РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
«2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2013 жылға арналған республикалық бюджеттен білім беруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
1) бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің уақтылы және мақсатты пайдаланылуын;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің пайдаланылуы туралы есептер беруді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану мониторингін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 15 шілдедегі
№ 727 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары
бюджеттерінің білім беруге берілетін 2013 жылға арналған
республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттерді
пайдалану қағидалары
1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2013 жылға арналған республикалық бюджеттен білім беруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді мынадай республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша пайдалану тәртібін айқындайды:
1) 031 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» (оның ішінде кіші бағдарламалар бойынша):
102 «Үйде оқитын мүгедек балаларды жабдықтармен, бағдарламалық қамтыммен қамтамасыз ету»;
103 «Негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыру»;
2) 045 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқу-өндірістік шеберханаларын, зертханаларын жаңартуға және қайта жабдықтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер».
2. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар:
1) үйде оқитын мүгедек балаларды жабдықтармен, бағдарламалық қамтыммен қамтамасыз ету;
2) негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыру;
3) техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқу-өндірістік шеберханаларын, зертханаларын жаңарту және қайта жабдықтау жөніндегі іс-шаралар кешенін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларының және ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдердің (бұдан әрі - келісімдер) негізінде республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды жүргізеді.
5. Негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелер үшін химия кабинеттерінің оқу жабдықтарын, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқу-өндірістік шеберханаларын, зертханаларын жаңарту және қайта жабдықтау бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
6. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп береді.
7. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы есептер береді.