Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға айырманы өтеу қағидасын бекіту туралы" 2011 жылғы 3 мамырдағы № 474 және "Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарды тиісті шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің персоналына теңестіру туралы" 2011 жылғы 17 мамырдағы № 530 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 шілдедегі № 683 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға айырманы өтеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 474 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 37, 446-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға айырманы өтеу қағидасында:
      5-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Ағымдағы қаржы жылында халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне айырманы өтеу халықаралық ұйымда жұмыс істеген күннен бастап саналады, халықаралық ұйымның ішкі актілер мен еңбек шарттарында нақтыланса.»;
      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.02.2015 № 60 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 3 мая 2011 года № 474 "Об утверждении Правил возмещения разницы должностным лицам, направленным на работу в международные организации от Республики Казахстан, ранее занимавшим должности персонала дипломатической службы" и от 17 мая 2011 года № 530 "О приравнивании должностных лиц, направленных на работу в международные организации от Республики Казахстан, ранее занимавших должности персонала дипломатической службы, к персоналу загранучреждения Республики Казахстан в соответствующем иностранном государстве"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 3 июля 2013 года № 683

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменения и дополнения:
      1) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 3 мая 2011 года № 474 «Об утверждении Правил возмещения разницы должностным лицам, направленным на работу в международные организации от Республики Казахстан, ранее занимавшим должности персонала дипломатической службы» (САПП Республики Казахстан, 2011 г., № 37, ст. 446):
      в Правилах возмещения разницы должностным лицам, направленным на работу в международные организации от Республики Казахстан, ранее занимавшим должности персонала дипломатической службы, утвержденных указанным постановлением:
      пункт 5 дополнить частью третьей следующего содержания:
      «В текущем финансовом году возмещение разницы сотрудникам международных организаций исчисляется со дня начала работы в международной организации, определяемого трудовым договором или внутренним актом международной организации.»;
      2) Утратил силу постановлением Правительства РК от 16.02.2015 № 60.
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов