Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 17.07.2018 № 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 12, 116-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасында:
67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74 және 75-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"67. Жеке немесе заңды тұлға жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темір жолдар мен гидроқұрылыстарды салу (қайта жаңарту) және жөндеу кезінде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат алу үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді:
1) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәлік*;
ескертпе: * "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
2) жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарына, темір жолдарға және/немесе гидроқұрылыстарға жобалау-іздестіру және/немесе жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізуге арналған шарттың (келісімшарттың) нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, аталған шарттың (келісімшарттың) көшірмесі не гидроқұрылысқа құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
4) мәлімделген қол қойылатын бонусты толық көлемде төлеу жөніндегі міндеттемені орындау мүмкіндігін растайтын құжаттар (жеке қаражат, банктердің кепілдігі);
5) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларға барлау жүргізу алаңының картограммасы, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің және орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімдіктер дүниесін молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның өңірлік органының картограмманы қарау қорытындылары.
68. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға жер қойнауын пайдалану құқығына өтінішті осы Қағиданың 67-тармағында санамаланған құжаттардың барлығы болған кезде қабылдайды.
69. Өтініш беруші кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін мәлімделген қол қойылатын бонусты толық көлемде төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау мүмкіндігін растау мақсатында мынадай құжаттарды ұсынады:
1) егер төлемді жеке қаражаты есебінен жүзеге асыру көзделген болса, өтініш берушінің банк шотында тиісті соманың болуын растайтын құжатты қоса береді;
2) егер қаржыландыруды қарыз қаражаты есебінен жүзеге асыру көзделген болса, өтініш беруші кредиттік ұйымнан растаушы құжаттардың түпнұсқаларын немесе олардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін қоса береді.
70. Кең таралған пайдалы қазбаларға барлау жүргізу алаңының картограммасын өтініш беруші әзірлейді және ол облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның өңірлік бөлімшесіне және орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімдіктер дүниесін молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне мәлімделген координаттардың немесе координаттар бөлігінің үшінші тұлғалардың ауыртпалығында болуы, келісімшартты аумақпен, су қорлары жерлерімен немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңнамада көзделген жағдайларда ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың аумағымен түйісуі, сондай-ақ пайдалы қазбалардың, оның ішінде жер асты суларының болуы немесе болмауы тұрғысында қарауға жіберіледі. Қарау қорытындылары өтініш берушіге кең таралған пайдалы қазбаларға барлау жүргізу алаңының картограммасы түскен сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде жолданады.
Кең таралған пайдалы қазбаларға барлау жүргізу алаңының картограммасын қарау қорытындыларын беру кезінде мәлімделетін жер учаскелері барланған жағдайда, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі оның барланғаны туралы тиісті белгі қояды.
Қарау қорытындылары бойынша картограмманы түзеткен жағдайда, өтініш беруші кең таралған пайдалы қазбаларға барлау жүргізу алаңының картограммасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның өңірлік бөлімшесіне және орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімдіктер дүниесін молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне қайта жолдайды. Қарау қорытындылары өтініш берушіге түзетілген картограмма түскен сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде жолданады.
71. Өтінішті қарау қорытындылары бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы өтініш түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтініш берушіні қол қойылатын бонустың түпкілікті мөлшерін белгілеу мәселесі бойынша келіссөздер жүргізу туралы хабардар етеді. Келіссөздер жүргізу күні өтініш түскен күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспауы тиіс. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы келіссөздер өткізілгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде:
1) келіссөздер хаттамасын ресімдейді және өтініш берушіге тікелей келіссөздердің қорытындылары бойынша қабылданған шешім туралы хабарлама жібереді;
2) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсатты жасайды және жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне келісуге жібереді.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы келісулерді алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтініш берушіге осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға жазбаша рұқсатты береді. Жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде келісуді жүргізеді.
72. Учаске барланған жағдайда кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсатты алғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушы 3 жұмыс күні ішінде құпиялық және геологиялық ақпаратты алу туралы келісімге қол қою үшін жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жазбаша түрде жүгінеді. Жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі жер қойнауын пайдаланушы жүгінген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құпиялық және геологиялық ақпаратты алу туралы келісімге қол қоюды қамтамасыз етеді. Геологиялық ақпаратты алу үшін төлемді өтініш беруші үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Геологиялық ақпарат пакетінің құны тарихи шығындар мөлшері негізге алынып айқындалады.
Геологиялық ақпарат пакетінің құны қайтаруға жатпайды.
73. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсатты алғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушы іздестіру-бағалау жұмыстарының жобасын әзірлейді және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсатты алған күннен бастап екі айдан кешіктірмей іздестіру-бағалау жұмыстарының жобасын мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамаға жолдайды, олар он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындыларын алуына қарай жер қойнауын пайдаланушы геологиялық барлау жұмыстарын жүргізеді, оның қорытындылары бойынша пайдалы қазбалар қорларының саны, сапасы, құрамы, технологиялық және өзге де қасиеттері, оның республика экономикасы үшін маңыздылығы, барлаудың тау-кен техникалық, гидрогеологиялық, экологиялық және басқа жағдайлары туралы ақпаратты қамтитын пайдалы қазбалардың қорларын есептей отырып, есеп жасайды. Пайдалы қазбалардың қорлары есептелген есеп пайдалы қазбалардың қорлары жөніндегі өңіраралық комиссияға мемлекеттік жер қойнауы сараптамасына жолданады. Мемлекеттік жер қойнауы сараптамасы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
74. Жеке немесе заңды тұлға жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темір жолдар мен гидроқұрылыстарды салу (қайта жаңарту) және жөндеу кезінде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат алу үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді:
1) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәлік*;
ескертпе: * "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілуіне дейін берілген заңды тұлғаны мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
2) жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына, темір жолдарға және/немесе гидроқұрылыстарға жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізуге арналған шарттың (келісімшарттың) нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, аталған шарттың (келісімшарттың) көшірмесі не гидроқұрылысқа құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
4) мәлімделген қол қойылатын бонусты толық көлемде төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау мүмкіндігін растайтын құжаттар (жеке қаражат, банктердің кепілдігі)*;
ескертпе: *егер жеке немесе заңды тұлға осы Қағидаға сәйкес берілген кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат шеңберінде осы тұлға жүргізген жұмыстардың қорытындылары бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығына өтініш берген жағдайда, бұл құжат талап етілмейді. Өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығына рұқсат алынғаннан кейін коммерциялық табу бонусы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленеді.
Егер жеке немесе заңды тұлға осы Қағидаға сәйкес берілген кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат шеңберінде өзге тұлға жүргізген жұмыстардың қорытындылары бойынша өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығына өтініш берген жағдайда, онда өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы алынғаннан кейін мөлшері Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген коммерциялық табу бонусының сомасынан төмен болмайтын қол қойылатын бонус төленеді;
5) пайдалы қазбалардың қорлары жөніндегі өңіраралық комиссияның тиісті хаттамасы;
6) осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жүргізілетін алаңның картограммасы, сондай-ақ жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің картограмманы қарау қорытындысы;
7) кен орнын әзірлеу жобасын оң келісудің нәтижелері;
8) кен орнын әзірлеу жобасының мемлекеттік экологиялық сараптамасының оң қорытындысы.
Егер жеке немесе заңды тұлға осы Қағидаға сәйкес берілген кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат шеңберінде осы тұлға жүргізген жұмыстардың қорытындылары бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығына өтініш берген жағдайда, осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында санамаланған құжаттарды ұсыну кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсаттың көшірмесін ұсынумен ауыстырылады.
75. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығына өтінішті осы Қағиданың 74-тармағында санамаланған барлық құжаттар болған кезде қабылдайды.";
мынадай мазмұндағы 76, 77, 78, 79, 80, 81, 82, 83 және 84-тармақтармен толықтырылсын:
"76. Өтініш беруші кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін мәлімделген қол қойылатын бонусты толық көлемде төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау мүмкіндігін растау мақсатында мынадай құжаттарды қоса береді:
1) егер төлемді жеке қаражаты есебінен жүзеге асыру көзделіп отырған болса, өтініш берушінің банк шотында тиісті соманың барын растайтын құжатты қоса береді;
2) егер қаржыландыруды қарыз қаражаты есебінен жүзеге асыру көзделіп отырған болса, өтініш беруші кредиттік ұйымнан растаушы құжаттардың түпнұсқаларын немесе олардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін қоса береді.
77. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жүргізу алаңының картограммасы жер қойнауын пайдаланушы өндіру жүргізуге құқылы пайдалы қазбалардың бекітілген қорлары бар жер қойнауының учаскесін графикалық және сипаттамалық жағынан айқындайды, оны өтініш беруші әзірлейді және жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің қарауына жатады. Қарау қорытындылары өтініш берушіге кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жүргізу алаңының картограммасы түскен сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде жолданады.
78. Кен орнын әзірлеу жобасы тау-кен және өндіру жұмыстарының күнтізбелік кестесі мен берілген өнімділікті қамтамасыз ететін техникалық шешімдерді және өндіруге ілеспелі басқа да өндіріс операцияларын; жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану, персоналдың жұмыс қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау; бүлінетін жерлерді рекультивациялау жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін шараларды, сондай-ақ жоспарланып отырған жұмыстарды жылдарға бөліп қаржыландыру туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.
Егер жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды су объектісінің су қорғау аймағы шеңберінде жүргізу жоспарланатын жағдайда, кен орнын әзірлеу жобасын су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның өңірлік органымен де келісу қажет. Келісу қорытындылары өтініш берушіге кен орнын өндіру жобасы берілген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жолданады.
79. Кен орнын өндіру жобасы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық сараптамалар өткізуге, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен, сондай-ақ жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен кен орнын өндіру жобасы түскен сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде келісуге жатады.
80. Өтінішті қарау қорытындылары бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы өтініш түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтініш берушіні қол қойылатын бонустың түпкілікті мөлшерін белгілеу мәселесі бойынша келіссөздер жүргізу туралы хабардар етеді. Келіссөздер жүргізу күні өтініш түскен күнінен бастап 10 жұмыс күнінен аспауы тиіс. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы келіссөздер өткізілгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде:
1) келіссөздер хаттамасын ресімдейді және өтініш берушіге тікелей келіссөздердің қорытындылары бойынша қабылданған шешім туралы хабарлама жібереді;
2) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсатты жасайды және жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне келісуге жібереді.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы келісулерді алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтініш берушіге осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге жазбаша рұқсатты береді. Жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде келісуді жүргізеді.
81. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды тоқтатқан кезде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану объектісін жою немесе консервациялау жөніндегі жұмыстарды жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес дереу орындауға кіріседі.
82. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсатты беруден мынадай:
1) жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарына, темір жолдар мен гидроқұрылыстарға жобалау-іздестіру жұмыстарын және/немесе жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыруға арналған шартты бұзу деректері анықталған;
2) өтініш беруші дәйексіз мәліметтерді құрайтын құжаттарды ұсынған жағдайларда бас тартылады.
83. Өтініш берушіге кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсатты беруден дәлелді бас тартуды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы өтініш берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жазбаша түрде жолдайды. Өтініш беруші негізінде кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жазбаша рұқсатты беруден дәлелді бас тарту алынған ескертулерді жойған кезде, қайталанған өтініш жалпы негіздерде қаралады.
84. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалады. Бір данасы жер қойнауын пайдаланушыға беріледі, екіншісі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органында сақталады.";
көрсетілген Қағидаға 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағида осы қаулыға 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес 3, 4, 5 және 6-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 шілдедегі № 721 қаулысына 1-қосымша |
|
Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасына 1-қосымша |
Нысан
ӨТІНІШ
_____________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалану түрі)
_____________________________________________________________________
(өтініш берушінің атауы)
Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темір жолдар
мен гидроқұрылыстарды салу (қайта жаңарту) және жөндеу кезінде
пайдаланылатын кең таралған қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды
жүргізуге рұқсат беруді сұрайды
_____________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалану түрі және объектісі - жер қойнауының
учаскесі)
Жер қойнауын пайдалану мақсаты
_____________________________________________________________________
(кең таралған пайдалы қазбалар түрі
1. __________________________________________________________________
(кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды бастау мен аяқтаудың
болжанатын мерзімдері)
2. __________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
3. __________________________________________________________________
(қол қойылатын бонустың ұсынылатын мөлшері)
4. __________________________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә., басшының Т.А.Ә., лауазымы, кәсіпорын
иесінің Т.А.Ә.)
_____________________________ (қолы) | ______________________________ кәсіпорын басшысының Т.А.Ә. (лауазымы), жеке тұлғаның Т.А.Ә. |
20 ж. " "
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 шілдедегі № 721 қаулысына 2-қосымша |
|
Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасына 2-қосымша |
Нысан
Кең таралған пайдалы қазбаларға барлау жүргізу алаңының
картограммасы
_________________________________________________________ барлау үшін
____________________________________________________________ әзірледі
Орналасқан жері _____________________________________________________
Белдеу шекарасы картограммада көрсетілген және № __ бастап № ___ қоса
алғанда бұрыштық нүктелермен белгіленген.
бұрыштық нүктелер | бұрыштық нүктелердің координаталары | бұрыштық нүктелер | бұрыштық нүктелердің координаталары | ||
солтүстік ендігі | шығыс бойлығы | солтүстік ендігі | шығыс бойлығы | ||
Ауданы ___ шаршы км құрайды.
_____________________________________________________________________
(барлау)
Жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі | _____________________________ (Т.А.Ә., лауазымы) _____________________________ (қолы) |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 шілдедегі № 721 қаулысына 3-қосымша |
|
Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасына 3-қосымша |
Нысан
Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темір жолдар
мен гидроқұрылыстарды салу (қайта жаңарту) және жөндеу кезінде
пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға жер
қойнауын пайдалану құқығына
РҰҚСАТ
________________________________________________________________ үшін
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________ берілді
(кімге)
_____________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалану түрі)
_____________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалану объектісі)
_____________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалану мақсаты)
_____________________________________________________________________
(қол қойылатын бонустың мөлшері)
_____________________________________________________________________
(рұқсаттың қолданылу мерзімі)
КЕЛІСІЛДІ:
Жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі | _____________________________ (Т.А.Ә., лауазымы) _____________________________ (қолы) |
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі | _____________________________ (Т.А.Ә.) _____________________________ (қолы) |
20 ж. " "
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі
_____________________________
(Т.А.Ә.)
_____________________________
(қолы)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 шілдедегі № 721 қаулысына 4-қосымша |
|
Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасына 4-қосымша |
Нысан
ӨТІНІШ
_____________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалану түрі)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темір жолдар
мен гидроқұрылыстарды салу (қайта жаңарту) және жөндеу кезінде
пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге жер қойнауын
пайдалану құқығына рұқсат беруді сұрайды
_____________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалану түрі және объектісі – кен орны, жер
қойнауының учаскесі)
Жер қойнауын пайдалану мақсаты
_____________________________________________________________________
(өндірілетін кең таралған пайдалы қазбалардың түрі және болжанатын
саны (көлемі)
1. __________________________________________________________________
(кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруді бастау мен аяқтаудың
болжанатын мерзімдері)
2. __________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
3. __________________________________________________________________
(қол қойылатын бонустың/коммерциялық табу бонусының ұсынылатын
мөлшері)
4. __________________________________________________________________
(басшының Т.А.Ә., лауазымы, кәсіпорын иесінің Т.А.Ә.)
_____________________________ (қолы) | ______________________________ Кәсіпорын басшысының Т.А.Ә. (лауазымы), жеке тұлғаның Т.А.Ә. |
20 ж. " "
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 шілдедегі № 721 қаулысына 5-қосымша |
|
"Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасына 5-қосымша |
Нысан
Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жүргізу алаңының
картограммасы
_________________________________________________________ өндіру үшін
____________________________________________________________ әзірледі
Орналасқан жері _____________________________________________________
Белдеу шекарасы картограммада көрсетілген және № __ бастап № __
қоса алғанда бұрыштық нүктелермен белгіленген.
бұрыштық нүктелер | бұрыштама нүктелердің координаталары | бұрыштық нүктелер | бұрыштық нүктелердің координаталары | ||
солтүстік ендігі | шығыс бойлығы | солтүстік ендігі | шығыс бойлығы | ||
Ауданы ___ шаршы км құрайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 шілдедегі № 721 қаулысына 6-қосымша |
|
"Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасына 6-қосымша |
Нысан
Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темір жолдар
мен гидроқұрылыстарды салу (қайта жаңарту) және жөндеу кезінде
пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге жер
қойнауын пайдалану құқығына
РҰҚСАТ
________________________________________________________________ үшін
_____________________________________________________________ берілді
(кімге)
_____________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалану түрі)
_____________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалану объектісі)
_____________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалану мақсаты)
_____________________________________________________________________
(қол қойылатын бонустың/коммерциялық табу бонусының мөлшері)
_____________________________________________________________________
(рұқсаттың қолданылу мерзімі)
КЕЛІСІЛДІ:
Жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі | _____________________________ (Т.А.Ә.) _____________________________ (қолы) |
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі | _____________________________ (Т.А.Ә.) _____________________________ (қолы) |
20 ж. " "
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі
_____________________________
(Т.А.Ә.)
_____________________________
(қолы)".