Сұйытылған көмірсутегі газын теңіз жолымен экспорттауды дамытудың кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 534 қаулысы

      Сұйытылған көмірсутегі газын теңіз жолымен экспорттық жеткізуді дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Ақтау теңіз портының сұйытылған көмірсутегі газын жөнелту жөніндегі теңіз терминалының иесімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 1240 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің ашылу, жұмыс істеу және жабылу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы сұйытылған көмірсутегі газын тасымалдауды жүзеге асыратын кемелерді өткізудің технологиялық схемасын бекіту жөніндегі шараларды қабылдасын.

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.09.2013 № 977 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      2) Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 901 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi) қаулысымен.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.09.2013 № 977 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2016 № 901 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi) қаулыларымен.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


О некоторых вопросах развития экспорта сжиженного углеводородного газа морским путем и внесении изменения и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 мая 2013 года № 534

      В целях развития экспортных поставок сжиженного углеводородного газа морским путем Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Пограничной службе Комитета национальной безопасности Республики Казахстан (по согласованию), Комитету таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан, Комитету государственного санитарно-эпидемиологического надзора Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке совместно с владельцем морского терминала морского порта Актау по отгрузке сжиженного углеводородного газа принять меры по утверждению технологической схемы пропуска судов, осуществляющих транспортировку сжиженного углеводородного газа, через Государственную границу Республики Казахстан в соответствии с Правилами открытия, функционирования и закрытия пунктов пропуска через Государственную границу Республики Казахстан, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 декабря 2005 года № 1240 «О некоторых вопросах функционирования пунктов пропуска через Государственную границу Республики Казахстан».
      2. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменение и дополнения:
      1) утратил силу постановлением Правительства РК от 17.09.2013 № 977 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования);
      2) утратил силу постановлением Правительства РК от 29.12.2016  № 901(вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 17.09.2013 № 977 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования); от 29.12.2016 № 901(вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов