшін концессионер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған кез келген қаржыландыру көздерін пайдаланады.
7. Жергілікті атқарушы органдардың автомобиль жолдарын пайдаланушылардан алатын, қолданылуы заңнамалық актілерде көзделмеген және жүктерді алып өту мен жолаушылардың еркін жүріп-тұруын тікелей немесе жанама түрде шектейтін салықтар, алымдар және төлемдер белгілеуіне тыйым салынады.»;
3) 5-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Автомобиль жолдарын (учаскелерін) ақылы негізде пайдалану туралы шешімдер I санатты жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына (учаскелеріне), II санатты автомобиль жолдарының жекелеген учаскелеріне және астананың және республикалық маңызы бар қалалардың көшелеріне қатысты қабылдануы мүмкін.»;
3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жүргені үшін ақы мөлшерлемесі;»;
4) 5-2-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында:
бірінші абзац алып тасталсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қала маңындағы бағыттарда және ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес елді мекендерді: кенттерді, ауылдарды аудан немесе облыс орталықтарымен, астанамен немесе республикалық маңызы бар қаламен қосатын бағыттарда жолаушылар мен жүкті тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автобустар;»;
5) 5-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-3-бап. Ақылы автомобиль жолын пайдалануды тоқтату және тоқтата тұру
1. Ақылы автомобиль жолын (учаскесін) пайдалануды тоқтату автомобиль жолын (учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы шешімде көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.
2. Ақылы автомобиль жолын (учаскесін) пайдалануды тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен соғыс жағдайы, төтенше жағдай енгізілген, сондай-ақ табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындаған жағдайда белгілі бір мерзімге жүзеге асырылады.
3. Ақылы автомобиль жолын (учаскесін) пайдалануды тоқтата тұру туралы шешімді осы баптың 2-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.»;
6) 7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жерді пайдаланушыларға жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, күтіп-ұстау және жол қызметінің объектілерін дамыту үшін жол санатына байланысты және жобалау құжаттамасына сәйкес белгіленген нормалардың негізінде жолға бөлінген белдеу үшін жер және жол бойындағы белдеу учаскелері ұсынылады. Ұлттық операторға немесе концессионерге сенімгерлік басқаруға берілген автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін қоса алғанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының қажетіне арналған жер жол органына - жерді тұрақты пайдалануға, жол салуды, реконструкциялау мен жөндеуді жүзеге асыратын қызмет көрсетушілерге - жерді уақытша пайдалануға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлінеді.»;
7) 9-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеу жерлері, сондай-ақ жобалау құжаттамасында көзделген жол бойы белдеуінің учаскелері жол органдарының иелігінде, концессионерлердің немесе Ұлттық оператордың пайдалануында болады және автомобиль жолдарын дамытуға, көркейтуге және жол бойы сервисіне ғана арналады.»;
3-тармақтың бірінші абзацы «жол органдары» деген сөздерден кейін «, Ұлттық оператор» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 11-бап мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2), 8-3) және 8-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-1) Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау, диагностикалау, паспорттау және аспаптық зерттеу жөніндегі жұмыстарды іске асыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту;
8-2) Ұлттық операторды құру;
8-3) автомобиль жолын (учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылдау;
8-4) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, сондай-ақ күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жобалардың басымдығы критерийлерін бекіту;»;
9) 12-баптың 2-тармағында:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) меншік нысандарына қарамастан, жол секторының жұмыс істеу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ жол қызметіндегі ұлттық стандарттардың жобаларын, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, сондай-ақ күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жобалардың басымдығы критерийлерін әзірлеу;»;
мынадай мазмұндағы 7-1) және 8-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау, диагностикалау, паспорттау және аспаптық зерттеу жөніндегі жұмыстарды іске асыру және қаржыландыру қағидаларын әзірлеу;»;
«8-1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне автомобиль жолын (учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы ұсыныстар енгізу;»;
9) тармақша алып тасталсын;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
14) мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде Ұлттық операторды қаржыландыру;»;
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) сапаны сараптау саласындағы заңды тұлғалардың автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуін ұйымдастыру;»;
10) 14-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Автомобиль жолдарын дамытуды жоспарлауды мемлекеттік органдар, шаруашылық және жеке автомобиль жолдарын басқарушылар бекітілген республикалық және өңірлік бағдарламаларға, жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау мен облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, сондай-ақ күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жобалардың басымдығы критерийлеріне сәйкес жүзеге асырады. Елді мекендердің көше-жол желісін дамытуды жоспарлауды тиісті жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
2. Жол саласындағы ғылыми зерттеулерді мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
11) 15-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жол қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарын сақтай отырып орындауға міндетті. Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау, диагностикалау, паспорттау және аспаптық тексеру бойынша жұмыстар, сондай-ақ оларды қаржыландыру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен жүзеге асырылады.
Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде авторлық қадағалауды - жобалық құжаттаманы әзірлеуші, өндірістік қадағалауды - жұмыстарды орындаушы және автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялауды, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуді техникалық қадағалауды жеке тапсырыс беруші дербес не тиісті аттестаты бар ұйымдар мен сарапшыларды тарту арқылы жүзеге асырады. Автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу жөніндегі жұмыстардан басқа, аяқталған жол жұмыстарын пайдалануға қабылдауды мемлекеттік қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.
3. Заңнама талаптарын бұза отырып, автомобиль жолдарын жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды орындау, сондай-ақ техникалық және авторлық қадағалау жөніндегі қызметтерді көрсету Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жауаптылыққа әкеп соқтырады.»;
12) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын пайдалану
1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, жеке және заңды тұлғалар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын пайдалану құқығына ие болады.
2. Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың:
1) жол органдарының лауазымды адамдарынан, төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органнан немесе оның бөлімшелерінен, сондай-ақ жол полициясының бөлімшелерінен жолдағы жүрісті тоқтату немесе шектеу себептері туралы түсініктеме алуға;
2) жүрістің шарттары туралы толық және дәйекті ақпаратқа;
3) ақылы автомобиль жолдарымен жүрудің құны мен олардың ұзақтығы туралы, ақылы автомобиль жолын (учаскесін) пайдаланудың тәртібі туралы, жүрудің төлем мөлшерлемелері, төлеу тәртібі мен тәсілдері, жүрудің ақысы бойынша жеңілдіктер мен басқа да шарттар туралы толық және дәйекті ақпаратқа;
4) осы Заңның 5-2-бабына сәйкес ақылы автомобиль жолдарымен тегін жүріп етуге;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жол органдарының лауазымды адамдарының іс-әрекетіне шағымдануға құқығы бар.
3. Автомобиль жолдарын пайдаланушылар:
1) жолдар мен жол құрылыстарының сақталуын және олармен қауіпсіз жүріп өтуді қамтамасыз ететін жарамды көлік құралдарын пайдалануға;
2) көлемі, массасы және (немесе) ось жүктемесі бойынша Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген автокөлік құралдарының рұқсат етілген өлшемдерінен асатын көлік құралдарында арнайы рұқсатсыз жүріп өтпеуге;
3) жол жүрісі қауіпсіздігін төмендететін, жүрісте іркілістердің пайда болуына, көлік құралдары жылдамдығының төмендеуіне, жолдар мен құрылыстардың сенімділігіне, олардың бұзылуына себепші болатын іс-әрекеттерді жасамауға;
4) ақылы автомобиль жолдарымен жүру ақысын ақы алу пунктін қиып ету сәтінде не төлеу туралы хабарламаны алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерлемеде және тәртіппен төлеуді жүргізуге;
5) ақылы автомобиль жолын пайдаланудың белгіленген тәртібін сақтауға, төлем тәсілдері және (немесе) көлік құралының техникалық сипаттамалары бойынша сараланған, белгіленген ақпараттық таблоға сәйкес көлік құралдары жүрісінің тиісті белдеуімен жүруді жүзеге асыруға, Ұлттық оператор немесе концессионер белгілеген жылдамдық режимін және ақы алу пункті арқылы жүру қашықтығын сақтауға міндетті.»;
13) мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:
«4-1-тарау. Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор
28-бап. Ұлттық оператордың құқықтық жағдайы
1. Ұлттық оператор қызметінің мақсаттары жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау бойынша мемлекеттік тапсырманы орындау, ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асыру, ақылы автомобиль жолдарымен (учаскелерімен) жүргені үшін ақы алуды ұйымдастыру болып табылады.
2. ұлттық оператордың қызметі осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен, сондай-ақ оның ішкі құжаттарымен реттеледі.
3. Ұлттық оператордың мүлкі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалыптастырылады.
4. Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жобаларды іске асыру мақсатында Ұлттық оператор Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген қаржыландыру көздерін тартуға және пайдалануға құқылы.
29-бап. Ұлттық оператордың өкілеттігі
Ұлттық оператордың өкілеттіктеріне:
1) мемлекеттік тапсырма негізінде жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарының желісін дамыту бойынша бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру;
2) мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялауды, жөндеуді және күтіп-ұстауды ұйымдастыру;
3) мемлекеттік тапсырманы орындауды ұйымдастыру шеңберінде жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау барысы мен сапасын бақылау;
4) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және оларды жол органдарына енгізу;
5) ақылы автомобиль жолдарымен жүргені үшін ақы алу;
6) ақылы автомобиль жолдарының қызметін ұйымдастыру;
7) жол элементтерін зақымдайтын не ақылы автомобиль жолдарымен жүруге арнайы рұқсаты жоқ ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдарын қадағалау және есепке алу;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлері жатады.».
2-бап. Осы Заң, 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 1) тармақшасын, 4-тармағы 2) тармақшасының тоғызыншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті