Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жекелеген республикалық мемлекеттік ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 529 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетi" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны қосылу жолымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетi" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып;

      2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Шәкәрiм атындағы Семей мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Семей мемлекеттік педагогикалық институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны қосылу жолымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылсын.

      2. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі кәсіпорындарға қатысты тиісті саланы басқару жөніндегі уәкілетті орган;

      2) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы, сондай-ақ ғылыми зерттеулер саласындағы қызметті жүзеге асыру кәсіпорындар қызметінің негізгі мәні болып айқындалсын.

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорындар жарғыларын бекітуге ұсынуды;

      2) кәсіпорындарды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 29 мамырдағы
№ 529 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      2. "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 шілдедегі № 1021 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 28, 339-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесінде:

      реттік нөмірлері 8 және 19-жолдар алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 35 және 36-жолдармен толықтырылсын:

      "35. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетi" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ақтөбе қаласы;

      36. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Семей қаласы".

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2022 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

О реорганизации отдельных республиканских государственных предприятий Министерства образования и науки Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 мая 2013 года № 529.

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 11 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Реорганизовать:

      1) республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Актюбинский государственный университет имени К. Жубанова" Министерства образования и науки Республики Казахстан и республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Актюбинский государственный педагогический институт" Министерства образования и науки Республики Казахстан путем слияния в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Актюбинский региональный государственный университет имени К. Жубанова" Министерства образования и науки Республики Казахстан;

      2) республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Семипалатинский государственный университет имени Шакарима" Министерства образования и науки Республики Казахстан и республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Семипалатинский государственный педагогический институт" Министерства образования и науки Республики Казахстан путем слияния в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Государственный университет имени Шакарима города Семей" Министерства образования и науки Республики Казахстан.

      2. Определить:

      1) уполномоченным органом по руководству соответствующей отраслью в отношении предприятий Министерство образования и науки Республики Казахстан;

      2) основным предметом деятельности предприятий осуществление деятельности в области высшего и послевузовского образования, а также в области научных исследований.

      3. Министерству образования и науки Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) представление на утверждение в Комитет государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан уставов предприятий;

      2) государственную регистрацию предприятий в органах юстиции;

      3) принятие иных мер, вытекающих из настоящего постановления.

      4. Утвердить прилагаемые изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания и подлежит официальному опубликованию.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

С. Ахметов


  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 29 мая 2013 года № 529

Изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые
решения Правительства Республики Казахстан

      1. Утратил силу постановлением Правительства РК от 05.08.2013 № 796.

      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 6 июля 2000 года № 1021 "Об утверждении Перечня государственных высших учебных заведений, не подлежащих приватизации" (САПП Республики Казахстан, 2000 г., № 28, ст. 339):

      в перечне государственных высших учебных заведений, не подлежащих приватизации, утвержденном указанным постановлением:

      строки, порядковые номера 8 и 19, исключить;

      дополнить строками, порядковые номера 35 и 36, следующего содержания:

      "35. Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Актюбинский региональный государственный университет имени К. Жубанова" город Актобе;

      36. Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Государственный университет имени Шакарима города Семей" город Семей.".

      3. Утратил силу постановлением Правительства РК от 19.08.2022 № 581 .
      4. Утратил силу постановлением Правительства РК от 28.08.2015 № 683 (вводится в действие со дня его подписания и подлежит официальному опубликованию).
      5. Утратил силу постановлением Правительства РК от 03.06.2022 № 361 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).