"ҚазАвтоЖол" акционерлік қоғамын қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 тамыздағы № 822 қаулысы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы болып қайта аталсын.
      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      С.Ахметов.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 21 тамыздағы
№ 822 қаулысымен  
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтыру

      1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      «Астана қаласы» деген бөлімдегі реттік нөмірі 21-156-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «21-156. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ».
      2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне» деген бөлімдегі реттік нөмірі 160-27-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «160-27. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ».
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      5. «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде:
      «Ұлттық компаниялар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 41-жолмен толықтырылсын:
      «41. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы».

О переименовании акционерного общества "ҚазАвтоЖол"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 августа 2013 года № 822

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 11 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года «О государственном имуществе» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Переименовать акционерное общество «ҚазАвтоЖол» в акционерное общество «Национальная компания «ҚазАвтоЖол».
      2. Утвердить прилагаемые изменения и дополнение, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.
      3. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан совместно с Министерством финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке принять меры, вытекающие из настоящего постановления.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 21 августа 2013 года № 822

Изменения и дополнение, которые вносятся
в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 1999 года № 405 «О видах государственной собственности на государственные пакеты акций и государственные доли участия в организациях» (САПП Республики Казахстан, 1999 г., № 13, ст. 124):
      в перечне акционерных обществ и хозяйственных товариществ, государственные пакеты акций и доли которых отнесены к республиканской собственности, утвержденном указанным постановлением:
      в разделе «г. Астана» строку, порядковый номер 21-156, изложить в следующей редакции:
      «21-156. АО «Национальная компания «ҚазАвтоЖол».
      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года № 659 «О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности»:
      в перечне государственных пакетов акций и государственных долей участия в организациях республиканской собственности, право владения и пользования которыми передается отраслевым министерствам и иным государственным органам, утвержденном указанным постановлением:
      в разделе «Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан» строку, порядковый номер 160-27, изложить в следующей редакции:
      «160-27. АО «Национальная компания «ҚазАвтоЖол».
      3. Утратил силу постановлением Правительства РК от 19.09.2014 № 995.
      4. Утратил силу постановлением Правительства РК от 28.08.2015 № 683.
      5. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2011 года № 376 «Об утверждении перечня национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний»:
      в перечне национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний, утвержденном указанным постановлением:
      раздел «Национальные компании» дополнить строкой, порядковый номер 41, следующего содержания:
      «41. Акционерное общество «Национальная компания «ҚазАвтоЖол».