"Ақылы жүруді ұйымдастыру үшін концессионерге немесе автомобиль жолдарын басқару жөніндегі заңды тұлғаға берілген автомобиль жолдары бойынша жүргені үшін концессионердің немесе автомобиль жолдарын басқару жөніндегі заңды тұлғаның пайдасына ақы алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 427 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 тамыздағы № 823 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 655 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.08.2015 № 655 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ақылы жүруді ұйымдастыру үшін концессионерге немесе автомобиль жолдарын басқару жөніндегі заңды тұлғаға берілген автомобиль жолдары бойынша жүргені үшін концессионердің немесе автомобиль жолдарын басқару жөніндегі заңды тұлғаның пайдасына ақы алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 427 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту үшін ақы алу қағидалары бекітілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ақылы жүруді ұйымдастыру үшін концессионерге немесе автомобиль жолдарын басқару жөніндегі заңды тұлғаға берілген автомобиль жолдары бойынша жүргені үшін концессионердің немесе автомобиль жолдарын басқару жөніндегі заңды тұлғаның пайдасына ақы алу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      С.Ахметов.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2013 жылғы 21 тамыздағы
№ 823 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2013 жылғы 30 сәуірдегі
№ 427 қаулысымен  
бекітілген     

Ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту үшін ақы
алу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту үшін ақы алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес әзірленді және ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту үшін ақы алу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) ақылы жүруді ұйымдастырушы – Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор немесе концессионер;
      2) ақылы жүруді ұйымдастыру – қазіргі заманғы ақы төлеу тәсілдерін, автокөлік құралдарының габариттерін, салмағын айқындайтын техникалық құралдарды пайдалану арқылы ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері) бойынша жүріп өту үшін ақы алу процесі;
      3) ақы алу пункті – ақылы автомобиль жолдарында (жол учаскелерінде) орналасқан, автокөлік құралдарын бақылау мен бірдейлендіруге мүмкіндік беретін техникалық құралдармен жабдықталған және онда автомобиль жолдарын пайдаланушылар жүріп өту үшін ақы төлеуді жүзеге асыратын өткізу пункті;
      4) POS-терминал – жүріп өту үшін ақы төлеу ретінде автоматты режимде қолма-қол ақша қабылдауды немесе төлем карточкаларын пайдалану арқылы қолма-қол жасалмайтын төлемдерді қабылдауды жүзеге асыратын электрондық-механикалық құрылғы;
      5) аралық шеп – автокөлік құралдарын, оның ішінде ақы алу пункттерін айналып өтіп ақылы автомобиль жолына (жол учаскесіне) шыққан автокөлік құралдарын бірдейлендіруге және есебін жүргізуге мүмкіндік беретін, ақылы автомобиль жолдарының (жол учаскелерінің) бойында орналасқан техникалық құралдар;
      6) қашықтықтан ақы төлеуге арналған құралдар – техникалық құрылғы, оны пайдалану кезінде автокөлік құралы ақы алу пункті арқылы жүріп өткен кезде ақылы автомобиль жолы (жол учаскесі) бойынша жүріп өту үшін ақы автоматты түрде жүзеге асырылады;
      7) автомобиль жолдарын пайдаланушылар – жол қозғалысына қатысушылар болып табылатын немесе автомобиль жолдарына бөлінген белдеу мен жол бойындағы белдеу шегінде өзге де қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.
      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

2. Ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту
үшін ақы алу тәртібі

      3. Автокөлік құралдарының ақылы жүріп өтуін ұйымдастыру ақылы автомобиль жолдарына (жол учаскелеріне) өту мен шығу жолдарында орналасқан ақы алу пункттерінде жүзеге асырылады.
      4. Ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту автомобиль жолын пайдаланушының Ұлттық оператормен немесе концессионермен жасасқан шарты негізінде жүзеге асырылады. Ақылы автомобиль жолына (жол учаскесіне) кіру пунктін кесіп өткен кез шартты жасасу кезі болып табылады. Ұлттық оператор немесе концессионер мен ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдаланушылар арасындағы ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдалануға арналған шарт жария шарт болып табылады.
      5. Автомобиль жолдарын пайдаланушылардан жүріп өту үшін ақы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері) бойынша жүріп өту үшін ақы ставкасына сәйкес алынады.
      6. Ақылы автомобиль жолы (жол учаскесі) бойынша автокөлік құралдарының жүріп өту үшін ақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі.
      7. Ақылы жүруді ұйымдастырушы ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдаланушылар үшін жүріп өту үшін ақы төлеудің мынадай тәсілдерін қамтамасыз етеді:
      1) ақы төлеу жүргізгенін растайтын құжат пен артық ақшаны қайтарып беру арқылы POS-терминалға қолма-қол ақшамен;
      2) POS-терминал арқылы төлем карточкасынан қолма-қол жасалмайтын төлем арқылы;
      3) қашықтықтан ақы төлеуге арналған құралдардың көмегімен алдын ала ақы төлеу.
      8. Ақылы жүруді ұйымдастырушы ақылы автомобиль жолына (жол учаскесіне) шығу алдында ақылы автомобиль жолына (жол учаскесіне) шығу туралы ақпараттық табло орнатады. Ақпараттық таблода сондай-ақ мынадай ақпарат орналастырылады:
      1) ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту үшін ақы ставкалары;
      2) учаскенің ұзындығы;
      3) жүріп өту үшін ақы төлеудің ықтимал тәсілдері;
      4) ақылы жолдарды (жол учаскелерін) пайдаланғаны үшін ақы төлеуден босатылған автомобиль жолдарын пайдаланушылардың тізбесі;
      5) басқа да пайдалы ақпарат.
      9. Ақылы жүруді ұйымдастырушының ақы алу пункттерінде өз өкілдері бар, олар ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту мен ақы төлеу тәртібіне қатысты пайдаланушыларға туындаған сұрақтар бойынша түсініктеме береді.
      10. Ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) автокөлік құралдарының ақылы жүріп өтуін ұйымдастыруды ақылы жүруді ұйымдастырушы ақы алу пунктінде жол кептелістері қалыптаспайтындай қамтамасыз етеді.
      11. Ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту үшін қашықтықтан ақы төлеуге арналған құралдардың көмегімен ақы төлеу үшін ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдаланушылар жүрместен бұрын алдын ала қашықтықтан ақы төлеуге арналған құралды ол сатылатын жерлерде сатып алады және оны осы құралдарға қоса берілген нұсқамаға сәйкес пайдаланады.
      12. Егер ақы алу пункті арқылы жүріп өткен кезде автомобиль жолын пайдаланушының ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту үшін ақы төлеуді жүзеге асыру мүмкіндігі болмаса, ақы төлеу үшін шотты ақылы жүруді ұйымдастырушы автокөлік құралының иесіне автокөлік құралының тіркелген мекенжайы бойынша жібереді.
      13. Ақы алу пункті және/немесе аралық шеп арқылы жүріп өткен кезде ақылы жүруді ұйымдастырушы бірдейлендіруші техникалық жабдық арқылы автокөлік құралдары туралы деректерді жинауды және тіркеуді жүзеге асырады.
      Мұндай деректер автокөлік құралының тіркеу нөмірлік белгісін, жүріп өту күні мен уақытын бекітетін автокөлік құралдарының бейнесуреті болып табылады.
      14. Осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген деректер тиісті пайдаланушылардың ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) нақты пайдаланғанын растау болып табылады және құпия ақпарат болып табылады.
      Ақылы жүруді ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, оған үшінші тұлғалардың қолжетімділігін шектейді. Деректер ақылы жүруді ұйымдастырушының серверлік жабдығында жинақталады және бір жыл бойы сақталады.
      15. Егер автокөлік құралы ақы алу пунктін айналып өтіп ақылы автомобиль жолына (жол учаскесіне) өткен болса, мұндай көлік құралы туралы деректер аралық шептерде белгіленіп, ақы мөлшерін айқындау үшін және автокөлік құралының кейіннен ақылы автомобиль жолы (жол учаскесі) арқылы шығуы кезінде ақы алу үшін ақы алу пунктінің жабдығына жіберіледі.
      16. Автокөлік құралы ақы алу пунктін айналып өтіп ақылы автомобиль жолынан (жол учаскесінен) шығып кеткен жағдайда жүріп өту үшін ақы осы Қағидалардың 11-тармағында белгіленген тәртіппен автокөлік құралының иесінен алынады.
      17. Автокөлік құралы ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) басқа автокөлік құралын сүйреп жүріп өткен жағдайда ақы көлік құралдарының екі бірлігінен де алынады.
      18. Ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін), оның ішінде концессияға берілген ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдаланғаны үшін ақы төлеуден:
      1) қызметтік міндеттерін орындаған кезде:
      жедел медициналық жәрдем ұйымдарының;
      өртке қарсы қызметтің;
      авариялық-құтқару қызметтерінің;
      жол-патруль қызметінің;
      әскери техниканың арнаулы автокөлік құралдары босатылады;
      2) қала маңындағы қатынастарда және ақылы автомобиль жолына (жол учаскелеріне) іргелес елді мекендерді: кенттерді, ауылдарды аудан немесе облыс орталықтарымен, астанамен немесе республикалық маңызы бар қалалармен қосатын қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автобустар;
       ақылы автомобиль жолына (жол учаскесіне) іргелес аудандардың аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген автобустары бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін;
      жүк автокөлік құралдары, өздігінен жүретін доңғалақты ауыл шаруашылық, мелиорациялық машиналар таяу көлікке арналған айрықтары арасындағы жол кесінділері шегінде су тосқауылдары мен темір жолдарды кесіп өту үшін;
      ақылы автомобиль жолына (жол учаскесіне) іргелес аудандардың жеке заңды тұлғаларының аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген жеңіл автомобильдерді бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін босатылады.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 апреля 2013 года № 427 "Об утверждении Правил взимания в пользу концессионера или юридического лица по управлению автомобильными дорогами платы за проезд по автомобильным дорогам, переданным для организации платного проезда концессионеру или юридическому лицу по управлению автомобильными дорогами"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 августа 2013 года № 823. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 августа 2015 года № 655

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 20.08.2015 № 655 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 апреля 2013 года № 427 «Об утверждении Правил взимания в пользу концессионера или юридического лица по управлению автомобильными дорогами платы за проезд по автомобильным дорогам, переданным для организации платного проезда концессионеру или юридическому лицу по управлению автомобильными дорогами» следующие изменения:
      заголовок изложить в следующей редакции:
      «Об утверждении Правил взимания платы за проезд по платной автомобильной дороге (участку)»;
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      «1. Утвердить прилагаемые Правила взимания платы за проезд по платной автомобильной дороге (участку).»;
      Правила взимания в пользу концессионера или юридического лица по управлению автомобильными дорогами платы за проезд по автомобильным дорогам, переданным для организации платного проезда концессионеру или юридическому лицу по управлению автомобильными дорогами, утвержденные указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       С. Ахметов

Приложение        
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 21 августа 2013 года № 823

Утверждены       
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 30 апреля 2013 года № 427

Правила взимания платы за проезд
по платной автомобильной дороге (участку) 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила взимания платы за проезд по платной автомобильной дороге (участку) (далее – Правила) разработаны в соответствии со статьей 5 Закона Республики Казахстан от 17 июля 2001 года «Об автомобильных дорогах» (далее – Закон) и определяют порядок взимания платы за проезд по платной автомобильной дороге (участку).
      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:
      1) организатор платного движения – Национальный оператор по управлению автомобильными дорогами или концессионер;
      2) организация платного проезда – процесс взимания платы за проезд по платным автомобильным дорогам (участкам) с использованием современных способов оплаты, технических средств определения габаритов, массы автотранспортных средств;
      3) пункт взимания платы – пропускной пункт, расположенный на платной автомобильной дороге (участке), оборудованный техническими средствами, позволяющими контролировать и идентифицировать автотранспортные средства, и на котором пользователями автомобильной дороги осуществляется плата за проезд;
      4) POS-терминал – электронно-механическое устройство, осуществляющее в автоматическом режиме прием наличных денег либо безналичных платежей с использованием платежных карточек в качестве оплаты за проезд;
      5) промежуточный рубеж – расположенные вдоль платной автомобильной дороги (участка) технические средства, позволяющие идентифицировать и вести учет автотранспортных средств, в том числе въехавших на платную автомобильную дорогу (участок) в обход пунктов взимания платы;
      6) средства для дистанционной оплаты – техническое устройство, при использовании которого осуществляется автоматическая оплата за проезд по платной автомобильной дороге (участку) при проезде автотранспортного средства через пункт взимания платы;
      7) пользователи автомобильными дорогами – физические и юридические лица, являющиеся участниками дорожного движения или осуществляющие иную деятельность в пределах полосы отвода автомобильных дорог и придорожной полосы.
      Иные понятия и определения, используемые в настоящих Правилах, применяются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

2. Порядок взимания платы за проезд по платным
автомобильным дорогам (участкам)

