Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің өсімдіктер карантині бойынша үйлестіру кеңесін құру туралы келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 676 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2012 жылғы 30 мамырда Ашхабад қаласында жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің өсімдіктер карантині бойынша үйлестіру кеңесін құру туралы келiсiм бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2013 жылғы 2 шілдедегі
№ 676 қаулысымен  
бекітілген     

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің
өсімдіктер карантині бойынша үйлестіру кеңесін құру туралы
келісім

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкіметтері,
      2008 жылғы 14 қарашада ТМД үкімет басшылары кеңесінің шешімімен бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына 2020 жылға дейінгі кезеңге экономикалық даму стратегиясының, Өсімдіктер карантині және өсімдіктерді қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияның (Рим, 1951 жыл, 1997 жылғы редакцияда) келісілген аграрлық саясатты іске асыру, азық-түлік, экологиялық қауіпсіздікті арттыру жөніндегі бірлескен шараларды әзірлеу және азық-түліктің сапасын бақылау, өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету бөлігінде ережелеріне сүйене отырып,
      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде байланыстарды және шаруашылық пен сауда байланыстарын дамытуды жүзеге асыру кезінде аумақтарды карантиндік зиянды организмдердің (карантиндік объектілердің) енуінен және таралуынан өзара қорғау мәселелеріне мән бере отырып,
      өсімдіктер карантині саласындағы халықаралық шарттардың қағидаларын және қағидаттарын, 1992 жылғы 13 қарашадағы Өсімдіктер карантині саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің негізгі ережелерін назарға ала отырып,
      карантиндік фитосанитариялық талаптарды және шараларды қолдану саласында келісілген саясат жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Тараптар ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің өсімдіктер карантині бойынша үйлестіру кеңесін (бұдан әрі – Кеңес) құрады.
      Кеңес өз қызметін осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің өсімдіктер карантині бойынша үйлестіру кеңесі туралы ереженің негізінде жүзеге асырады.

2-бап

      Осы Келісім Тараптардың әрқайсысының өз мемлекеті қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардан ол үшін туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.

3-бап

      Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік ресімдерді оған қол қойған Тараптардың орындағаны туралы депозитарийдің үшінші хабарламаны алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
      Мемлекетішілік ресімдерді кеш орындаған Тараптар үшін осы Келісім депозитарий тиісті құжаттарды алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

4-бап

      Осы Келісімге Тараптардың келісуі бойынша оның ажырамас бөлігі болып табылатын, тиісті хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

5-бап

      Осы Келісім күшіне енгеннен кейін депозитарийге қосылу туралы құжаттарды беру жолымен осы Келісімнің мақсаттары мен қағидаттарын мақұлдайтын кез келген мемлекеттің қосылуы үшін ашық.
      ТМД-ға қатысушы мемлекет үшін осы Келісім депозитарий қосылу туралы құжатты алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
      ТМД-ға қатысушы болып табылмайтын мемлекет үшін осы Келісім депозитарий оған қол қойған немесе оған қосылған мемлекеттердің осындай қосылуға келісімі туралы соңғы хабарламаны алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

6-бап

      Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады.
      Тараптардың әрқайсысы шығуға дейін алты ай бұрын өзінің осындай ниеті туралы депозитарийге жазбаша хабарлама жібере отырып және Келісімге қатысу уақытында туындаған міндеттемелерін реттеп, осы Келісімнен шығуға құқылы.
      2012 жылғы 30 мамырда Ашхабад қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Келісімге қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жолдайды.

      Әзербайжан Республикасының               Ресей Федерациясының
             Үкіметі үшін                          Үкіметі үшін

      Армения Республикасының               Тәжікстан Республикасының
           Үкіметі үшін                           Үкіметі үшін

      Беларусь Республикасының              Түрікменстан Үкіметі үшін
            Үкіметі үшін

      Қазақстан Республикасының             Өзбекстан Республикасының
            Үкіметі үшін                          Үкіметі үшін

      Қырғыз Республикасының                  Украина Үкіметі үшін
            Үкіметі үшін

      Молдова Республикасының
            Үкіметі үшін

2012 жылғы 30 мамырдағы
Тәуелсіз Мемлекеттер  
Достастығына қатысушы 
мемлекеттердің өсімдіктер
карантині бойынша   
үйлестіру кеңесін құру 
туралы келісімге    
қосымша        

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің
өсімдіктер карантині бойынша үйлестіру кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1.1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (бұдан әрі – ТМД) қатысушы мемлекеттердің өсімдіктер карантині бойынша үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде байланыстарды және шаруашылық пен сауда байланыстарын дамытуды жүзеге асыру кезінде аумақтарды карантиндік зиянды организмдердің (карантиндік объектілердің) енуінен және таралуынан өзара қорғау мәселелері бойынша 2012 жылғы 30 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің өсімдіктер карантині бойынша үйлестіру кеңесін құру туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қатысушы мемлекеттердің органдары мен ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты ұйымдық қамтамасыз ету, карантиндік фитосанитариялық талаптар мен шараларды қолдану саласында келісілген саясат жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау үшін құрылады.
      1.2. Кеңес өз қызметінде ТМД-ның Жарғысын, халықаралық шарттарды, сондай-ақ ТМД шеңберінде қабылданған шешімдерді, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының салалық ынтымақтастық органдары туралы жалпы ережені және осы Ережені басшылыққа алады.
      1.3. Кеңес қызметін өз өкілеттігі шегінде жүзеге асыратын және ТМД Үкімет басшылары кеңесіне және Экономикалық кеңесіне есеп беретін ТМД-ның салалық ынтымақтастық ұйымы болып табылады.

2. Кеңес қызметінің негізгі бағыттары және оның функциялары

      2.1. Кеңес қызметінің негізгі бағыттары:
      өсімдіктер карантині бойынша функцияларды аумақтарды карантиндік зиянды организмдердің (карантиндік объектілердің) енуінен және таралуынан өзара қорғау мүддесі үшін жүзеге асыратын Келісімге қатысушы мемлекеттердің бірлескен қызметін үйлестіру;
      өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалық, нормативтік, әдістемелік және басқа да ақпарат, оның ішінде:
      ТМД-ға қатысушы мемлекеттер аумақтарының фитосанитариялық жай-күйі туралы;
      өсімдіктер карантинін қамтамасыз ететін Келісімге қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік органдары мен ұйымдарының жұмысын ұйымдастыру және тәжірибесі туралы;
      Келісімге қатысушы мемлекеттердің органдары мен ұйымдарының карантиндік зиянды организмдердің (карантиндік объектілердің) таралуының алдын алу бойынша қызметі туралы ақпарат алмасуға көмектесу.
      2.2. Кеңестің негізгі функциялары:
      мыналар бойынша ұсыныстар әзірлеу:
      Келісімге қатысушы мемлекеттердің өсімдіктер карантині саласындағы ынтымақтастығын дамыту,
      тиісті халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес Келісімге қатысушы мемлекеттердің өсімдіктер карантині саласындағы заңнамаларын үйлестіру,
      Келісімге қатысушы мемлекеттер қолданатын фитосанитариялық шаралар жүйесін жетілдіру;
      мемлекетаралық бағдарламалардың, заңнамалық және өсімдіктер карантині саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
      өсімдіктер карантині жөнінде халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау және ынтымақтастық;
      өсімдіктер карантині саласында мамандарды даярлауды үйлестіру, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және оның ұйымдастырылуы мен оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуіне жәрдемдесу.

3. Кеңестің құқықтары

      Кеңес өз функцияларын орындау үшін мыналарға:
      3.1. Құжаттардың жобаларын, сондай-ақ Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдердің орындалуы туралы ақпаратты ТМД-ның Үкімет басшылары кеңесінің және Экономикалық кеңесінің қарауына белгіленген тәртіппен енгізуге.
      3.2. Келісімге қатысушы мемлекеттерден және ТМД-ның салалық ынтымақтастық органдарынан оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпаратты белгіленген тәртіппен сұратуға.
      3.3. Мынадай мәселелер бойынша тұрақты және уақытша жұмыс істейтін сарапшылардың жұмыс тобын құруға:
      өсімдіктер карантині саласындағы тетіктерді және тиімді әдістерді іске асыру үшін қажетті халықаралық шарттардың және басқа құжаттардың жобаларын әзірлеу;
      өсімдіктер карантині саласындағы нормативтік-әдістемелік құжаттамалармен және басқа ақпараттармен алмасу мәселелерін қарастыру;
      өсімдіктер карантині саласындағы өзекті проблемалар бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер ұйымдастыру.
      3.4. Кеңес жанынан құрылатын тұрақты және уақытша жұмыс істейтін сарапшылардың жұмыс топтарының қызметіне бақылауды жүзеге асыруға және олардың жұмысын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауға.
      3.5. Кеңес төрағасының есебін тыңдауға және Келісімге қатысушы мемлекеттер үшін тиісті ұсыныстар дайындауға.
      3.6. Өз жұмысының регламентін әзірлеуге және бекітуге, сондай-ақ оған өзгерістер енгізуге құқылы.

