"Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 698 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № 772 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.09.2023 № 772 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 2, 24-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесінде:

      5-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-5. Конкурсқа қатысу үшін кемінде 50 балл, "Жалпы медицина" мамандығы бойынша кемінде 55 балл, ұлттық жоғары оқу орындарына түсушілер үшін кемінде 70 балл, ал "Білім", "Ауыл шаруашылығы ғылымдары" және "Ветеринария" мамандықтарының топтары бойынша кемінде 60 балл, оның ішінде бейінді пән бойынша кемінде 7 балл (әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 10 балл), ал қалған пәндер бойынша кемінде 4 балл жинау қажет.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 января 2008 года № 58 "Об утверждении Правил присуждения образовательного гранта для оплаты высшего образования"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 9 июля 2013 года № 698. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 сентября 2023 года № 772.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 07.09.2023 № 772 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 января 2008 года № 58 "Об утверждении Правил присуждения образовательного гранта для оплаты высшего образования" (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 2, ст. 24) следующее изменение:

      в Правилах присуждения образовательного гранта для оплаты высшего образования, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 5-5 изложить в следующей редакции:

      "5-5. Для участия в конкурсе необходимо набрать не менее 50 баллов, по специальности "Общая медицина" – не менее 55 баллов, для поступающих в национальные высшие учебные заведения – не менее 70 баллов, а по группам специальностей "Образование", "Сельскохозяйственные науки" и "Ветеринария" не менее 60 баллов, в том числе не менее 7 баллов по профильному предмету (не менее 10 баллов по каждому творческому экзамену), а по остальным предметам не менее 4 баллов.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

С. Ахметов