      3. Организация платного проезда автотранспортных средств осуществляется на пунктах взимания платы, располагаемых на въездах и выездах на платные автомобильные дороги (участки).
      4. Проезд по платной автомобильной дороге (участку) осуществляется на основании договора пользователя автомобильной дороги (участка) с Национальным оператором или концессионером. Моментом заключения договора является момент пересечения пункта  въезда на платную автомобильную дорогу (участок). Договор на пользование платными автомобильными дорогами (участками) между Национальным оператором или концессионером и пользователями платными автомобильными дорогами (участками) является публичным.
      5. Плата с пользователей автомобильных дорог за проезд взимается в соответствии с утвержденными Правительством Республики Казахстан ставками платы за проезд по платным автомобильным дорогам (участкам).
      6. Плата за проезд автотранспортных средств по платной автомобильной дороге (участку) производится в национальной валюте Республики Казахстан.
      7. Организатор платного движения обеспечивает для пользователей платной автомобильной дороги (участка) следующие способы оплаты за проезд:
      1) наличными деньгами, посредством внесения наличных денег в POS-терминал с выдачей сдачи и документа, подтверждающего факт оплаты;
      2) безналичным платежом, посредством платежной карточки через POS-терминал;
      3) предварительная оплата при помощи средств для дистанционной оплаты.
      8. Организатор платного движения перед въездом на платную автомобильную дорогу (участок) размещает информационное табло с уведомлением о въезде на платную автомобильную дорогу (участок). На информационном табло также размещается следующая информация:
      1) ставки платы за проезд по платной автомобильной дороге (участку);
      2) протяженность участка;
      3) возможные способы оплаты за проезд;
      4) перечень пользователей автомобильной дорогой, освобожденных от платы за ее пользование;
      5) другая полезная информация.
      9. Организатор платного движения имеет своих представителей на пунктах взимания платы, которые дают разъяснение пользователям по возникающим у них вопросам касательно порядка оплаты и проезда по платным автомобильным дорогам (участкам).
      10. Организация платного проезда автотранспортных средств по платным автомобильным дорогам (участкам) обеспечивается организатором платного движения таким образом, чтобы на пункте взимания платы не образовывались дорожные заторы.
      11. Для оплаты за проезд по платным автомобильным дорогам (участкам) при помощи средств для дистанционной оплаты пользователи платной автомобильной дорогой (участком) заблаговременно до проезда по платной дороге (участку) приобретают средство для дистанционной оплаты в местах их распространения и используют его в соответствии с  инструкцией, прилагаемой к данным средствам.
      12. В случае если при проезде через пункт взимания у пользователя автомобильной дороги отсутствует возможность осуществления оплаты за проезд по платной автомобильной дороге (участку), счет для оплаты направляется организатором платного движения владельцу автотранспортного средства по месту регистрации автотранспортного средства.
      13. При проезде через пункты взимания платы и/или промежуточные рубежи организатор платного движения осуществляет регистрацию и сбор данных об автотранспортных средствах посредством идентифицирующего технического оборудования.
      Такими данными являются видеоизображение автотранспортного средства с фиксацией его регистрационного номерного знака, даты и времени проезда.
      14. Данные, указанные в пункте 12 настоящих Правил, являются подтверждением фактического пользования соответствующими пользователями платной автомобильной дорогой (участком) и конфиденциальной информацией.
      Организатор платного движения ограничивает доступ к указанным данным третьих лиц, за исключением случаев, предусмотренных законодательством Республики Казахстан. Данные собираются и хранятся на серверном оборудовании организатора платного движения в течение одного года.
      15. В случае если автотранспортное средство въехало на платную автомобильную дорогу (участок) в обход пункта взимания платы, данные о таком транспортном средстве фиксируются на промежуточных рубежах и передаются на оборудование пункта взимания платы для определения размера платы и взимания платы при последующем выезде  автотранспортного средства с платной автомобильной дороги (участка).
      16. В случае выезда автотранспортного средства с платной автомобильной дороги (участка) в обход пункта взимания платы, плата за проезд взимается с владельца автотранспортного средства в порядке, установленном в пункте 11 настоящих Правил.
      17. В случае проезда по платным автомобильным дорогам (участкам) автотранспортного средства, буксирующего другое автотранспортное средство, плата взимается с обеих единиц автотранспорта.
      18. От платы за пользование платными автомобильными дорогами (участками), в том числе переданными в концессию, освобождаются:
      1) специальные автотранспортные средства при исполнении служебных обязанностей:
      организации скорой медицинской помощи;
      противопожарной службы;
      аварийно-спасательных служб;
      дорожно-патрульной службы;
      военной техники;
      2) автобусы, осуществляющие регулярные перевозки пассажиров и багажа в пригородных сообщениях и сообщениях, соединяющих населенные пункты, прилегающие к платной автомобильной дороге (участку):
      поселки, села с районными или областными центрами, столицей или городами республиканского значения;
      автобусы районов, прилегающих к платной автомобильной дороге (участку), зарегистрированные в установленном порядке на территории указанной административно-территориальной единицы, для перемещения в пределах одного района;
      грузовые автотранспортные средства, колесные самоходные сельскохозяйственные, мелиоративные машины в пределах отрезков между ближайшими транспортными развязками для пересечения водных преград и железных дорог;
      легковые автомобили физических и юридических лиц районов, прилегающих к платной автомобильной дороге (участку), зарегистрированные в установленном порядке на территории указанной административно-территориальной единицы, для перемещения в пределах одного района.