4. Кеңесті қалыптастырудың тәртібі

      4.1. Кеңес өсімдіктер карантиніне жауап беретін ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің тиісті органдары мен ұйымдарының басшыларынан қалыптастырылады.
      Кеңес мүшесін алмастыратын тұлғаларды Кеңес отырысына жіберген кезде олардың өкілеттілігі расталуы тиіс.
      Кеңестің құрамына кеңесте дауыс беру құқығымен Кеңес хатшылығының басшысы және ТМД-ның Атқарушы комитетінің өкілдері кіруі мүмкін.
      4.2. Кеңеске төрағалық етуді ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің атауы орыс әліпбиіндегі ретпен ТМД-ға қатысушы әрбір мемлекет атынан оның өкілі бір жыл ішінде, егер Кеңес шешімімен өзгеше белгіленбесе, кезекпен жүзеге асырады.
      Кеңестің алдыңғы және кейінгі төрағалары оның тең төрағалары болып табылады.
      Кеңес төрағасы уақытша болмаған жағдайда оның міндеттерін атқару тең төрағаларының біріне жүктеледі.

5. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру

      5.1. Кеңестің отырысы жылына бір реттен кем емес жүргізіледі. Қажет болғанда кезектен тыс отырыстар шақырылуы мүмкін.
      Кеңестің кезектен тыс отырысы оның бастамасы бойынша Кеңес төрағасының немесе кемінде үш Кеңес мүшесінің ұсынысымен шақырылады.
      5.2. Егер отырысқа Кеңес мүшелерінің үштен екісі қатысса, Кеңестің шешімі заңды болып табылады.
      5.3. Отырыстың орны, уақыты және күн тәртібі Кеңес мүшелерінің алдын ала келісімі бойынша анықталады.
      5.4. Кеңес жыл сайын ТМД-ның Атқарушы комитетіне өзінің қызметі туралы ақпаратты тапсырады.
      5.5. Кеңестің шешімі бойынша оның отырыстарында бақылаушы ретінде Келісімге қатысушы болып табылмайтын мемлекеттердің мүдделі ведомстволарының және ұйымдардың, оның ішінде халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуы мүмкін.
      5.6. Кеңестің шешімі, егер Кеңес өзгеше айқындамаса, отырысқа қатысушы оның мүшелерінің көпшілік қарапайым дауысымен қабылданады. Шешім қабылдау кезінде әрбір мемлекет бір дауысқа ие.
      Кеңестің кез келген мүшесі қандай да бір мәселе бойынша өзінің мүдделі еместігін білдіруі мүмкін, бұл шешім қабылдауға кедергі ретінде қаралмауы тиіс.
      Шешімге келіспейтін Кеңес мүшелері ерекше пікір білдіруі мүмкін, бұл отырыстың хаттамасына енгізіледі.
      5.7. Кеңес шешіміне Кеңес төрағасы қол қояды.
      5.8. Келісімге қатысушы қандай да бір мемлекеттің мүддесін тікелей қозғайтын Кеңестің шешімі оның өкілінің қатысуынсыз қабылданбайды.
      5.9. Кеңестің отырысы Кеңес бекіткен регламентке сәйкес жүргізіледі.
      5.10. Кеңестің кезекті отырысына материалдарды отырысқа қатысушылар оны өткізу күніне дейін кемінде 30 күн бұрын жолдайды.
      5.11. Кеңестің қызметін ұйымдастырушылық-техникалық және ақпараттық қамтамасыз етуді оның хатшылығы жүзеге асырады, оның функциясы «Бүкілресейлік өсімдіктер карантині орталығы» федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесіне жүктеледі.
      Хатшылық туралы ережені Кеңес бекітеді.
      5.12. Кеңес бірінші отырысында төрағаны сайлайды.
      5.13. Төраға Кеңестің жұмысын ұйымдастырады, оның отырыстарын басқарады, регламентті сақтауды қамтамасыз етеді.

6. Қорытынды ережелер

      6.1. Кеңестің және оның сарапшылары жұмыс топтарының отырыстарын өткізуді ұйымдастыруға байланысты шығыстарды ТМД-ға қатысушы мемлекетті қабылдайтын тиісті мемлекеттік билік органдары көтереді.
      Кеңес мүшелерінің, отырысқа қатысушылардың және сарапшылар жұмыс топтары өкілдерінің іссапар шығындарын ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жіберуші мемлекеттік билік органдары және ұйымдары көтереді.
      6.2. Кеңестің жұмыс тілі орыс тілі болып табылады.
      6.3. Кеңес жұмысы туралы есеп ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырыстарында белгіленген тәртіппен қаралады.
      6.4. Кеңесті тарату туралы мәселені ТМД үкімет басшыларының кеңесі қарайды.

Об утверждении Соглашения о создании Координационного совета по карантину растений государств-участников Содружества Независимых Государств

Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2013 года № 676

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Соглашение о создании Координационного совета по карантину растений государств-участников Содружества Независимых Государств, совершенное в городе Ашхабаде 30 мая 2012 года.
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

Утверждено        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 2 июля 2013 года № 676

СОГЛАШЕНИЕ
о создании Координационного совета по карантину
растений государств-участников СНГ

(Вступило в силу 28 августа 2013 года -
Бюллетень международных договоров РК 2013 г., № 5, ст. 52)

      Правительства государств-участников Содружества Независимых Государств, именуемые в дальнейшем Сторонами,
      исходя из положений Стратегии экономического развития Содружества Независимых Государств на период до 2020 года, утвержденной решением Совета глав правительств СНГ от 14 ноября 2008 года, Международной конвенции по карантину и защите растений (Рим, 1951 год, в редакции 1997 года), в части реализации согласованной аграрной политики, разработки совместных мер по повышению продовольственной, экологической безопасности и контроля качества продовольствия, обеспечения карантина растений,
      придавая важное значение вопросам взаимного предохранения территорий от заноса и распространения карантинных вредных организмов (карантинных объектов) при осуществлении контактов и развитии хозяйственных и торговых связей в рамках Содружества Независимых Государств,
      принимая во внимание правила и принципы международных договоров в области карантина растений, основные положения Соглашения о сотрудничестве в области карантина растений от 13 ноября 1992 года,
      в целях создания благоприятных условий для проведения согласованной политики в области применения карантинных фитосанитарных требований и мер
      согласились о нижеследующем:

Статья 1

      Стороны создают Координационный совет по карантину растений государств-участников СНГ (далее – Совет).
      Совет осуществляет свою деятельность на основе Положения о Координационном совете по карантину растений государств-участников СНГ, которое является неотъемлемой частью настоящего Соглашения.

Статья 2

      Настоящее Соглашение не затрагивает прав и обязательств каждой из Сторон, вытекающих для нее из других международных договоров, участником которых является ее государство.

Статья 3

      Настоящее Соглашение вступает в силу по истечении 30 дней с даты получения депозитарием третьего уведомления о выполнении подписавшими его Сторонами внутригосударственных процедур, необходимых для его вступления в силу.
      Для Сторон, выполнивших внутригосударственные процедуры позднее, настоящее Соглашение вступает в силу по истечении 30 дней с даты получения депозитарием соответствующих документов.

Статья 4

      По согласию Сторон в настоящее Соглашение могут быть внесены изменения и дополнения, являющиеся его неотъемлемой частью, которые оформляются соответствующим протоколом.

Статья 5

      Настоящее Соглашение после его вступления в силу открыто для присоединения любого государства, разделяющего цели и принципы настоящего Соглашения, путем передачи депозитарию документа о присоединении.
      Для государства-участника СНГ настоящее Соглашение вступает в силу по истечении 30 дней с даты получения депозитарием документа о присоединении.
      Для государства, не являющегося участником СНГ, настоящее Соглашение вступает в силу по истечении 30 дней с даты получения депозитарием последнего уведомления о согласии подписавших его или присоединившихся к нему государств на такое присоединение.

Статья 6

      Настоящее Соглашение заключается на неопределенный срок.
      Каждая из Сторон вправе выйти из настоящего Соглашения, направив депозитарию письменное уведомление о таком своем намерении не позднее чем за шесть месяцев до выхода и урегулировав обязательства, возникшие за время участия в Соглашении.

      Совершено в городе Ашхабаде 30 мая 2012 года в одном подлинном экземпляре на русском языке. Подлинный экземпляр хранится в Исполнительном комитете Содружества Независимых Государств, который направит каждому государству, подписавшему настоящее Соглашение, его заверенную копию.

За Правительство
Азербайджанской Республики


За Правительство
Российской Федерации

За Правительство
Республики Армения


За Правительство
Республики Таджикистан

За Правительство
Республики Беларусь


За Правительство
Туркменистана

За Правительство
Республики Казахстан


За Правительство
Республики Узбекистан

За Правительство
Кыргызской Республики


За Правительство
Украины

За Правительство
Республики Молдова



Приложение      
к Соглашению о создании
Координационного совета
по карантину растений
государств-участников
Содружества Независимых
Государств     
от 30 мая 2012 года 

ПОЛОЖЕНИЕ
о Координационном совете по карантину растений
государств-участников Содружества Независимых Государств

1. Общие положения

      1.1. Координационный совет по карантину растений государств–участников Содружества Независимых Государств (далее – СНГ) создается для организационного обеспечения сотрудничества между органами и организациями государств-участников Соглашения о создании Координационного совета по карантину растений государств-участников СНГ от 30 мая 2012 года (далее – Соглашение) по вопросам взаимного предохранения территорий от заноса и распространения карантинных вредных организмов (карантинных объектов) при осуществлении контактов и развитии хозяйственных и торговых связей в рамках СНГ, создании благоприятных условий для проведения согласованной политики в области применения карантинных фитосанитарных требований и мер.
      1.2. Совет в своей деятельности руководствуется Уставом Содружества Независимых Государств, международными договорами, а также решениями, принятыми в рамках СНГ, Общим положением об органах отраслевого сотрудничества СНГ и настоящим Положением.
      1.3. Совет является органом отраслевого сотрудничества Содружества Независимых Государств, осуществляющим свою деятельность в пределах своих полномочий и подотчетным Совету глав правительств и Экономическому совету СНГ.

2. Основные направления деятельности Совета и его функции

      2.1. Основными направлениями деятельности Совета являются:
      координация совместной деятельности органов и организаций государств-участников Соглашения, осуществляющих функции по карантину растений, в интересах взаимного предохранения территорий от заноса и распространения карантинных вредных организмов (карантинных объектов);
      содействие обмену законодательной, нормативной, методической и другой информацией в области карантина растений, в том числе:
      о фитосанитарном состоянии территорий государств-участников СНГ;
      об организации и опыте работы государственных органов и организаций государств-участников Соглашения, обеспечивающих карантин растений;
      о деятельности органов и организаций государств-участников Соглашения по предотвращению распространения карантинных вредных организмов (карантинных объектов).
      2.2. Основные функции Совета:
      разработка предложений:
      по развитию сотрудничества в области карантина растений государств-участников Соглашения,
      по гармонизации законодательства в области карантина растений государств-участников Соглашения в соответствии с требованиями соответствующих международных стандартов,
      по совершенствованию системы фитосанитарных мер, применяемых государствами-участниками Соглашения;
      участие в разработке проектов межгосударственных программ, законодательных и иных нормативных правовых актов в сфере карантина растений;
      взаимодействие и сотрудничество с международными организациями по карантину растений;
      координация подготовки специалистов в области карантина растений, организация семинаров, конференций и содействие ее организационному и учебно-методическому обеспечению.

3. Права Совета

      Совет для выполнения своих функций имеет право:
      3.1. Вносить в установленном порядке на рассмотрение Совета глав правительств и Экономического совета СНГ проекты документов, а также информацию о выполнении решений, по вопросам, входящим в компетенцию Совета.
      3.2. Запрашивать в установленном порядке от государств-участников Соглашения и органов отраслевого сотрудничества СНГ информацию по вопросам, входящим в его компетенцию.
      3.3. Создавать как постоянно действующие, так и временные рабочие группы экспертов по вопросам:
      разработки проектов международных договоров и других документов, необходимых для реализации механизмов и эффективных методов в области карантина растений;
      рассмотрения вопросов обмена нормативно-методической документацией и другой информацией в сфере карантина растений;
      организации совместных научных исследований по актуальным проблемам в сфере карантина растений.
      3.4. Осуществлять контроль за деятельностью постоянно действующих и временных рабочих групп экспертов, создаваемых при Совете, и принимать меры для обеспечения их работы.
      3.5. Заслушивать отчеты председателя Совета и готовить соответствующие предложения для государств-участников Соглашения.
      3.6. Разрабатывать и утверждать регламент своей работы, а также вносить в него изменения.

4. Порядок формирования Совета

      4.1. Совет формируется из руководителей соответствующих органов и организаций государств-участников СНГ, отвечающих за карантин растений.
      При направлении на заседания Совета лиц, замещающих членов Совета, их полномочия должны быть подтверждены.
      В состав Совета с правом совещательного голоса могут входить руководитель секретариата Совета и представители Исполнительного комитета СНГ.
      4.2. Председательство в Совете осуществляется поочередно каждым государством-участником СНГ в лице его представителя в порядке русского алфавита названий государств-участников СНГ, как правило, в течение одного года, если иное не будет установлено решением Совета.
      Предшествующий и последующий председатели Совета являются его сопредседателями.
      В случае временного отсутствия председателя Совета, его обязанности возлагаются на одного из сопредседателей.

5. Организация работы Совета

      5.1. Заседания Совета проводятся не реже одного раза в год. По мере необходимости могут созываться внеочередные заседания.
      Внеочередное заседание Совета созывается председателем Совета по его инициативе или предложению не менее трех членов Совета.
      5.2. Решения Совета являются правомочными, если на заседании представлены не менее двух третей членов Совета.
      5.3. Место, время и повестка дня заседания определяются по предварительной договоренности членов Совета.
      5.4. Совет ежегодно представляет в Исполнительный комитет СНГ информацию о своей деятельности.
      5.5. По решению Совета в его заседаниях в качестве наблюдателей могут участвовать представители заинтересованных ведомств государств, не являющихся участниками Соглашения, и организаций, в том числе международных.
      5.6. Решения Совета принимаются простым большинством голосов его членов, присутствующих на заседании, если иное не определено Советом. При принятии решений каждое государство имеет один голос.
      Любой член Совета может заявить о своей незаинтересованности в том или ином вопросе, что не должно рассматриваться как препятствие для принятия решения.
      Члены Совета, не согласные с решением, могут выразить особое мнение, которое вносится в протокол заседания.
      5.7. Решения Совета подписываются председателем Совета.
      5.8. Решения Совета, непосредственно затрагивающие интересы какого-либо государства-участника Соглашения, не могут приниматься в отсутствие его представителя.
      5.9. Заседания Совета проводятся в соответствии с регламентом, утвержденным Советом.
      5.10. Материалы к очередному заседанию Совета направляются участникам заседания не позднее чем за 30 дней до даты его проведения.
      5.11. Организационно-техническое и информационное обеспечение деятельности Совета осуществляется его секретариатом, функции которого возлагаются на федеральное государственное бюджетное учреждение «Всероссийский центр карантина растений».
      Положение о секретариате утверждается Советом.
      5.12. Совет избирает председателя на первом заседании.
      5.13. Председатель организует работу Совета, руководит его заседаниями, обеспечивает соблюдение регламента.

6. Заключительные положения

      6.1. Расходы, связанные с организацией проведения заседаний Совета, несут соответствующие органы государственной власти принимающего государства-участника СНГ.
      Расходы на командирование членов Совета, участников заседания несут направляющие органы государственной власти и организации государств-участников СНГ.
      6.2. Рабочим языком Совета является русский язык.
      6.3. Отчет о работе Совета рассматривается в установленном порядке на заседании Совета глав правительств СНГ.
      6.4. Вопрос об упразднении Совета рассматривается Советом глав правительств СНГ.